Ұлы бір күндік төңкеріс... Төңкеріс деуінде де мән жатыр-ау. Себебі, біз де сол сұрапыл кезеңнің батырлары болып есептелмейміз бе?! Шынымен де соғыс жайлы айтайын деп тұр дейсіздерме?! Жо-жоқ, бар болғаны, атын естісе төбелерінен мұздай су шашып жібергендей сезінетін оқушылардың Ұлттық Біріңғай Тестілеуді айтпақшымын. Өзім мектеп қабырғасынан ұшқалы отырған түлек болғандықтан ба, ҰБТ жайлы сөз қозғағым келді.
Мені толғандыратын сұрақтардың бірі: "Неге соншалықты біздер ҰБТ-дан қорқамыз ?! " Оны қойшы, біз тұрмақ, ата-ана, ұстаздарға шейін тілеуімізді тілеп, бізбен бірге уайымдайды. Түсінемін, жаңа форматқа бірден ауысу ешкімге оңай болған жоқ, бұл жайт барлығымызды есеңгіретті. Дегенмен, өмір осы ҰБТ-мен ғана шектелмейді ғой. Бұл біздің 11 жыл бойы алған білімімізді сараптау үшін арналған сынақ. Денемізді жансыздандырып, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік бермейтін "қобалжуды" дереу доғаруымыз керек.
Ең бастысы санамызды позитивті ойлармен толтырып,өзімізге сеніп, жақсы дайындалар болсақ, қорқатын дәнеңе жоқ. Бір-екі жыл қиналсақ та , артынша ардақты ата-анамыз бен аяулы ұстаздардың үмітіп ақтап, жоғары көрсеткіш көрсетіп, қалаған мамандығымыздың грант иегері болу барлығымызға нәсіп етсін! Мектептерінің абыройын асқақтатар жастар көп болады деп кәміл сенемін.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін-деп Мағжан атамыз айтпақшы, алдағы уақытта ҰБТ алаңынан өтетін өзім секілді талапкерлерге тек сәттілік тілеймін! Қазақстан болашағы - мына сіз бен біздің қолымызда!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі