Өлең, жыр, ақындар

Қазақстанда ұлдар мен қыздар бөлек оқытылуы мүмкін бе?

Бұл сауалдың жауабын бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалар» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау барысында ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев берді, деп ҚазАқпарат хабарлайды.

Айта кетерлігі, парламенттік тыңдау барысында сенатор Сәрсенбай Еңсегенов министрден: «Тәрбиесіз білімнің зияндылығы, тіпті қауіптілігі туралы орта ғасырда өмір сүрген ойшылдар айтып кеткен. Сондықтан мектептегі білім беру тәрбиемен бірге жүру керек деп ойлаймын. Рухани жаңғыруда айтылған ұлттық кодты енгізуде мектеп тәрбиесінің берері көп. Осы орайда соңғы кездері бөліп оқыту мәселесі айтылуда. Әсіресе, қыз балаларға арналған арнайы мектептер болса деуде. Оның ғылыми негіздемесі де жазылып жүр. Осы мәселеге орай сіздің көзқарасыңызды білгім келеді», - деген еді.

Осы мәселеге қатысты көзқарасын білдірген министр мұндай ұсынысты дұрыс емес деп санайтындығын айтты.

«Менің ойымша, Қазақстанда қыздарға, ұлдарға арналған мектептердің болуы дұрыс емес. Бізде ондай дәстүр болмаған. Енді оны саламыз десек, онда алдымен қоғамдық үлкен пікірлесу жұмыстарын жүргізіп алуымыз керек»,- деді Ерлан Сағадиев.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Әсел

Бір жағынан дұрыс та шығар))) ҚТЛ - лер сондай емес пе?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар