Өлең, жыр, ақындар

Оқытудың жаңа технологиясындағы бағалаудың тиімділігі

Бағалау  тиімділігі  оқушының   оқуға  деген  белсенділігі  мен  оқудағы  жетістігін   арттыруға,   мұғалімнің  оқу  үдерісіне,   әдістемелік  дамуына  үлесін  қосады. Бұлай  атау себебіміз,  оқушы  оқу  мен  оқыту  барысындағы  мұғалімнің  бірізді  тәсілдер  арқылы  білім  беруінен  жалығады, әйтсе  де,  бала  өз  білімінің   бағалануы  барысында   бағалаудың   көрсеткіші  арқылы  пәнге  деген  қызығушылығы  артуы мүмкін  немесе  белсенділігі  төмендеуі  мүмкін. Қанда жағдайда?! Өйткені,   әрбір  бала  сабаққа  қатысу  сәтінде  өзіндік  психология  қалыптастырады. «Менің  жауабым  нақты» немесе «менің  жауабым  күмәнді»  деген. Алғашқы  пікір  қандай  жағдайда қалыптасады? Біріншіден - егер  бала   берілген  мәліметті  толық  оқып  меңгергендігіне  көз  жеткізе  алғанда; екіншіден- берген  мәліметіне нақты  көз жеткізе алмаса да, өзіндік «менікі дұрыс» деген көзқарас  қалыптастыруында. Осындағы  соңғы «менікі  дұрыс» деген  шешім  бала  психологиясына  кері  әсер  беріп, «бағалаудың  әділетсіздігіне  ұшырадым» деген   түйінді пікірмен  оқу  белсенділігіне ықылыассыздық танытады. Міне,  бірізді  қалыптасқан  оқушының осындай кереғар пікірлерін, бағалау  тәсілдерінің  заманауи  тәсілдері  мен оқу  және оқыту  технологияларының түрлі әдістері арқылы оқушы  пікірін   өзгерте  отырып,  пәнге  деген  белсенділігін  арттыруға  болады.

Мұғалім  сабақ  кезеңдерінде   бағалаудың  бірнеше  тәсілін  қолдана  алады.  Дәстүрлі  бағалау, ол-қашанда  баланың  білімін  пән  мұғалімінің  қорытындысында  бағаланса,  ал  жаңаша  технологияда  бала  білімі – баланың   өзін-өзі  бағалауы ;  балалардың  өзара  бағалауы   арқылы  немесе  мұғалімнің   баланы  деңгейлі  бағалауының  түрлі  тәсілдері арқылы  жүзеге  асады.

Бағалаудың  бүгінгі  жаңаша  түрлері: «Қалыптастырушы  бағалау»  және «Жиынтықты бағалау» болып іске асады. Қалыптастырушы бағалау – күнделікті оқудың алға жылжуына әсер етсе, жиынықты бағалау-оқушының бөлімдер бойынша берілген сабақтан алған білім нәтижесін көрсете алады. Осындай  бағалау  тәсілдерін  бала  белсенділігін  арттыруда  түрлендіріп  қолдану  немесе  жаңаша  қырда  өңдеу  немесе  авторлық ұсыныстар арқылы бағалау, жаңашыл  педагог  мамандардың  бүгінгі күн талабы. Осы мақсатта жүргізілген мектеп жұмысында  бүгінгі  таңда   екі    бағалаудың   жаңа  үрдісі   ұсынылып,  «Серпін» кәсіби қоғамдастығы  аясында мектепішілік пән  мұғалімдерінің  қолданысында   жүзеге  асырылуда.

1. «Нысаналы  бағалау  әдісі» (ұсынушы- А.Қасымбек)- сабақтың  әр  кезеңін  оқушылар  өзара   білім  деңгейін   шеңбер  өзегінің    радиуысы  бойында  төменгі  шектік 0 балдық  бағалаудан  бастап, жоғары   шектік  деңгейі  7 бал- ға   дейін   нысаналы   белгілеу  арқылы   айқындайды;

2. «Иерархиялық бағалау  әдісі»(ұсынушы-Қ.Озықбай)-оқушылар  өзара  оқу  белсенділігін  әр  кезеңдер  бойынша  бағдаршам түсті  қағаздары  арқылы  жапсырмалы  түрде    пирамидалық   өсу  шыңында  белгілейді.

Бұл  екі  әдіс  те  бүгінгі  уақытта  өзіндік  тиімділігімен  мектеп  кәсіби  қоғамдастығында   таратылса,  аудан деңгейінде   өтілген қазақ  тілі мен  әдебиеті  пәні  мұғалімдері  семинарында аудандық  деңгейде  ұсынылып,  пән  ұғалімдері  тарапынан  сұранысқа  ие  болды.

Оқушы  қашанда өсу, тану,білу  объектісі  тұлғасында  қаралады. Сондықтан  да, мұғалім -  сол  оқушының көзқарасындағы жанарды  оқу арқылы, оқушының  оқу  белсенділігін арттыру үшін тақырыптық  жүйелі  жұмыстар барысына түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бағытына  басымдық беру  қажет.  Өзінің   бағалануы  арқылы  өз  білімінің нақты деңгейіне  көз жеткізген жағдайда ғана, бала ықпалды, белсенді, ізденімпаз  бола  алады.  Бала, ол-ақ  қағаз  тәрізді. Күнделікті  жұмыс кітапшасына арнаған    дәптер  бетінің  бірін  толық, бірін  жартылай,енді  бірін  жай  ғана  түртіп  немесе  мүлдем  жазбасыз  қалдырып  өтіп  кетіп  жатады. Бірақ, бұл дәптер. Ал, бала  ыждақатсыз   қарауды  қажет  етпейді, оған тиянақтылық, жүйелі   бақылау  мен    шешімді  жұмыс  нәтижесі  керек. Сондықтан  да,  әрбір  ұстаз, әрбір  сабақты өту  кезеңінде   бағалаудың  тиімді  тәсілдерін  үрдіске  айналдырса,  оқылмайтын  пән,  жазылмайтын  дәптер  жоқ. Ал, сіз жүргізген  бағалау әдісі өз нәтижесіне жеткен кезде, сіз - Батыстан тұрған желді күні Шығысқа қарай бет түзеген желкенді  қайық капитаны тәріздес боласыз!

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы

Қазақ  тілі  мен әдебиеті  пәнінің  мұғалімі

Озықбай  Қалбибі  Жүсіпжанқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз