Кең жайылған Қазақ елінде бір шағын ғана ауыл бар. Ауыл биік таудың баурайында орналасқан. Қыс болса ақ көрпеге оранып, Қар патшалығына айналады. Ал жазда жұпар гүлдің иісі жаныңды сергітіп, самал жел көк майсаны тербетіп жап-жасыл Ертегі әлеміне енгендей болады. Әсіресе, өткінші жауыннан кейінгі күй керемет. Аспан күмбезіне керілген кемпірқосақты айтсаңшы! Қызыл-жасыл, көздің жауын алады. Сол кемпіросаққа шығып анау аспандағы ақша бұлттарға мініп, көк аспанның көгінде саяхат жасасаң шіркін! Осы тамаша ауылда бір кішкентай қыз бала тұрыпты. Әрине, өзі жалғыз емес. Атасы, апасы, анасы және әкесі, сүп-сүйкімді інісі барлығы бірге тұрады. Ол қыздың аты – Ерке қыз. Өзі сондай сүйкімді. Кішкене ғана қоңыр көздері күлімдеп, үнемі көңілді жүреді. Шашын анасы бұрым қылып өріп қояды. Үнемі етек-жеңі қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген көйлек киіп жүреді. Оның қасынан бір елі қалмай ілесіп жүретін мысығы да бар екен. Өзі сондай ақылды, аппақ мысық. Ерке қыз оны «Аппағым» деп еркелетеді. Екеуі үнемі бірге ойнайды. Мысық тіпті былай әндете де алады.
Мен мысықпын, мысықпын,
Ерке қыздан қалмаймын
Өзім сондай пысықпын.
Көрдің бе мен, қандаймын!
Ал балақай, егер дайын болсаң, мен саған Ерке қыз бен мысықтың басынан кешкен ғажайып оқиғаларын айтып берейін.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі