Шымкентте ұстаздар тест тапсыруды бастады. Мұғалімдердің білім деңгейін тексеретін сынақ нәтижесінде жоғары балл жинағандар пәнаралық олимпиадаларға іріктеледі. Ал, төмен балл жинағандарға тағы бір мүмкіндік беріледі.
Қазіргі таңда шым шаһарда 14 мыңдай ұстаз бар. Мектептерде кезекті демалысты пайдаланған сала басшылары ұстаздарды тестілеуден өткізуде.
Қалалық білім бөлімі басшылығының мәліметінше, тест қортындысы бойынша жиналған балл көрсеткіштері ұстаздардың жұмысына еш әсер етпейді. Бұл шара тек үздіктерді іріктеп алудың заманауи әдісі ғана. Сынақта әр ұстаз тек өзінің пәніне қатысты сұрақтарға жауап береді. Себебі, бүгінгінің білім қызметкерлері үнемі шеберлігін шыңдап, біліктілігін арттырып отыруы қажет. Тестілеу кезінде ұстаздардың басым көпшілігі жоғары нәтижеге қол жеткізіп, өз білімдерін дәлелдеп шықты. Ал, төмен балл жинағандарына тестті қайта тапсыруға мүмкіндік берілетін болды. Егер екінші рет сыннан өте алмаса, орнын босатуы тиіс болады.
«Жасыратыны жоқ, кейбір жоғарғы оқу орнын бітіріп келген ұстаздар талапқа сай келмей жатады. Кешегі қорытындыны қарасақ, ең төмен нәтиже көрсеткендер бар. Өте төмен балл жинаған ұстаздар білімдерін жетілдіре алмаса, жұмысынан кетеді деп ойлаймын»,- деді Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева.
ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Қайрат
"Жұмысына еш әсер етпейді" мен "орнын босатуы тиіс" деген қарама қайшы нәрсе емес пе? Биліктегілер алжығандар ма?
Назира
Дұрыс! Осылай сауатсыз мұғалімдерді азайту керек!
Сандуғаш
Онда неге тексермей ала бересіңдер?
Дарига
Жақсы жаңалық! Тек қана Шымкент емес, бүкіл Қазақстан бойынша тест алу керек!!! Тек сапалы мұғалімдер болу керек, сапасыз мұғалімдер ҰСТАЗ деген аттың абыройын түсіреді.
Аноним
Мемқызметтегілердің бәрі тест тапсыруы керек! Полиция, депутат т.б-лар IQ мен логикаға міндетті түрде. Ал дәргер мен мұғалімдер білмге міндетті түрде! Жақсы жаңалық! Сын түзелмей, мін түзелмейді. Тест те сол сынның бір түрі
Гүлжаxан
Ия, шаш ал десе бас алатын, айтқан сөздері қарама-қарсы, кімнің сойылын соғып жүргенінен
бЕйxабар жандар, адамның жүрегін жаралай салуға еш қиналмайды. Тест тапсыруға еш қарсылығым жоқ, бірақ ол барлық сала мамандарына тиісті болу керек. Тест тапсырмалары мамандыққа сай жасақталып, республика көлемінде бекітілуі керек, ол кез-келгеннің ойдан құрастыра салуына жол бермейді. Балық бастан шіридінің кебі болмас үшін, студенттер диплом қорғауда осы тесті тапсыруға міндеттелуі керек. Міндетті тесті тапсыра алмаса, диплом емес "оқып шықты" деген жай Ғана қағаз берілуі керек.
Орынкул
Оте куптарлык жаналык.Тек тест алуда коз кысты,бармак басты(фраза)болмасын,тек таза билиммен гана болса
Лейла
Біздің қоғамды емдеу керек, ешкім мойына жүк алғысы келмей, тек жеңіл жолмен, пайдалы іс жасамай ақша-абырой тапқысы келеді. Мысалы, пара беріп білімсіз, сапасыз надандар (тек мұғалім емес, барлық салада) орынды алып алады да, былық басталады. Өзі надан болса, одан қандай қайыр болмақ? Әр жасағаны сапасыз, пайдасыз, айналаға зиянды болады. Жасаған зиянын ойламайды да, мойындамайды да! Сол орынды алып отқанның өзі зиянды. Сондықтан ондай адамдарды тест болсын, басқа болсын, іріктеу арқылы ажыратып, қайта оқуға, өзін дамытуға жіберу керек. Олар соны ұғыну, түсінуі керек. Сапа, жауапкершілік, адалдық, адамгершілік деген сөздерден мақрұм қалдық. Дүниеқор, пайдакүнемге айналып кеттік. Ақша табу, бай болу жаман нәрсе емес, қандас бауырларымызға, отандастарымызға, айналамызға, өскелен ұрпаққа зиян тигізу арқылы ақша табу – бәлекет!
Мұғалім
Тағы да пара алуға мүмкіндік қой бұл! !!!!!! Мұғалім таппай қалмасаңдар болды. Алматы мектептерінің директорлары жыл басында сағат сатады,кім пара көп берсе білімі бар жоқ не факт -сағаттың көбі соныкі .Қыркүйектен бастап 16 мектепте 25 мұғалім жұмыстан қуылды. Тексеру жоқ,ауыз жабулы, бармақ басулы ,көз қысулы .Осылай тексергіштер
Гулбаршын
Тест алу ушин биринши сурактарын дурыс ,оз пани бойынша жасалу керек
Адеке
Мугалiмдерден тесг алу алдында дайындалу процесiн откiзбейсiндерме себебi мугалiмнiн мын сан жумысы бар рода Адам балансы нагар мугалiм балмайды дайындалу нашар болады по нашар мугалiм бар Деген Адам балансы кызганшак. ж/е бiлiм саласын ойламайтын ,даны ашымайтын Адам бiздiн жогары жактагылар мугалiмдердi сыйламайтындар iзденiп уйымшылдык бiлдiру кепек бауырларым