Өлең, жыр, ақындар

Гидроцефалия

Гидроцефалия (ми шемені) — бас сүйек қуысында ми-жұлын сұйықтығы көлемінің көбеюі.

Этиологиясы және патогенезі

Жұлын-ми сұйықтығы сорылуының және айналысының бұзылуы немесе оның шамадан артық бөлінуі. Бұның себептері, әдетте, бастың зақымдануының немесе нейроинфекцияның салдарынан болған жабыспа үдерісі, сонымен қатар ми ісіктері, мидың туа біткен ауытқулары және онық қабықтарының ауытқулары болып табылады.

Клиникасы

Жаңа туған нәрестелердің гидроцефалиясы кезінде байқалатын белгілер: бастың ұлғаюы, бас сүйек жабындысы көктамыр жүйесінің айқындылығы және көздердің төмен түсуі (батып бара жатқан күн секілді). Бас мөлшері бірте-бірте үлкейіп, алып болуы мүмкін (бас сүйек шеңбері 60 см-ге дейін жетуі және одан да көп).

Бас сүйек жіктері кеңейген, алдыңғы еңбек қатты ұлғайған. Сәбилердің бас сүйегі жұмсақ болатындықтан, гипертензия белгілері сирек байқалады.

Көбіне бас сүйек жүйкесінің сал аурулары кездеседі, әсіресе көру жүйкесінің атрофиясына байланысты көздің көргіштігі төмендейді. Өте ауыр жағдайларда баланың ақыл-есі дамымай қалуы мүмкін.

Ал ересектерде гидроцефалия бас сүйек іші қысымының жоғарылауы белгілерімен сипатталады: бастың ауыруы, құсу, көру жүйесінің іркілген (тоқтаған) шеңберлері, бас айналу. Егер ауру 17-18 жастан кейін пайда болса, бас мөлшері үлкеймейді.

Нақтамалау және ажырата нақтамалау

Науқастың жасына байланысты дамыған гидроцефалия кезінде рентгенограммада бас сүйек өзгерісі көрінеді: ересектерде түрік ершігінің  бұзылысы, бас сүйек күмбезі бойынша саусақпен қысудың күшеюі байқалады. Компьютерлік томографияда және вентрикулографияда ми қарыншасының қатты үлкейгендігі және ми заттарының семуі.

Жаңа туған нәрестелердің гидроцефалиясын бастың мешелдік үлкеюінен ажырату керек. Бұған тән белгілер: бас сүйек тіндерінің қалыңдауы және мешел жағдайында қаңқаның типтік өзгерістері.

Ересектерде гидроцефалия кезінде жұлын-ми сұйықтығы айналысының  бұзылыстары себебін анықтау, бірінші кезекте дер кезінде ми ісігін ажырата білу керек.

Емі

Бас сүйек ішіндегі қысымды төмендету үшін диуретиктер, глюкокортикоидты гормондар, глицерин тағайындайды. Нәрестелер гидроцефалиясының хирургиялық емі кезінде жұлын-ми сұйықтығының бас сүйек қуысынан қосымша жолдармен ағып шығуын (шунттау немесе ұштастыру) қамтамасыз ету; ересектердің гидроцефалиясы кезінде көп жағдайларда жұлын-ми сұйықтығының ағып шығу жолдарының өткізгіштік себептерін жою (мысалы, ісіктерді алып тастау, жабыспаларды кесіп тастау т.б.) қолданылады.

Болжамы

Нәрестелер гидроцефалиясының болжамы өте қолайсыз, ал ересектердің гидроцефалиясы кезінде ауруды тудырған себептерді хирургиялық жолмен түзетумен шектелу қажет.

Ә.В.Саркисьян


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Uldanai Saipulla

Салеметсиздерме іштегі нәрестенің басында су бар яғни гидроцефалия деген диагноз қойған бірақ ол өсе келе өзі кетет деп айтыпты дәрігерлер дәрісі бар депті анамның жасы 42 де енді босанады құдай қаласа кесір тілігімен босанасың депті өтініш білетіндер болса көмектесіңіздерші осының бәрі дұрыспа анама зиян келмимекен іштегі балағаше Алла ризалығы ұшін

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер