Білім беру саласын жан басына қарай қаржыландыру жүйесі мектептер арасындағы бәсекелестікті күшейтіп, білім беру сапасын көтереді деген жоспар бар. ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, келесі жылы бір оқушыға бөлінетін бюджет ақшасы 300 мың теңгеге дейін артады.
«Алдағы үш жылда орта білім саласын жан басына қарай қаржыландыру жүйесінің қазіргі пилоттық жобасын кеңейту көзделіп отыр. 2018 жылы қыркүйек айынан бастап Астананың барлық 85 мектебі аталған жүйеге көшеді. 2019 жылда оған 239 мектебімен Алматы қаласы да қосылады. Ал 2020 жылдан бастап республиканың 3 981 мектебінде жан басына қаржыландыру жүйесі енгізіледі», - деді Сұлтанов бүгін «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңның жобасын таныстыру барысында.
Оның айтуынша, бір оқушыға кететін орташа шығындардың мөлшері 299,4 мың теңгені құрайды. 2017 жылда аталған көрсеткіш 206,6 мың теңге көлемінде белгіленген.
Жалпы, елімізде білім беру саласына жан басына қарай қаржыландыру жүйесін енгізу шараларына 153,9 миллиард теңге қарастырылған. Ал барлық білім беру жүйесін дамытуға 2018-2020 жылдар ішінде 1 трлн 108,9 миллиард теңге жұмсалады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Алма
Одан кейін бір сыныпқа 50-60 адам жинап, білімнің сапасы төмендеп кетпесе болды :-)
Гулайна
Жақсы сайт екен. Маған өте ұнады.
Мадина
бұл саясат, қазақтарды білімсіздікке итермелеу.. жоғарыдағылар бір-бірінен жарысып ойлап тауып жатқандары, әтең, әтең