Өлең, жыр, ақындар

Күн күркіреуі мен найзағай

Күн күркіреп, найзағай жарқылдауынан бұрын аспанда жиылған бұлттар теріс (негативті) электр зарядымен жүктеледі. Осы сәтте бұлттар мен жер арасында үлкен потенциалдық айырмашылық орын алады. Сол себепті бұлт жинаған электр жүгін жер бетіне босатып, шамадан артық энергиясынан құтылуға бейім тұрады. Алайда мұның жүзеге асуы үшін арадағы ауадан жерге өтетін көпір құрылуы керек. Бәрі жер бетіне қарай зигзаг құрып түсетін әрекеттермен басталады. Кішкентай жарық нүкте бұлттан шығып, жарық жылдамдығының алтыдан біріне тең жылдамдықта төмен қарай түседі. Шамамен 50 метр түскеннен кейін 50 миллисекундтай уақыт тоқтап, тағы қадам тастайды, тағы тоқтап, тағы қадам тастайды... Осылай жалғасады. Қалыптасқан осы негативті жүкті бұлттан жер бетіне тасығандықтан, каналдың барлығы негативті электрге толы болады. Жер бетіне тиіп босаған сәтте, жерден бұлқа дейінгі аралықта өткізгіш сым қойылғандай болады. Осы арқылы бұлттағы негативті жүк босап, осы арада төменде пайда болған позитивті иондар дәл осы жолмен бұлтқа қарай өрлейді. Осы кезде алдарынан шығатын ауа молекулаларының да иондануы арқылы өте жарық сәуле пайда болады. Найзағайды жерден жоғары көтеріліп жатқандай көретіндігіміздің себебі осы. Сондай-ақ найзағай ұрған кездегі пайда болатын жылу, ол жердегі ауаның бірден кеңеюіне себеп болады. Осының салдарында күн күркіреуі ретінде естілетін дыбыс пайда болады. Дыбыс бұлттан бұлтқа жаңғырып қайталанады және біздің құлағымызға жарылған, гүрілдеген түрде жетеді. Кейде осы үрдіс бұлттан бұлтқа қарай да орын алады.  


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Асел

Керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз