Атырау облысы әкімдігі Telegram чат-каналы ашылғалы 2200-ден аса өтінімдерді қарады. Ал, «Атырау Цифрлық Қабылдау» мобильді бағдарламасына 2018 жылдың басынан бері 1087 шағымдар келіп түсіпті. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдік тұрғындармен байланыс орнату мақсатында әлеуметтік желілер мен мобильді бағдарламалардың көмегін пайдаланады. Мәселен, WhatsApp қосымшасы мен Telegram каналдарын айтсақ болады. Бұлар өз кезегінде тұрғындармен байланыста тиімділігін көрсетті.
Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, өңірде 2016 жылдан бастап қаладағы коммуналдық қызметтің жұмысын жандандыру мақсатында шаралар басталған болатын.
«Тұрғындар тарапынан олардың жұмыстарына, кері байланыстың жоқтығына, сұранымдар мен шағымдарға жай әрекет етулеріне қатысты наразылықтар болды, WhatsApp қосымшасы арқылы барлық негізгі коммуналдық қызметтерге жедел желі аштық, ол жұмыстың жеделдігін, тиімділігін жоғарылатты», – делінген хабарламада.
Аймақта «c» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Тelegram қосымшасы арқылы «Атырау облыстық әкімдігі» мен «Атырау Цифрлық Қабылдау» чат-каналдары жұмыс істеуде.
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтың айтуынша, мобильді қосымшалардағы чат-каналдарды ашудағы мақсат – жергіліктi атқарушы органдардың қызмет сапасын арттыру және халықтың сауалдарына тезірек жауап беру.
«Чат-канал мен мобильді қосымшалар арқылы көрсетілетін қызметтер жергілікті атқарушы органдарға елдімекендердегі мәселелерді анықтауға септігін тигізеді. Ол жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсартуға, халықпен ашық диалог орнатуға ықпал етеді. Оларды ашудағы мақсат- жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуін, жауап беруін қолжетімді қылу», - деп атап өтті С. Шапкенов.
Тағы да айта кететін жайт, әкімдік электрондық форматта мемлекеттік қызметті жетілдіру бағытында бірқатар істер атқарып жатыр. Мәселен, онлайн-құралдарды айтсақ болады. Бұл процестердің барлығы біртіндеп кезең-кезеңімен жүзеге асып, автоматтандылады. Осы ретте, жергілікті атқарушы органдар арқылы 600-ден аса қызмет көрсетілетін болады.
Қазіргі таңда әкімдіктің ашқан мобильді қосымшасы мен чат-каналының қызметін 7 мыңнан астам тұрғын пайдаланады екен. Сондай-ақ, 2017 жылдың қорытындысы бойынша Атырау облысы әкімдігі және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 2,7 млн. қызмет көрсетілген. Оның ішіндегі 1 176 412 мемлекеттік қызмет – ХҚКО-ларға тиесілі болса, 1 531 984 мемлекеттік қызмет – әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерімен жүзеге асқан. Ал, 2018 жылдың басынан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтарымен 648 915, әкімдік арқылы 611 095 мемлекеттік қызмет көрсетіліпті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі