Франклиннің адамгершілік қағидасы сізді жақсырақ болуға, қиындыққа төтеп беруге және кез келген жаңашылдыққа ашық болуға жетелейді.
Бенджамин Франклин 1706 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. Ол 12 жасынан бастап жұмыс істеді. Уақыт өте келе Франклин табысты баспагер, жазушы, ғалым, саясаткер және дипломат болды. Ол өз жетістігінің басым бөлігін «13 адамгершілікті» жетілдіруінің арқасында деп біледі. Соның көмегімен ол кез келген күтпеген жағдайға дайын бола білді.
Франклин адамгершілік карточкаларын үнемі өзімен бірге ұстап жүрді. Ол әрқайсысы 7 баған мен 13 қатардан тұратын карточкалар болған. Баған – күндер, қатар – адамгершілік істері.
Өзінің ниетін еске түсіру үшін, күніне карточканы бірнеше рет алып шығатын. Ал кешке жасаған адамгершілік істерін қарап, бүгінгі жасағандарын түртіп отыратын.
Мақсат – барынша көп ұяшықтарды белгілеп отыру.
Жаңа апта жаңа карточкадан басталатын. Сонымен қатар, олардың барлығы бірдей емес еді. Бенджамин 13 түрін қолданатын, әрқайсысының төбесінде қағиданың біреуі қысқаша анықтамасымен жазылатын. Бұл дегеніміз, дәл соған осы аптада көңіл бөлу керек деген сөз еді.
Апта соңында адамгершілік қағидасының қай түрінің дамығанын, қайсысының бәсеңдегенін бақылады. Өмірдің қай саласына жігерін күшейту керектігін ойланды. Сонымен қатар, 13 апта сайын тоқсандық есеп беретін. Бұл тәртіптің орындалуын қадағалауға көмек беретін.
Уақыт өте келе адамгершілік қағидалары оның болмысына, мінезіне айналды. Әрқайсысын жеке қарастырайық.
Тамақты тек қарын ашқанда ғана жеңіз. Көңіл көтеру үшін немесе қомағайлықпен артық жемеңіз. Не жеп жатқаныңызды жақсы қадағалаңыз.
Егер де әңгімеге тұрарлықтай айтатын сөзіңіз болмаса, үндемеген жөн. Айтқаннан көрі көбірек тыңдаңыз. Бос сөзге әуес болмаңыз. Тыныштықтың орнын толтыру үшін ғана сөйлеудің қажеті жоқ. Бұл адамдармен қарым-қатынасты доғарыңыз деген сөз емес. Тек, сұхбаттасушыны жақсырақ танып алған жөн.
Керектісін тез табу үшін, өз заттарыңызға ұқыпты болыңыз. Заттарыңыз тым көп болғанда оларға қарау қиынға соғады. Бұл артық заттардан арылу керек деген белгі деп біліңіз.
Уақытқа байланысты да дәл солай істеңіз. Сонда сіз маңызды жұмыстарды жасай аласыз.
Егер бір нәрсені істеймін деп байламға келсеңіз, істі аяғына дейін жеткізіңіз. Қолыңыздан келмейтін немесе жасау тіпті ойыңызда да болмаса, бос уәде бермеңіз. Қолыңыздан келмесе, өтінішті қабылдамаңыз.
Ақшаны орынсыз жұмсамаңыз. Әр тиыныңыз белгілі мақсатпен жұмсалуы қажет. Ақша керегіңізге жарасын. Жинап, үлкен бір қажеттілігіңізге жұмсарсыз немесе қарызыңыздан құтыларсыз.
Уақытты ырду-дырдумен өткізбеңіз. Әрдайым пайдалы іспен шұғылдаңыз. Атқарып жатқан ісіңізге күшіңіз жетпей жатса, шамаңыз келетін басқа іспен айналысыңыз. Егер де ешбір ісіңіз болмаса, өзіңізбен жұмыс жасаңыз. Егер тым қатты шаршасаңыз, мызғып алыңыз. Егер шаршағаныңыз ұзақ уақыт басылмаса, демалыс алыңыз, не болмаса дәрігерге қаралыңыз.
Шынайы болыңыз, бірақ сөзіңіз басқаларға қалай әсер ететінін де ескерген жөн. Адамды жараламай, керісінше, қанаттандыруға тырысыңыз. Өтірік айтпаңыз, басқаларды да адастырмаңыз. Егер сынасаңыз, жұмсағырақ айтуға тырысыңыз.
Өз пайдаңыз үшін басқаларға зиян келтірмеңіз. Барлығына тиімді болатындай шешім іздеңіз.Егер сөз берсеңіз, сөзіңізде тұрыңыз. Немесе шарттарды орындау мүмкін болмай бара жатса, қайта қарастырыңыз.
Шектен шығып кетпеуге тырысыңыз. Әдетте басқаларға деген оқыс қатынас келеңсіздікке әкеліп соқтырады. Зиян келтіргіңіз келсе де, абай болыңыз, шектен шықпаңыз.
Киіміңізге ұқыпты болыңыз. Үйіңіз бен жұмысыңызды тазалықта ұстаңыз. Жеке бас гигиенасын ұмытпаңыз. Бұл өз денсаулығыңызға керек, сонымен қатар, басқалардың сізді қалай қабылдайтынына ықпалын тигізеді.
Кенетттен болған оқиғаға қамықпаңыз. Одан қашып құтыла алмайсыз, қайғырумен де шешім таппайтыныңыз анық. Өз эмоцияңызды ұстай біліңіз, және жүріс-тұрысыңызға кері әсерін тигізуіне жол бермеңіз. Ол жайтты дұрыс шешімге келуге септігін тигізетін хабар ретінде қабылдаңыз.
Құмарлық – өміріңіздің мәні болуынан сақтаныңыз. Өзіңізді сатқындыққа итермелеуге жол бермеңіз. Егер жалғыз өзіңіз төтеп бере алмасаңыз, көмекке жүгініңіз. Бірақ бұл қағидадан мүлдем бас тартуға да болмайды.
Кез келген істе асып түсуге тырысыңыз. Кереметпін деп мақтанудың еш қажеті жоқ. Жай ғана артығымен істеуге және өзгенің хақысын беруге тырысыңыз.
Франклиннің адамгершілік қағидаларын негізге ала отырып, өзіңіздің бойыңыздан көргіңіз келген қасиеттерді қоса отырып, кестеңізді құрыңыз. Немесе өзіңіздің қалауыңызша басқадай тізім жасап алыңыз.
Негізгі ой – сізді жақсырақ болуға септігін тигізетін ізгі іс пен икемнің жүйесін қалыптастыру. Кейін күнделікті өзіңіздің ілгері басқаныңызды қадағалау.
Уақыт өте, бұл қасиеттер сіздің болмысыңызға айналады. Бастысы – күнделікті жаттығу. Карточкаларды қағазға түсіріп алыңыз немесе смартфоныңызға енгізіп қойыңыз. Күнде таңертең карточкаға қарап, сол күнгі атқарылатын жұмысты есіңізге салып отырыңыз. Кешке не істегеніңізді түртіп отырыңыз. Ал апта соңында жалпы ілгерілеуіңізге баға беріңіз.
Тек, бірден керемет нәтиже күтпеңіз. Ой-өрісті дамыту уақытты талап етеді. Күнделікті қағидалармен жүретін болсаңыз, өміріңіздің жақсы жаққа қарай өзгергенін аңғаратын боласыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Ардақ
Франклинді президент деп ойлайтынмын бұрын)))
Мұхит
Өмірдің соңына дейін өзімізді дамыта беру керек екен