Өлең, жыр, ақындар

Бала тілі бал

Барлық кішкентай сәбилердің істеген іс әрекеті үлкейген адамдардың жүзіне күлкі,қуаныш әкеледі. Олар ойнай бастаған сәтте қалай шаршап келкеніңді де ұмытып қалады екенсің. Әр бір сыңғырлаған былдырлағын сөйлеген үні де өзіңді еріктіріп әкетеді. Қазақ халқы бала тілі бал деп босқа айтпаса керек.Кішкентай сәбилер шаңыраққа олжа болып келген бақыт секілді. Бір шаңырақта бір емес,екі емес он бала келседе ата ана қуанышы сөзбен жеткізерліктей оңай емес.Баланың тілі бал болатыны рас екен ау. Баланың жасы жетіп,тілі шыққандағы ең алғаш айтатын сөзінің бірі «мама» болады. Сөйлеген бір сөзіне ана жүрегіде қуанып қалады. Оны  қызық көрген тумаластары өз есімдерін қайталап  айтқыза береді. Ия осыдан шығар баланың тілі бал болатыны.

Мен дүниеге келерде анам мені тоғыз ай құрсағында көтерген болатын. Кішкентай сәби үшін анада әкеде алаңдаумен болады. Бір күні кішкентай тентек жарыққа шыққысы келіп,анасын әбден әуреге салады. Жаңалықты естіген әке тұңғышын көруге асық болады. Не дегенмен қуанышпен қоса қорқынышта бірге жүреді емес пе? Бала мен ананың денсаулығын ойлап бірнеше сағаттар бойы дәрігердің жауабын күтумен болған әкенің басына келіп кетпеген сауалдары өте көп болды.

Дәрігер есікті аша салысымен қуанышты хабарды дереу баланың заңды тұлғасы туған әкесіне айтуды жөн санады.Сөйтіп мені отбасымның жанына апарды.Мені көрген ата анамда тумаластарымда мәз болған болатын.Ал мен басқа балалар секілді жылауық болмадым.Анам мен әкеме қолымнан келгенше көмегімді аямадым.Бір қызығы мен тұсауымды кескен кезде ғана жер басып жүргенмін.Тұсауымды кеспейінше өз еркіммен жүрмеген екенмін.Өзімнің кішкентай кезімді айта берсем өте көп қызықты оқиғалар мен іс әрекеттерімді айтып отыруға бір емес бірнеше күн керек.

Әр бір сәбидің өзінің тәтті тілі мен іс қимылдары бар. Сәбиді тек ана ғана жақын таниды. Оның оғаш қылықтарына да көнеді, оны тамақтандырып,киіндіреді. Бала анасыз ешқашан бірінші қадам жасамайды.


Пікірлер (3)

Дарига

Балалар - витамин

Саяжан

Саяжан есімінің мағынасы қандай?

Саяжан

Мағынасы қандай

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз