Іс жүзінде әрбір заманауи фотоаппарат бейнетүсірілім жасай алады. Дегенмен, бейнекамералар әлі де көп қолданылатын тауарлардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, олардың айтарлықтай айрықша нұсқалары үнемі шығарылып тұрады, бұл шолуда солардың ең қызықты 10 түрі туралы айтамыз…
Соңғы уақытта стримерлер айтарлықтай танымалдылыққа ие болып барады. Ғаламтор арқылы оқиға орнынан көрсетілім жасаған әуесқой-операторлар телеарна қызметкерлеріне қарағанда әлдеқайда жылдам әрі алдын-ала ойластырылмаған түсірілімдер жасайды.
Алайда, мұндай байланыстар бұған дейін сол сәтте қолдағы техниканың, смартфонның немесе планшеттің көмегімен жасалса, қазіргі уақытта стримерлер үшін айрықша құрылғылар пайда бола бастады, мысалға, OnAir Camcorder бейнекамералары.
OnAir Camcorder камерасы оқиға орнынан сапалы тікелей көрсетілім жүргізуге арналған. Ол екі камерамен (негізгі және тұтас қамтитын), динамикпен, OLED-экранмен, Wi-Fi сымсыз байланыс модулімен, сонымен қатар ғаламторға 3G-желісі арқылы қосылу мүмкіндігімен қамтамасыз етілген.
Жоғарыда айтылғандай, цифрлық фотоаппараттардың басым көпшілігінде бейнетүсірілім жасау функциясы бар. Алайда JVC компаниясы фото және бейнекамералардың барлық ең жақсы қасиеттерін біріктіретін айрықша құрылғы жасап шығаруға шешім қабылдады.
JVC GX-PX1 девайсы өзінде фотоаппарат пен бейнекамераның барлық мүмкіндіктерін үйлестіреді. Біріншісінен ол өлшемінің кішілігін және ажыратымдылығы 12 мегапиксель болатын матрицасы бар «пішінін» алса, екіншісінен — бейнетүсірілім жасауға арналған арнайы объективін алған.
JVC GX-PX1 секундына жиілігі 60 кадр және ажыратылымдылығы 1080*1920 нүкте болатын бейнетүсірілім жасай алады, алайда секундына сапасы төмендеу 300 кадрға дейін түсіруге қол жеткізуге болады. Фотоаппарат режимінде бұл мән отызға дейін азаяды. JVC GX-PX1 объективі он еселі оптикалық зум мен кіріктірілген бейнеқұбылысқа қол жеткізуді мүмкін етеді.
Қазіргі уақытта баланы қашықтан бақылауға және күтім жасауға арналған көптеген алуан түрлі құрылғылар бар. Алайда олардың ең әдемісі және өзгешесі — бұл Loofa деп аталатын түнгі шам, ол сонымен қоса бейнекамера да болып табылады.
Иә, балалар бөлмесіне іліп қоюға болатын бұл шырағданға мүлде байқалмайтын бейнекамера орнатылған, ол сымсыз байланыстың интерфейсі арқылы көріністі ата-анасының компьютеріне немесе мобильді телефонына бере алады.
Loofa камера-шырағданының тағы бір артықшылығы оның сүйкімді сыртқы түрі мен безендірілуінің әр түрлі түстілігі, олардың ішінен ұнаған біреуін немесе бірнешеуін таңдап алуға болады.
Қазіргі танымал режиссерлардың көбі шығармашылық жұмыстарын 8-миллиметрлік бейнекамерамен қысқа роликтер және тіптен кішігірім фильмдер түсіруден бастаған. Нәтижесінде мұндай құрылғылар ұлы адамдардың мансабының бастамасының символына айналды және жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдарымен тығыз байланысқан атрибуттардың бірі болып қалды.
Ал 2010 жылы жапониялық Сhinon компаниясы заманауи электроникаға сол кезеңдердің стилистикасын қайтаруға шешім қабылдап, классикалық 8 миллиметрлік бейнекамераның стиліне келтірілген Bellami HD-1 Digital Super 8 деп аталатын құрылғы жасап шығарды.
Дегенмен, Bellami HD-1 Digital Super 8-дің ішіне салынған техникалық бөлшектері толықтай заманауи. Оның ажыратымдылығы 21 мегапиксель болатын матрицасы мен 8-миллиметрлік объективі бар. Құрылғы секундына жиілігі 30 кадр болатын 2К-бейнетүсірілім жасай алады.
Қазіргі нарықтағы қолжетімді сансыз көп экшн-бейнекамералардың ішінде ең танымал және көп тұтынылатыны GoPro компаниясының өнімдері болып табылады. Әрине, Bublcam камерасы бұл флагманға айтарлықтай бәсекелес бола алмайды, дегенмен бәрібір де ең көп сұранысқа ие болатыны сөзсіз.
Bublcam – бұл 360 градус шолу бұрышымен кең аумақты бейнетүсірілім жасай алатын әлемдегі ең алғашқ ыэкшн-камера. Оның кең аумақты қамтитын түрлі жақтарға бағытталған төрт объективі бар. Үшеуі бүйір жақтарына, ал төртіншісі – үстіге қаратылған.
Bublcam камерасының пішіні бейсбол добының өлшеміндей. Оны бейнетүсірілім жасауды қажет ететін: парашютпен секірген уақытта, велосипедпен немесе мотоциклмен жол жүрген кезде, табиғаты әсем жерлерге саяхаттағанда және басқа да белсенді іс-әрекеттер кезінде шлемге (бас киімге) бекітіп қоюға болады.
Жалпы Canon EOS-1D C - бұл фотоаппарат. Бірақ бұл құрылғы, ең алдымен, кәсіби деңгейде бейнетүсірілім жасауға арналған. Бұл девайс, шын мәнінде, әлемдегі сипаттамасы мен мүмкіндіктері бойынша кәсіби бейнекамералардан еш айырмашылығы жоқ алғашқы фотокамера болып табылады, бірақ олардың өлшемдерінен әлдеқайда кіші және бағасы айтарлықтай төмен.
Canon EOS-1D C фотокамерасы 4К (2160 пиксельге 4096) ажыратымдылықпен бейнетүсірілім жасай алады, бұл көркем фильмдер, телесериалдар мен деректі хабарлар түсіру үшін де толықтай лайықты. Камераның 18.1 мегапиксельдік матрицасы мен көріністерді (бейнелерді) өңдеуге арналған Digic 5+ екі процессоры бар.
Canon компаниясы өздерінің өнімдері теледидар саласында қызмет ететін кәсіби операторлардың құралына айналады деп күтеді. Өйткені бұл өнімдер оларға суреттердің сапасын жоғалтпай әлдеқайда мобильді болуға мүмкіндік береді.
Camsports Coach – бұл құрылғыдан тек фотоға түсіру мен бейтүсірілім жасау функцияларын ғана қажет ететіндерге арналған «ақылды» көзілдіріктер. Мұндай жұмыстарды бұл девайс тамаша жүзеге асырады.
Camsports Coach – бұл спортпен айналысқан, аң аулаған уақытта және серуен кезінде сіздің барлық іс-қимылыңызды түсіріп тұратын, бірмезетте күннен қорғайтын көзілдірік те, экшн-камера да бола алады. Оның көмегімен сіз қолдарыңызды азат етесіз, сонымен қатар құрылғыны қосу және өшіру, ракурс таңдау және басқа да ұсақ жұмыстардан мүлде босатыласыз.
Тек басыңызға Camsports Coach кию және оны іске қосу жеткілікті – камера бірінші тұлға атынан бейнетүсірілім жасайды, онда көрермендер дәл сіз көрген нәрсенің бәрін көре алады.
Лунд университетінің (Швеция) ғалымдары әлемдегі ең жылдам түсіретін камераны жасап шығарды, ол секундына бес триллион кадр жиілікпен түсірілім жасайды. Камера FRAME деп аталады. Ағылшын тілінде бұл сөз «кадр» дегенді білдіреді, алайда «Frequency Recognition Algorithm for Multiple Exposures»-дің (Көптеген экспозициялар үшін жиілік танылу алгоритмі) қысқартылған атауы болып табылады.
Құрастырушылар камераға сипаттама бергенде, ол көріністі соншалықты қысқа 0,2 триллион секунд ішінде түсіріп ала отырып, «іс жүзінде жарықтың таралуын тоқтата» алады деп түсіндіреді. Ғалымдар камера химиядағы, физикадағы, биологиядағы және медицинадағы бұрындары мүмкін емес болған түрлі құбылыстарды құжатпен дәлелдеуде көмектеседі деп санайды.
Бұл қаншалықты көп – секундына бес триллион рет? Бұл он екі нөлі бар бестік – 5000000000000. Салыстыру үшін – егер адам өмірінің ұзақтығы 80 жас деп алатын болсақ, онда 2,5 миллиард секунд бар деген сөз. Бар жоғы екі жарым миллиард! Швед суперкамерасы бір секунд ішінде біздің бүкіл өмір сүрген уақытымыздағы секундтың мөлшерінен 2000 есе көп кадр жасай алады.
Оны құрастырушылар – бұзылған El Toro Marine Corps Air Station әскери әуе базасының қалалық саябаққа айналуын құжаттандырушы энтузиасттар тобы. Камераның өлшемі 14/49/24 метрді құрайды. Алып фотоаппаратқа арналған үлдірді 80 литр эмульсиямен қолмен жабылатын ауқымды муслин кенеп матасынан әзірлейді.
Бұл камерамен жасалған фотосуреттің биіктігі 9,5 метрге, ал ұзындығы 34 метрге жетеді. [CUT] Фотоға түсіру үшін дайын «үлдірді» жарықтан толықтай оқшауландырылған кеңістікке орналастырып, камераның «ысырмасын» 35 минутқа ашады. Бір кадрды айқындау үшін хауыз бен 600 литр айқындағыш қажет. Бұл камерамен әзірге тек бір ғана фото түсірілгендігі таңғаларлық жайт емес.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі