Өлең, жыр, ақындар

Алма және оның пайдасы мен зияны

Оңтүстік Қазақстан обылысы, Шардара ауданы
№16 колледж МКҚК Сапа менеджмент жүйесі
Дайындаған: ТҰ-43 топ студенті Рысмұрат Болдықыз Мұхтарқызы
Жетекшісі арнайы пән оқытушы Закираева Роза Турсынбаевна

 

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлімі

Қазақстанда өсетін алмалар және олардың көптүрлілігі. Алманың түрлері.
Алманың зиянкестері
Алмадан жасалынатын тағамдар.

Зерттеу бөлімі

Алманың құрамындағы дәрумендер
Алманың адам ағзасына пайдасы
Алманың отаны

Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер

 

Аңдатпа

Шығармашылық - ізденіс жұмысты жазу барысында студент алманың пайдасы мен зиянын айтып өтті. Жазу барысында жалпы алмадан жасалынған тағамдарды шамадан тыс тұтынудың зияндығын, алманың құрамында темірдің көп екендігін сипаттады. Жұмыстың мақсаты, адам өміріндегі алманың маңызын анықтау. Алманың құрамындағы дәрумендерді анықтау жолдарын қарастыру. Алманы шамадан тыс тұтынбау. Зерттеу жұмысында: Қазақстан жерінде де кеңінен тарала отырып, адамзат өмірінде алып отырған орнын көрсетуге, адам өмірінің денсаулығын жақсартуда көптеген шипалық қасиеттерінің қыр-сырын ашуға тырысқан.

Студент бұл шығармашылық ізденіс жұмысты жазу барысында көп ізденгені байқалды. Алма жемісінің құрамында адам денсаулығына қажетті және пайдалы дәрумендердің жеткілікті мөлшері бар. Осы заттардың пайдалы жақтарын көрсете отырып, олардың қандай ауруларға шипасы бар екендігін жүйелеп, талдап көрсеткен. Жалпы алғанда ғылым жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.

Өндірістік оқыту шебері: Закираева Роза

Жұмыстың мақсаты: Адам өміріндегі алманың маңызын анықтау. Алманың құрамындағы дәрумендерді анықтау жолдарын қарастыру

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- Денсаулыққа дұрыс көз қарас қалыптастыру;
- Емдік мақсаттағы және басқа да пайдалы қасиеттерінің маңыздылығын білу;
- Алмадан жасалатын тағамдар мен сусындардың жасалу жолын көрсету;
- Алманың құрамында көптеген дәрумендердің бар екенің көз жеткізу, оның ішінде темірге тоқталып, күнделікті пайдалануды ұсыну;

Кіріспе

Саулық тілесең көп жеме

                  Әлішер Науаи

Алма (лат. malus) — раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі. Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10-12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 4—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100—300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүзеге асады.

Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.

Негізгі бөлім

Қазақстанда өсетін алмалар және олардың көптүрлілігі

Қазақстанда негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м болады. 3-12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100-300 ц өнім алынады. Тұқымнан және өсімді (вегатативті) жолмен көбейеді. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл. Ал, 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу – әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс.

Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүргізіледі. Қазақстанда алманың 40-тан астам сорттары будандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатаушапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді.

Алманың түрлері

Алманың түрлері:

•  Антоновка – дәмі қышқыл, хош иісті, 3-4 айға дейін сақталады.
•  Багайлық мальт – фарфор түсті, орташа, шырыны көп, қышқыл-тәтті, дәмі кермек.
•  Сұрғылт анис – жемісі шырынға бай, қышқыл дәмді, 2 айға сақталады.
•  Мичуриндік бессемянка - жемісі ірі (120-130 г), түсі сарғыш - жасыл, нәзік шырынды, дәмі қышқыл тәтті, хош иісі бар.
•  Мичурин естелігі – жемісі ірі (100 – 110 г). Түсі ашық қызыл, шырынды, қышқыл дәмді сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай. Қысқы сұрып.
•  Жас натуралист – жемісі ірі (110 – 120 г), Түсі жасыл-сары, құрамында минералды заттары бар, шырынды, дәмі қышқыл-кермек.
•  Күздік шаттық – жемісі ірі (100-110 г), дәмі қышқыл – тәтті, хош иісті, сұрғылт түсті. Тасымалдауға, сақтауға жарамды.
•  Жазғы алтын – жемісі орташа жемісі (100-115 г.) Дәмі қышқыл-тәтті, тағамдық заттарға бай, әрі жақсы өңделеді.
•  Ерте пісетін қызыл алма – жемісі орташа (70-90 г), нәзік шырынды, қышқыл-тәтті.
•  Россошан алмасы – жемісі орташа және ортадан жоғары мөлшер. Етті, түсі ашықжасыл, шырынды, қышқыл емес тәтті дәмі бар.
•  Мелба – шырынды оңтүстік алмасы, дәмі қышқыл-тәтті дәмді, хош иісі бар. Жемісі тамыз айының ортасында піседі.
•  Шілделік черненко – жас ағаш жемісінен салмағы (80-100 г.) алма алынады. Дәмі қышқыл-тәтті, бұл жазғы сұрып. Тамыз айының ортасында жеміс береді
•  Кинга – жемісінің салмағы 115 г. Түсі жасыл-сарғыш, сақталған сайын сары түске айналады. Еті тығыз, шырынды, дәмі тәтті.

Алманың зиянкестері

Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіші. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.б.

Алмадан жасалынатын тағамдар

Алма мусы

Алманың әсіресе қышқыл сұрыптарын тазалап жуып, шанышқымен түйреп тесіп, табаға салады да, 15—20 минутқа пешке қояды. Піскен ыстық алманы үккіштен өткізіп, оған суытылған қант шәрбатын құйып, жұмыртқаның ақуызын қосып, көпіршіп қоймалжың болғанша жақсылап араластырады. Егер қышқылы кем болса, онда оған 1/2 шай қасық лимон шырынын қосу керек. Дастарқанға салқындатып қояды. 500 г алмаға: 2/3 стақан қант мен 3 жұмыртқаның ақуызы керек.

Алма пудингі

Алманы тазалап жуып, тат баспайтын пышақпен өзегі мен қабығынан тазартып, әр алманы 4-ке бөліп, сары май салынған табаға аздап қуыру қажет. Бидай ұнына қант және ас содысын қосып, жақсылап араластырып, май, жылы сүт пен жұмыртқа қосып қамыр дайындайды. Содан соң алма біраз суығаннан кейін қамырмен араластыру керек. Алма қосылған қамырды май жағылған және кепкен нан себілген табаға салып, бетін тегістеп, пешке қойып, 30 минут пісіреді.

Қамырға орап пісірген алма

Иленген қамырды (қалыңдығы 1-2 cм) төрт бұрыштап, алма орауға болатындай шамамен кеседі. Алманы тазалап жуып, ортасындағы өзегін алып, өзектің орнына қант себеді де, жаңағы жайылған қамырға орап, үстіне қант сеуіп, суланған қаңылтыр табаға салады. Әр алманың үстіне бес жұлдызшалап қамыр салып, оның бетіне жұмыртқа уызын жағып әсемдеуге болады. Қаңылтыр табаны ыстық пешке қойып, 10-15 минут өткеннен кейін, отын азайтып, тағы 8-10 минут ұстау қажет. Тағам дайын болған кезде оны қалақпен немесе ұшы доғал келген пышақпен табадан алып, бетіне қант себу керек. Бұл — ыстық немесе салқын күйінде де жеуге болатын тағам.

Жаңғақ қосқан алма

Жұмыртқаға қант қосып, әбден ақкөбік болғанша араластырып, оған өсімдік майын, ұн, аршылған алма (үгін), майдаланған жаңғақ, лимонның қабығын немесе оның үгіндісін қосады. Қоспаны араластырады, оны май жағылып, ұн себілген шойын табаға салып пісіреді. Піскен тағам суытылып, бетіне қант себіліп, бірнеше бөлшекке кесіліп, сонан соң дастарқанға қойылуға тиіс.

Жібітілген алма

Жібітуге қышқыл дәмі бар, орташа және ұсақ алмалардың күздік және қыстық сұрыптары (Антоновка, Анис, Литовский пепин, Осеннее полосатое) пайдаланылады. Ашық түсті алмалар мен оның жаздық сұрыптары, жібітуге жарамсыз. Алманы жинап алған соң, 15 күннен кейін жібітсе, оның сапасы онан сайын арта түседі. Жібітерден бұрын алманы ірі-ұсағына қарай іріктеп, зақымдалған алмалар бөлек алынуға тиіс. Алманың сұрпын бөлектеп қатар-қатар етіп қойып, әрқайсысын 30-50 кг-дық бөшкелерге салады (қыш ыдысқа салып та жібітуге болады). Бөшкені алма салмастан бұрын ыстық сумен жуу керек. Содан кейін оған алманы қатарлап салып, оның ең астыңғы қабатына және жан-жағына, бетіне, ыстық суға жуылған қара бидайдың немесе бидайдың сабанын төсейді. Сонда жібітілген алма әдемі сарғыш түске еніп, дәмі жақсарады. Алманы бөшкеге саларда арнайы қоспалар (бір бөшкеге: 150 г эстрагон, 250 г шие жапырағы немесе қара қарақат жапырағы) салуға болады. Алма толтырылған бөшкенің қақпағын жақсылан жауып, арнайы қалдырылған саңылау арқылы тұздық құяды. Саңылауды тығынмен онша тығыздамай жауып, 150С температурада 5-6 күн ұстап, көбіктенген кезде саңылаудан көбігін алып, жаңа тұздық құяды да (өйткені алма көп ылғал қажет етеді), саңылауды тығыздап жабады. Сөйтіп алманы жертөледе 20 С пен 50 С аралығында сақтайды. Жалпы алма сақталатын жердің температурасы 120 С-тан аспауы тиіс. Жібітілген алманы 30-40 күннен кейін жеуге болады. Оны көкөніс салатын, «провансаль» капустасын жасау үшін, сондай-ақ гарнир ретінде пайдалануға болады. 10 л тұздық дайындауға: 9,5 л су, 250 г қант (қанттың орнына 2 есе бал салуға болады), 150 г тұз, 150 г қара бидай ұнын пайдаланады.

Алма джемі

Джем дайындау үшін алманың кез келген сұрпы жарайды. Әсіресе Антоновка, Папировка, Анис сұрыптарын пайдаланған жөн. Алманы жуып, бөлшектел турап, өзегінен тазартып (қараймай тұрып), оны сірке суымен аздап қышқылдандырылған немесе тұзды су құйылған ыдысқа салады. Сосын оны алма қайнатылатын ыдысқа аударып салып, су құйып (1 кг алмаға 2-2 стақан су) қайнату қажет. Қайнатқан кезде, оны үнемі араластырып отыру керек. Алманы қайнату уақыты 10-15 минуттан аспауы тиіс. Егер суы аз болған жағдайда, тағы 1 стақан су құюға болады. Алмалы оттан түсіріп, оған қант немесе қант шәрбатын қосып, қайтадан отқа қойып, араластыра отырып тағы 30 минут қайнату қажет.

Технологиялық карта

Тағамның атауы: Алмадан кисель

Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы

  Дайын тағамның қысқаша мінездемесі

 

  Шаймен ұсынамыз

Азық-түлік атауы

 Сыбағаға арналған азық-түлік нормасы

Сыбаға көлемінің есебі

6

7

15

Брутто

Нетто

Азық-түлік көлемі г (нетто)

Алма

200гр

200гр

 

 

 

Қант

50гр

50гр

 

 

 

Су

865гр

865гр

 

 

 

Лимон қышқылы

1,5гр

1,5гр

 

 

 

Крахмал

35гр

35гр

 

 

 

Шығымы:

 

 

 

 

 

Технологиялық сызба

Тағамның атауы: Алмадан кисель

Технологиялық карта

Тағамның атауы: Желе

Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы

  Дайын тағамның қысқаша мінездемесі

 

  Шаймен ұсынамыз

Азық-түлік атауы

 Сыбағаға арналған азық-түлік нормасы

Сыбаға көлемінің есебі

6

7

15

Брутто

Нетто

Азық-түлік көлемі г (нетто)

Алма

80гр

80гр

 

 

 

Қант

60гр

60гр

 

 

 

Желатин

38гр

38гр

 

 

 

Лимон қышқылы

01

01

 

 

 

Су

65гр

65гр

 

 

 

Шығымы:

 

 

 

 

 

Технологиялық карта

Тағамның атауы: Алмадан кампот

Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы

  Дайын тағамның қысқаша мінездемесі

 

  Шаймен ұсынамыз

Азық-түлік атауы

 Сыбағаға арналған азық-түлік нормасы

Сыбаға көлемінің есебі

6

7

15

Брутто

Нетто

Азық-түлік көлемі г (нетто)

Алма

81гр

78гр

 

 

 

Қант

38гр

38гр

 

 

 

Су

93гр

93гр

 

 

 

Лимон қышқылы

1,5гр

1,5гр

 

 

 

Шығымы:

 

 

 

 

 

Технологиялық сызба

Алмадан кампот

Технологиялық карта

Тағамның атауы: Алмадан варенье

Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы

  Дайын тағамның қысқаша мінездемесі

Қауын(қабығы) еттарқыштан өткізіп, су мен қант қосып, отыз мин қайнатамыз.

  Шаймен ұсынамыз

Азық-түлік атауы

 Сыбағаға арналған азық-түлік нормасы

Сыбаға көлемінің есебі

6

7

15

Брутто

Нетто

Азық-түлік көлемі г (нетто)

Қауын(қабығы)

150гр

150гр

 

 

 

Қант

150гр

150гр

 

 

 

Су

200гр

200гр

 

 

 

Шығымы:

 

 

 

 

 

Технологиялық сызба

Алмадан варенье

Зерттеу бөлімі

Алманың құрамындағы дәрумендер

Алма құрамында 83—88 % су,  7,5—16 % қант,  0,2—0.8 %  қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық,  0,28—1,0 %  илік заттар,  А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері,  көптеген минералды заттар бар. Адамдардың тамаққа қолданатын жемістерінің 4/5 – бөлігі – алмалар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік  дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданылады.

А дәруменi - ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді.  

В1 дәруменi - организмде дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ағза В1 - ге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі ауруға шалдығуы мүмкін.                         

В2 дәруменi - басқа да дәрумендер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажет. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Көздің жақсы көру қабілетін арттырады. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, ұшық шығады. Денеге түскен жарақат баяу жазылады.

С дәруменi - ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәруменi жетіспегенде ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. С дәруменi ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет.

Р дәруменi - жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа келтіреді.

Е дәруменi - бұлшық еттердің қызметін жақсартады.

Сондай - ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш бар. Бұлар ағзаға жеткілікті мөлшерде болса, ауырмайтын боласыңдар. Ойлау қабілеттерің де жақсы дамиды. Ең бастысы – алма темірге бай.

Алманың адам ағзасына пайдасы

Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады. Оны ежелден ем – дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген.алманың құрамындағы темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет.

Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы.Алма, басқа да жемістер сияқты, құрамында майлылығы мүлдем жоқ деуге болатын жеміс. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес», – деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен қатар, алма шырыны адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды.

Алманың отаны

Алманың отаны – Қазақстан екендігін білесіз бе? Білмесеңіз, біле жүріңіздер! Ғалымдардың пікірінше, ғаламшарымыздағы барлық алма атаулының арғы атасы қазақтың жерінде өскен! Адам ата мен Хауа ананың алғашқы мекені, олар қуылған Жаннат бағы жайлы христиан дінінде де, Исламда да айтылады. Христиандықтар Хауа анамыз дәмін татып көріп, жұмақтан қуылуына себепкер болған жеміс алма болған деп санайды. Еуропалық мәдениетте алма – таным символы, кейбір ғалымдар алманы тыйым салынған ерекше сезімнің – махаббат пен ынтықтықтың символы деп біледі. Демек, адам баласының жер бетіндегі алғаш мекені, Жер шарындағы алма жемісінің алғаш пайда болған жері – Алатау өңірінде орналасуы әбден мүмкін.

Алма отанының біздің елімізде орналасуы тек бір ғажайып тұжырым деп ойлаған боларсыздар, дегенмен бұл ғылыми дәлелденген дерек. Оксфордтық ботаника профессоры доктор Барри Джунипер және француз зерттеушісі Кэтрин Пэкс бұған дәлел ретінде генетикалық талдамаға негізделген зерттеу жұмысын ұсынады.

Ғылымдағы бұл жаңалық – батыс зерттеушілерінің көпжылдық ізденісінің нәтижесі. Ғалымдар қазірде белгілі барлық алманың сұрыптарына генетикалық талдама жасап, жер бетіндегі алғашқы және, бәлкім, сол Тауратта айтылатын жұмақтағы алма жемісінің отаны – Қазақстан, дәлірек айтсақ Алмалы шатқалы  екендігін мойындады. Бұл мекен сан ғасыр бойына осылай аталып келеді. Алматы қаласының атауы да осы алма жемісінен шыққандығы баршаға мәлім.

Қорытынды

Мен қорыта келе алманың пайдалы екенін және оны тұтынуды ұсынамын. Ас үйінде апталап, айлап тұратын азықтың бірі – алма. Алма көптеген ертегілер мен хикаяттарда сұлулық, денсаулықтың символы болып бейнеленеді. Өмірді ұзартады. 2011 жылы Америкадағы химиялық қоғамның өткізген зерттеу нәтижесі бойынша, алманың көмегімен өмірді 10 пайызға ұзартуға болатыны анықталды.

Есте сақтау қабілетінің жақсаруы. Массачусетс штатының университеті жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, алма мидағы нейротрансмиттер ацетилхолиннің санын көбейтеді. Ол мидың жаңа құрылымдарды құрып, өзгертуге көмектесетін нейропластикалық модуляцияның қызметін іске қосады. Мидағы ацетилхолиннің артуы есте сақтау қабілетінің жақсаруына әсер етіп, Альцгеймер ауруының алдын алады.

Инфаркт, инсульт қаупін азайтады. Әдетте инсульт, инфаркт, атеросклероз аурулары LDL-холестеринінің көп болуынан туындайды. Ал алма ол холестерин санын 23 пайызға азайтады. LDL-холестеринді азайтатын арнайы дәрі-дәрмек 18-50 пайызға дейін төмендетсе де, өзге зиянды ауруға апарып соғуы мүмкін. Ал алма мұндай артық ауруларға төтеп береді. Ісік ауруларының алдын алады

Гавай аралында жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, ең көп алма жеген топта қатерлі ісік ауруының пайда болу қаупі 40-50 пайызға дейін төмендеген. Алманың құрамындағы антиоксиданттар адам ағзасындағы өкпе ісігінің пайда болуына әсер ететін үдерістерге бөгет болады. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес» деген мақал алманың  қаншалықты  пайдалы  екендігін  білдіреді.Денсаулығымызды қолға алайық!

Алма,алма дейсің,
Алма әкелсем жисің.
Айтпады екен деме,
Алманы жумай жеме! - дегім келеді. Жалпы алманың пайдасын көп екенін білдік және оның зияндылығын ұмытпаған абзал.

Пайдаланған әдебиеттер

1. "Қызықты  ботаника"  Әлімқұлова  Р., Тәртенова  М.
2. "Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары"  Муханова  Б., Мұсақұлов Т., Суворов Н.
3. Ел арна ақпараттандыру орталығы
4. Тамақ өнімдерін тану. К.Кузембаев, Г.Кузембаева.
5. Аспаздық. К. Кузембаев.
6. Асыл мұра. Құрастр:А.А.Теміралиева. Алматы: «Көшпенділер» баспасы, 2010ж.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (6)

айгул галымжанкызы

Расында алма пайдасы гой курамында коптеген дарумендер бар

Ақсезім

Неге зиянын аз жазған? Маған зиянынан көп ақпарат керек!

Гүлім

Жылда -жылда жазда алмадан варенье қайнатам бірақ ешкім жемейді (үйдегілерді) айтам,ал өзім жақсы көрем бірақ нан көп жей алмаймын .шайда ішпеймін сонда алма вареньесін қалай жеуге болады екен(вот в чём проблема)

Гүлім

Нан көп жей алмаймын(1-жапырақ ғана) алма вареньесін немен жеуге болады.

Дариға

Шәйға қосып немесе компот етіп жіберу керек вареньесін.

Роза

көп пайдалы кеңестер жазылған
рахмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар