Жыр-ошақ

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 18.04.2015
  • 1
  • 2
  • 18709
Күмілжіп, күйің келмей тұр ма, жаным?..
Қояйын бір сапырып жыр қазанын.
Біле ме жұрт, білмей ме, бимағұлым,
Тарғыл тасты таулардың бір қазағын.
Бәрібір, сенсін мейлі, сенбесін көп,
(Менің ойым менімен жерге сіңбек...)
Жыр-ошақтың өтемін отын үрлеп,
Қара елеңі қазақтың сөнбесін деп.
Батар, кетер келмеске күнім менің,
Қалар бірақ киелі тілім менің.
Қасіретті шақтардан түңілгенде,
Қасиетті тілімнен түңілмедім...


Пікірлер (2)

Жексенбиев Ғабит

Муқағали Мақатаев өлеңдері жүрегімді тебіренті

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыр-ошақ өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Жыр-ошақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жыр-ошақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жыр-ошақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері