Өлең, жыр, ақындар

Әлеуметтік желіде оқулықтағы интимдік сурет деп жалған ақпарат таратқан адам анықталды - ҚР ІІМ

Әлеуметтік желіде оқулықтағы интимдік сурет деп жалған ақпарат таратқан адам анықталды.

Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті.

«Астана қалалық ішкі істер департаменті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 274 бабы 3 тармағы (қасақана жалған ақпарат тарату) бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің  интимдік суреттері бар оқулықтар деп әлеуметтік желіде қасақана таратылған жалған факті бойынша арызы тіркелді. Қазіргі уақытта кешенді тергеу іс-қимылдары және жедел іздеу шараларының нәтижесінде аталған қылмысты жасауға қатысы бар тұлға анықталды. Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды, орын алған жағдайды толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған басқа да тергеу амалдары жүргізілуде. Нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданатын болады», - деді Алмас Садубаев.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ведомствоға қарасты заңгерлік жұмыстармен айналысатын департамент аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғау туралы арыз бергенін айтқан еді.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Əділ

Тұманбай Молдағалиев келдіңбе балам өленнінің сөзі керек еді өтініш тауып беріндерші

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар