Нұрхан – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Нұрхан» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 851
Нұрекем, сені айтқанда еңіредік,
Ажалға жан емес ең жеңілерлік.
Торғайда өзің басқан әр топырақ
Әманда жатады екен тебіреніп.
Әуелден адам едің арыны ағын,
Әу десең дем беретін әруағың.
Кім білген тынбай соққан жырлы жүрек
Шабыттан жалын атып жарыларын?!
От өлең сыйған қалай өр кеудеге,
Көз салмай жортқанға да, желгенге де.
О баста тұлпар болып туған ақын
Тұлпар боп өледі екен өлгенде де.
Ақынды өледі деп кім ойлаған,
Онан да жырын жатта, мұңайма, адам!
Нұрханның өлеңдерін айтып бер деп,
Өтініп әркімдерден сұрайды анам.
Сен едің ақын жырау жыр-әні көп,
Халықтың өле-өлгенше құмары боп,
Қалдың сен әдебиет әлемінде
Торғайдың жалқы біткен шынары боп!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нұрхан өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Нұрхан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нұрхан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нұрхан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері