Павлодар облысында келесі оқу жылына ағылшын тілі, математика және бастауыш сыныптарда білім беретін 424 ұстаз қажет, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен білім беру басқармасының алқа мәжілісінде белгілі болды. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жоғары оқу орнында студенттер мектепке дейінгі және бастауыш сынып әдістемесі бойынша оқытылады. Диплом алған соң олардың 95-96 пайызы жұмысқа орналасады. Дегенмен білім беру саласының қызметкерлеріне деген сұраныс толық өтелмей отыр. Математика мен ағылшын тілі пәндері бойынша жағдай белгілі», - дейді облыс әкімі Болат Бақауов.
«Кез келген адамның бұл мамандықты алып кетуге мүмкіндігі жетпейді. Алайда бастауыш сынып ұстаздарының тапшылығы түсініксіз. Бізде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бар. Биыл осы мәселе негізгі қызметкердің жүктемесін арттыру және зейнеткерлік жастағы педагогтарды тарту арқылы шешілді. Ал, келесі 2018 жылы бастауыш сынып бойынша - 63, математика бойынша - 57, орыс тілі мен әдебиеті бойынша - 50 және ағылшын тілінен 50 педагог жетіспейді. Бұл мамандарды қайдан аламыз? Әсіресе, Екібастұзда 129 ұстаз қажет».
Осы мәселе бойынша жағдайды бақылуда ұстауды аймақ басшысы өзінің орынбасары Мейрам Бегентаевқа тапсырды.
Еске сала кетейік, 2017 жылы Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Назарбаев зияткерлік мектебі» автономды білім беру ұйымына қарасты педагогикалық шеберлік орталығының базасында облысымыздың 1919 педагог қызметкері курстан өткен. Жазғы уақытта бастауыш сынып, қазақ тілі және ағылшын тілі, физика, математика, биология, химия, информатика, география, Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы пәндерінің мұғалімдері біліктілігін арттырды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі