Шымшық (лат. Carduelis spinus) – торғайтәрізділер отрядының құнақ тұқымдасына жататын құс.
Қазақстанда Көкшетау қыратында тараған, кейде Қарқаралы, Кентаймақтарында кездесіп қалады. Шыршалы және аралас ормандарды мекендеп, су айдындарына жақын жүреді, қайыңды, қандыағашты тоғайларда қоректенеді. Қанатының ұзындығы 70 мм, салмағы 13 г-дай. Аталығы жасыл сарғыш түсті, оның төбесінде бір шоқ қауырсын – “тақиясы” (айдары) болады; қанат, құйрық қауырсындары қара, оларға жол-жол болып сары қауырсындар араласқан, бауыры ақ. Аналығы мен балапандарының арқасы жасыл сұрғылт тартқан, бауыры ақшыл. Отырықшы құс. Ұясын ағаш басына салады. Мамыр айында 5 – 6 көгілдір не жасылдау жұмыртқа салып, аналығы 12 – 14 күн басады. Балапандарын да аналығы 13 – 15 күндей асырайды. Жылына екі рет балапан өргізеді. Өсімдік тұқымымен және жәндіктермен қоректенеді, олардың зияндыларын жеп пайда келтіреді. Шымшықтар жақсы сайрайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі