(Колледж мұғалімінің өтінішіне байланысты жазылған).
Кітап – адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі. Ол – адамзат үшін ғасырдан ғасырларға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің, соның ішіндегі сөз өнерінің туындысы, ғалым адам мен қаламгердің жемісі. Әу баста сол рухани өлшем мен адам ақыл-ойының ажырамас тұнығындай болып көрініс тапқан кітап енді өзін оқыған, пайдаланған адамға да қызмет ете отырып, сол жанды да рухани тұрғыдан байытады, білім-білігін ұштайды, сенімді серігі, ажырамас досына айналады.
Замана легіне теледидар ілесті, қоғам көшіне ғаламтор иелік ете бастады. Бұлар адамзат өміріне кітаптан кейін келген дүниелер еді. Бірақ бір қызығы, теледидар да, ғаламтор да кітаптың орнын алмастыра алып кете алған жоқ. Оқырман санын кемітті деген сөз алмастырды деген сөз емес. Кітап өзінің әу бастағы тұғырында қала береді. Мысалы, адам тұрақты теледидар қараушы немесе адам белсенді ғаламтор қолданушысы болып келуі мүмкін, бірақ оның жан-дүниесінде рухани тұрғыдан кемшіндік болуы да ғажап емес. Мұның жалғыз ғана себебі оның нашар оқырман болғандығында да жатуы мүмкін. Себебі басты рухани байлық – кітапта.
Кітап сонымен бірге ақпарат пен техника дәуірі, жаңа технологиялардың заманында да бірден-бір білім беруші құрал ретінде қала береді. Кітап ғаламтордан уақыт тұрғысынан алғанда ұтылуы мүмкін, бірақ адамға дайын ақпараттарды ұсынушы емес, терең сезімге, өзіндік ойлауға үйрете отырып, білім береді. Адамды ізденімпаздыққа жетелейді, ой-өрісін ұштайды.
Ал сонымен бірге кез келген қызметкердің, соның ішінде мемлекеттік қызметкердің шешендік өнеріне де, аудиторияны өзіне қарата, тарта білуіне де кітаптың көмегі өте зор. Өйткені ол – тіл байлығын қалыптастырушы құрал. Осымен бірге кітаптың тәлім-тәрбиелік, имани құндылықтарды адам бойына сіңіре алатындай қасиеті теледидар мен интернеттен жоғары тұрмаса, кем тұрмақ емес.
Демек, кітап – бүгінгі күн тұрғысынан алғанда да маңызын жоймаған дүние. Ендеше, қоғамның сан-салалы мақсаттарының ішіндегі ажырамас бір мақсаты ол – үнемі жас оқырман тәрбиелеп отыру. Бұл оқу орындары үшін де, басқа да қоғамдық ұйымдар үшін де абыройлы әрі үздіксіз жүре беретін міндет болмақ.
Ерекн
Жахсы
Ақбота
Өтте жақсы шығарма екен. Ұстазым риза болып қалды сіздерге көп рахмет
КАНИБЕК АҚНИЕТ
Өте жақсы шығарма екен.маған өте қатты ұнады. Көп көп рахмет.
Нуртазина Дильназ
Өте күшті шығарма.bilim-all.kz әрдайым мені құтқарады.
Гүлдана
Маған қатты ұнады
Сагинтаева Альбина
Көп көп рахмет! Маған өте қатты ұнады
АРУКА
маган қатты ұнады.жариялаи беріңдер
Ердәулет
Маған қатьы ұнады.Өте жақсы жазылыпты.Маған көп көмектесті.
Индира
Керемет маған өте ұнады
Жақсы,пайдалы сайттардың бірі "bilim all.kz"
Bilim all.kz болмағанда не болар еді???
Даниал
жақсы жазылған шығарма. Маған бұл қатты көмектесті
Аяулым
маған қаты ұнады жақсы жазылған көп көп рахмет
Нази
өте керемет қатты ұнайды
Фри
Өте күшті шығарма
Сиздерде гулама акындардын жазып кеткен жазбалары
Кушти екен бирак китап асыл казына дегенге накыл соз барма
АРУКА
оте керемет шгарма маганда апайымада катты унады керемет екен
Гули
Өте керемет шығарма . Көп көмек берді . Рахметтттт.
Е.Лаура
Маган каты унады
Нұрым
Ғабиден Қожахмет, шығармаларыңыз керемет!!!
Еркебұлан
Сайттың аты білім ал емес көшіріп ал деп қою керек
Мейрамбек
Еркебұлан, Ғабиден ағамыз сенен сұрап жариялау керек па өз еңбегін? Жоқ сенің еңбегің ба?
Марат
Керемет
Ералы
Өте керемет шығарма екен,маған ұнады
Дариға
Күшті тура мен іздеген шығарма
ОРЫНБАСАР ЕРКЕБҰЛАН
Өте жақсы
Гаухар
Кітап қазіргі адамдар мен оқушылардың өмірі болып есептеледі.Себебі кітапсыз өмір сүре алмайсың.Кітап оқысаңдар ғана жақсы жұмысқа тұрып,ақша тауып өз күнін өзі көруге болады.
Инжу
Маган бул шыгарма коп комектесты коп коп Рахмет сыздерге
Шахидана
Өте жақсы шығарма екен
Балнур
Маган катты унады сиздерге коп рахмеееееет!
Асик
Өте керемет мәлемет♥♥♥
Нурболат
20.04.2020 өте керемет кушты
Myrza
Өте керемет
Гулсім
Өте тамаша маған унады
Димаш
Жарайсындар
Акерке
Сен болмасаң мен не істер едім
Нурдаулет
Өте жақсы екен
Айша
Жақсы екен
Дариға
Өте керемет жазылған екен.
Дариға
Өте керемет маған ұнады
Дина
Кыапты достар коп
окыныздар
Дина
Оте кушты ❤❤❤❤