Өлең, жыр, ақындар

Дейл Карнегиден 10 кеңес: Уайымнан арылып, жаңа өмірді қалай бастауға болады?

Бүгін біз сіздермен Дейл Карнегидің «Уайымнан арылып, жаңа өмірді қалай бастауға болады?» атты кітабы жайлы әңгіме қозғамақпыз. Нақтырақ айтсақ, кітап жайлы емес, кітаптың ішіндегі өмірін жақсарту үшін кез келген адам істей алатын кеңестер жайлы сөз қозғаймыз. Тұлғалық психология саласына қатысты көптеген зерттеулер жүргізіп, бұл жұмысқа ғұмырының көп жылдарын арнаған Дейл Карнегидің ерекше принциптерін орныдағандар барлық қажетсіз уайымнан арылады.

«Уайымнан арылып, жаңа өмірді қалай бастауға болады?» кітабында автор оқырмандарына теория жүзінде ғана емес, шынайы өмір мысалдарымен келтірілген өзінің пайымдарын ұсынады.

Кітапта пайдалы кеңестер көп, бірақ сіздерге соның шағын ғана бөлігін ұсынамыз.

Бірінші кеңес

Автордың пайымына сүйенсек, адамның уайым жайлы білуі керек болған ең маңызды және ең басты мәселе — өмірден уайымды ығыстырып шығару үшін, өткен өмір мен болашақтың ара жігін барынша ажыратып алу керек. Карнеги өткен мен болашақтың арасына "темір есік" орнатып, ал сол «темір есік» орнатылған аралыққа бүгінгі күнді қоюды ұсынады. Өткенге өкінбей, болашақты уайымдамай осы сәтпен өмір сүру керек. Кері жағдайда, өткен өмірдің тәжірибесі мен болашаққа байланысты үміт, мазасыздық пен уайым тудырады.

Екінші кеңес

Егер адам сары уайымға себеп болатын жағдайға тап болса, онда америкалық өнертапқыш Уиллис Кэрриэрдің "сиқырлы" формуласына жүгіну қажет:

— Өзіңізге былай деп сұрақ қойыңыз: «Егер осы нәрсе болса, менімен ең жаман не болуы мүмкін?» (Мысалы: банкрот болсам, ісім жүрмей қалса, осыдан туындау мүмкін ең жаман оқиғаны елестетіп көріңіз.)

Алдын ала сол «ең жаманды» қабылдап алыңыз, тіпті қажет болса соған көніңіз.  

— Сол жағдайды өзгертуі мүмкін әдістерді, жолдарды асықпай, байсалды қарастырып, ойланып көріңіз. 

Үшінші кеңес

Уайым мен үрейдің денсаулыққа кері әсер ететінін, одан кейін денсаулықтың қайта қалыпқа келмейтінін әрдайым есте сақтау керек. Оған мысал ретінде Дейл Карнеги көптеген іскер адамдардың уайыммен күресе алмағандықтан өмірден ерте озатындығын айтады. Бұл шыныменде солай, уайым адамды ашуға мәжбүрлеп, жүйкесін жұқартады. Ал ағзаның жүйке талшықтары қайта қалыпқа келмейтіні бәрімізге мәлім. Адам неғұрлым көп уайымдаса, соғұрлым өмірі қысқа болады. Бұны есте сақтаңыз!

Төртінші кеңес

Толқу, уайым және үрей сезімдері жаулап алмау үшін, өзіңізге бақыт пен жайлылық әкелетін ерекше көңіл-күйді оймен қалыптастыру қажет. Оны өмірден рахат алып, позитивті ойлаумен өз бойыңызда қалыптастыруға болады. Сезімдеріңіз бен ойларыңызды позитивті етуге тырысыңыз. «Ойыңды түзе, сөзіңе айналады, сөзіңді түзе, әдетке айналады, әдетіңді түзе мінезіңе айналады, мінезіңді түзе тағдырыңа айналады», — деген сөз бекер айтылмаса керек.

Бесінші кеңес

Жұмысы жоқтық. Аздырар адам баласын.

Адамның мазасыздық күй кешуінің басты себептерінің бірі — қолының бос болуы. Егер адам ештеңемен айналыспаса және оның ойы бос болса, онда сана өзін-өзі уайым тудыратын пайдасыз ойлармен толтыра бастайды. Мазасыздықтан арылғыңыз келсе, онда бір іспен айналысыңыз. Санаңыздан уайым мен үрейді кетіру үшін керекті ең үздік дауа  — қарбалас жұмыс.

Алтыншы кеңес

Уайым — міндетті түрде арылу керек болған зиянды әдет. Зиянды әдеттермен күресудің ең тиімді жолы жаман әдеттің орнын пайдалы әдеттермен ауыстыру. Болмашы нәрселерге бола көңіліңізді түсіріп уайымдауды доғарыңыз, бұл сіздің жаңа әдетіңіз болады. Кішкентай мәселелерді, бақытты болуыңызға кедергі келтіруге тырысып жатқан ұсақ құмырысқа түрінде елестетіп, оларға бола уайымдамаңыз, олардан еш өкінбей арылыңыз.

Жетінші кеңес

Сіз бұрын-соңды үлкен сандардың заңдылығы жайлы естіп пе едіңіз? Егер естімеген болсаңыз интернеттен немесе кітаптардан іздеп оқып көріңіз. Себебі бұл өміріңізден үрей мен уайымды кетіру үшін қолданылатын ең қолайлы әдіс. Ол қалай? Өзіңізден сұрап көріңіз: «Мені мазалап тұрған оқиғалардың басыма келу мүмкіндігі қаншалықты?». Үлкен сандар заңдылығына сәйкес бұның ықтималдығы өте аз болып шығады. 

Сегізінші кеңес

Көптеген адамдар жағымсыз жағдай орын алып қойған кезде де, бейнет шегіп, уайымын жалғастыра береді. Бұл-қате. Бұндай қателікті жасамаңыз. Мұндай жағдайда шарасыздықпен санасып үйреніңіз. Бұның мәні мынада: егер жағдайды өзгерту немесе түзету қолыңыздан келмейтіндігін анық білсеңіз, оны дәл сол күйінде қабылдап, өзіңізге: «Демек, басқаша емес, дәл осылай болу керек» — деп, уайымыңызды басыңыз.

Тоғызыншы кеңес

Уайымды бақылауда ұстау үшін мазасыздықтың деңгейін реттеп тұратын «шектегіш» орнату керек. «Шектегіш» орнату — өміріңізде болып жатқан қай жағдай, қандай деңгейдегі уайымға лайықты екенін өзіңіз үшін анықтап алуыңыз керек дегенді білдіреді.  Уайымға да шектеу белгілеп, оны барынша аспауға тырысыңыз.

Оныншы кеңес

Шамадан тыс назарын өзіне шоғырландырғанда, мазасыздық сезімі адамды жаулап алады. Сондықтан мазасыздық сезімін жою үшін, өзіңізді ұмытып, қоршаған адамдарға көбірек көңіл аударыңыз. Тіпті күн сайын танымайтын адамға жақсылық жасауыңызға да болады. Бұл біртүрлі және қиын болып көрінуі мүмкін, бірақ нәтижесі тамаша.

Байқағанымыздай, Дейл Карнегидің кеңестері қарапайым әрі іске асырылуы өте оңай. Істейтін жалғыз нәрсе — ойлау жүйеңізді оңға өзгертіп, уайымдауды доғарып, өмір суруді бастау!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

Анар

Бəрі өте дұрыс жазылған сабақ алуға тұрады өмір дің өзі қиыңдықсызболады деп ойла маймын адал шынайы еңбекқор шыдамды болу керек

Томирис

Өте керемет кеңес болды

Болатбек.

Өте жақсы аитылган.

Сапабек

Өте керемет кеңес.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз