Қазақстанда ақылы оқуға түскісі келген талапкерлерді ұлттық бірыңғай тестілеуден босату мәселесі талқылануда. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалар» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау барысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.
«Өздеріңізде білетіндей, «Ақ жол» партиясы еліміздің жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсетіндер үшін ұлттық бірыңғай тестілеуді алып тастау туралы бастама көтерген болатын. Қазіргі таңда біз мәселені егжей-тегжейлі талқылап жатырмыз. Ұлттық бірыңғай тестіні мемлекеттік білім гранттарын бөлу құралы ретінде қалдыру ұсынылған болатын», - деді Ерлан Сағадиев.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жандос Аманов
Дұрыс шешім де шығар бірақ, біздің менталитетке сүйенетін болсақ тек диплом ғана қажет деген қалталылардың балдары оқи қоймас. Бірақ олар кәзір де оқымайды емес пе?
Адай
Білім іздегендерге кеңесім Қазақстанда оқымаңдар. ҰБТ деп басты ауыртудың қажеті не? Сапалы университет жоқ Қазақстанда. Шетелге кетіңдер