Химия-терапевтикалық емдеу қатерлі ісіктермен ауырғандардың елеулі бөлігіне емдеудің негізгі әдісі ретінде және пациенттердің көпшілігіне хирургиялық немесе сәулелік әдістермен кешенді түрде қолданылады. Химия-терапевтикалық емдеудің ерекшеліктері оның ұзақтығы мен қайталанатындығы болып табылады. Химиялық препаратты енгізудің жекелеген қайталау курстары бірнеше жыл бойы, кейде ауырған адамның бүкіл өмірі бойы жүргізіледі. Көптеген пациенттерге химиотерапияның қайталау курстары әсіресе профилактикалық мақсатпен өткізілген кезде, амбулаториялық болып тағайындалады. Заманауи химиялық препараттар ағзаға алғашқы ісікке қарсы заттарға қарағанда неғұрлым дәл және ауыртпай әсер етеді. Препараттарды олардың әрбіреуі үшін дәл белгіленген біржолғы және қосынды мөлшерінде енгізу олардың сау тіндер мен мүшелерге уыттылық әсер етуін болғызбауға мүмкіндік береді. Алайда олардың сау тіндерге кері әсер етуін толықтай болдырмаудың сәті әрқашан түсе бермейді. Пациенттер реактивтілігінің жеке ерекшеліктері маңызды болады.
Химиотерапияның жергілікті және жалпы, ерте және кеш асқынулары ажыратылады. Ерте асқынуларға егер оған цитостатиктің тіпті мардымсыз мөлшері түссе де, теріастылық жасұнықтың бұдан кейінгі некроз учаскесімен қатты ауыруын, күйдіруін жатқызған жөн. Бұл іс жүзінде химиялық терапияға тән асқыну емес, препарат енгізу техникасындағы кінараттың салдары. Асқынуларға цитостатиктерді енгізгеннен кейінгі шынтақтық иілім мен иық веналарының флебиті мен флебосклерозы жатады.
Профилактикалық мақсатпен ісікке қарсы препараттарды вена ішіне баяу енгізу және құюды венадан шығарылмаған толық шприцтің инесі арқылы глюкозаның 5% ерітіндісін өткізумен аяқтау ұсынылады. Химиялық терапияның теріге уытты әсер етуі салыстырмалы түрде ерте байқалады. Әсіресе әйелдер үшін, жағымсыз асқынулар шаштардың түсуі мен қасқабастық болып табылады. Пациенттерге емдеу курсы аяқталғаннан кейін шаштың міндетті түрде өсетінін және бұл үшін арнаулы емдеудің талап етілмейтіндігін түсіндіру керек. Кейбір препараттармен емдеу кезінде терінің қышынуы, терінің жоғары сезімталдығы түріндегі ерте асқынулар байқалады, олар емдеу курсы аяқталғаннан кейін із-түзсіз жоғалады. Кейде химиялық терапия курсының ортасында тістің ауыруына, төменгі жақсүйектегі ауырсынуларға шағымданулар пайда болады. Бұл шағымдар туралы дәрігер-онкологті хабардар ету керек, өйткені кейбір ісікке қарсы препараттар асқынулар: уыттану невриттері мен полиневриттерді туындатады. Бұл асқыну невропатологтің тағайындауы бойынша химиялық терапияны, В тобы дәрумендерімен және басқа препараттармен емдеуді тоқтатуды талап етеді.
Емдеу кезінде оң жақ қабырға астынан өттік шаншулар үлгісіндегі ауырсынулары болатын холецистопатиялар байқалуы мүмкін. Пациенттер дәрігердің тексеріп-қарауына және оның тағайындауы бойынша зерттеліп-қаралуға жатады. Холецистопатиялар химиялық терапия курсы аяқталғаннан кейін бір ай өткен соң да басталуы мүмкін. Тактика да бірінші жағдайдағыдай болады: дәрігер-онкологтің қарап-тексеруі, зерттеулер жүргізу. Цитостатиктер алатын пациенттер емдеу курсының соңына қарай кейде ауырсынулармен жиі несеп шығарулардың пайда болуына шағымданады. Бұл жаңа басталған асептикалық циститтің белгісі болуы мүмкін. Пациентті урологқа сабағат алуға жіберу керек. Әйелдерде химиотерапия етеккірлік циклдің бұзылуын туындатуы мүмкін. Пациенттің түзетімдеуші терапия тағайындау үшін гинекологке жүгінгені жөн.
Химия-терапевтикалық емдеуден кейін асқынулар жиі байқалмайды, бірақ пациент пен оның туыстары бұл туралы есте ұстаулары және онкологті өз уақытында ақпараттандырулары тиіс. Химиотерапияның тиімділігі препарат енгізудің дәрігер тағайындаған мерзімін дәл сақтауға, ал асқынулардың профилактикасы – өткізілетін талдамалардың тұрақтылығына байланысты болады.
Емдеу мен күтім жасау факторлары
Емдеу үдерісіне оңды әсер ететін пациентпен қарым-қатынас оған жақсылық тілеушілік қатынастан, оның жазылып кетуіне шын ниетпен мүдделілік білдіруден көрініс табады. Амбулаториялық химиотерапевтикалық емдеу кезінде әдетте пациенттердің тамақтануына үзілді-кесілді тыйым салынатын алкогольді қоспағанда, қандай да бір шектеулер қойылмайды. Рационға балғын көкөністер мен жемістерді көбірек қосуды, таза ауада серуендеуді ұмытпауды ұсынған жөн. Болжамдық белгісі бойынша IV клиникалық топ пациенттерін ауыр науқастарға жатқызады.
Жалпы жай-күйі, емдеу шараларын және күтімді қажетсінуі бойынша пациенттердің бұл тобы біртекті емес, оны үш шағын топқа бөлуге болады:
1) көбінде еңбекке қабілеттілігін сақтаған, қанағаттанарлық жай-күйдегілер;
2) еңбекке қабілетті емес, бірақ өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеттіліктері сақталған, ауырлығы орташа жай-күйдегілер;
3) уыттанушылықтан, ауырсынулардан зардап шегетін, тұрақты күтім жасауды қажетсінетін, ауыр жай-күйдегілер.
Біріншілері күтім жасауды қажетсінбейді. Оларға онколог тағайындаған емдеуді: емдеу іс-әрекеттерін орындау, режім мен емдәмді сақтауды жүргізу қажет. Дәрігер тағайындауларын орындаудың мұқияттылығы, жүргізілетін емдеудің жүйелілігі, терапияның алдын ала белгіленген курстарының сабақтастығы мен бақылаушылық зерттеулер жүргізу симптоматикалық емдеудің тиімділігіне септігін тигізеді, психотерапия факторы болып табылады, жазылып кету үмітін ұялатады. Соңғы жылдары бұл топтың пациенттеріне ісіктік үдерісті мүмкін болатын азайту (бөгеу) мақсатымен арнайы әзірленген әдістеме бойынша амбулаториялық сәулелік және химиотерапевтикалық емдеу жүргізіле бастады. Бұл үшін пациенттің емделуге өз уақытында келуі, оның жай-күйін химиялық препаратты енгізгеннен немесе сәулелік терапия сеансынан кейін бақылау, тағайындалған зерттеудің өз уақытында жүргізілуін бақылау, дәрігер-онкологті рекциялар мен асқынулар туралы өз уақытында ақпараттандыру қажет. Жағдайы ауыр пациент тұрақты білікті күтім жасауды қажетсінеді, оны стационарда жүзеге асырған жақсы. IV клиникалық топтың науқасы ауыр пациенттеріне күтім жасау олармен өзара қатынастарда деонтологиялық қағидаттарды сақтауды, оларда жазылып шығуға деген үмітті ұстап тұруды, күтім жасау жөніндегі білім мен дағдыларды талап етеді. Ол пациенттің азаптануын жеңілдетуі тиіс. IV клиникалық топ ауруларын үйде емдеуді учаскелік терапевт, тағайындаулар мен күтім жасауды орындауды – учаскелік медициналық бике жүзеге асырады. Емхана онкологі емдеу мәселелері бойынша сабағаттар, ал патронаждық бике – учаскелік медбике мен науқастардың туыстарына науқасқа күтім жасау мәселелері бойынша нұсқама жүргізуі тиіс.
Ардақ Жолдыбаева
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі