(этнографиялық әңгіме)
Бозала таңнан қара кешке дейін үйдің жанына жапсыра жиналған бір мая шөптің күнгей жағына отырып күн шуақтайтын Томардың күндегі әдеті еді. Жасы жиырмаға келсе де қарекетсіз, бекерден қолы тимейтін байдың боркемік баласының бар бітірері шөп төсеп алып бір көзін ашып, бір кезін жұмып көктемнің өткір күнінің кезіне сығырая қарап отыру. Ол ешкіммен әңгімелеспейді де, оны ешкім керек етпейді де, бұл дүниеде оның бары-жоғы бәрі бір, оны ешкім жоқтамайды да. Күндегі әдеті осы. Сәресіні ішкен соң-ақ қыстай үстін қар басып кіріккен маядан бір құшақ шөпті уыстап-уыстап зорға суырып, жұлып алады да, оның түстік жағына төсеп, үстіндегі қоңыр тонын шешіп, етегін астына баса желбегей жамылып отырады. Күн қызуы маңдайдан өткен кезде кейде қалғып та кетеді. Екі аяғын екі жаққа талтайтып көсе тастап, бір кезек ұйықтап, әлде жараған бураша есінеп күн өткізеді. Осылай отырған Томар тамылжыған күн маужыратып енді көзі жұмылып бара жатқанда екі атты кісінің сөйлесіп тұрғанын байқады. Әлдеқалай манаурап отырған оның ұйқысы ашылып кетті. Тобыршақ торыға мінген қара жігіт шабдар жорғалыға қарап:
— Бағың бар жігітсің, баққа жолыққансың ғой, шабдарың жорға бәйгенің алдын бермейді,— деді.
— Бақ па, әлде бап па кім біледі, әйтеуір қайсысы шапса да әзір алдын бермей келеміз. «Жорғаныкі күтім, күтімі жоқ болса, көрер едім к...» деген емес пе!?
— Бағың бар, бақ жолыққан жігітсің,— деп сөз бастаған жігіт тобыршақ торыны бұтқа бір шалып шоқырақтата айдап жөнелді, шабдар жорғалы да тайпалтып өз жөніне тартты.
— Бақ! Бақ дейді, ә!— деп сәл ойланып қалды Томар.— Баққа" жаңағы шабдар жорғалы жолыққанда мен неге жолықпаймын. Мен де іздейік оны.
Бақ үйдің артында оны күтіп тұрғандай-ақ, ол жалтырап кеткен көн шалбарын қалдырлатып, орнынан асығыс түрегелді. Қоңыр тонын иығына іле салып беті ауған жаққа қарай кете барды... Ауыл адамдары Томарды іздеген де жоқ.
Томар ұзақ жүрді. Көп қаңғыды. Үстіндегі киімі де қырық шоқпыт, жалба-жұлба болып жыртылды. Жалаңаяғы жүре-жүре табаны тікен түгіл шөңгені, шеңге түгіл, аранды сезбейтін болып, бір елі көнге айналды.
Бір күні адырлы далалық жерде, бір жырада топырлап жатқан қалың кептің үстінен түсті. Ауыл адамы табанынан таусылып жүрген тосын келген мүсәпір-мүскін адамға ерекше көңіл аударды. Жайқалған жауқазынды кек жасын үстінде тоқымын төсеніп отырған бурыл сақал қария бұған тіл қатты:
— Ұлым, қайдан жүрген адамсың, неғып осынша азып-тозып жүрсің?
— Бақ іздеп жүрмін,— деді Томар.
— Бақ іздеп жүрмін!
— Иә, бақ іздеп жүрмін.
— Оны қалай табасың?
— Қайдам. Қаңғи берсем құдайға да кездесермін.
— Ей, шырағым, бақ деген еңбекте болады. Оны іздесең мына біздің ауылдың адамдарымен бірге анау тоғанды қазыс. Ішіп-жеп тойын, киіміңді бүтінде. Бақ бақытын, бағытын білетін адамды ғана табады.
— Жоқ, болмайды. Бақ іздеп жүрмін дедім ғой, сізге, бақ іздеп жүрмін. Тоқтай да, тоқырай да алмаймын.
Қария даққа қалып, бір қиялға берілген адам шығар деді ме, қайтып сөйлеуді қойды да, оған тамақ әкелдірді. Әбден ет пен қымызға тойғызды. Томар кетпек болғанда қария оны оңаша шақырып алып:
— Ей балам, бақты қалай табасың? Оны білуші ме едің, ең болмаса байланған жылан қатын да жоқ екен,— деді.
— Жоқ, қаңғи берсем кездесермін. Жыланқат байланып жауға шабам ба, жыланқат түгіл кездігіңнің де керегі жоқ.
— Олай деме, ұлым. Кездік кесіріңді кеспейді, бірақ жөпелдемеде керегіңе жарайды. Жә, жарар. Онда ақыры бақ іздеген адам екенсің, оны үнемі қан базардан ізде, Менің жас кезімде,— деді шал,— бір әңгіме естігенім бар еді. Соны айтып берейін. Бақ деген екі кезінің үстін қабағының терісі салбырап жауып кеткен соқыр адам екен. Ол қан жиын, базар аралап жүреді деседі. Сол базарлардың бірінде жүріп жұрттың бәрі шулап, жапырлап көріп жатқан, қызығып жатқан нәрсеге кезін жауып тұрған қабақ терілерін қолымен көтеріп бір қараса керек. Сол кезде алдында кім тұрса, көзіне кім түссе, сол баққа ие болады екен. Сол кезде бақ егер оң көзін ашса, көзі түскен адам көркейіп кетеді, сол көзін ашса соқыр болады деседі.— Қария тағы да ұзақ даққа батып, тұнжырап отырып қалды да, қайта сөйледі:
— Ей, ұлым, мен саған бір ақыл үйретейін. Саған бір түйенің көнін берейін. Сен соны түйе қалпына келтіріп тігіп ал да, ішіне сабан толтырып базарға бар. Мүмкін саған бақ кездесер, кездесе қалса саған қарар.
Сол заматта-ақ ауылға адам шаптырып жіберді де, кеше осында асарға сойылған түйенің көнін алғызды. Түйенің терісі жаз күнінде кеуіп, қалдырлап қалыпты. Оны су бүркіп жібітті. Екі жерден бауыздалатын түйенің мойнағын тігіп қалпына келтіртті. Бөлек сойылған бас терісін де биікке шығарып қойған бас сүйекті түсіртіп, соған кигізе қаптай отырып, қайта қалыпқа келтірді. Сөйтіп ішінде еті, сүйегі жоқ түйе дайын болды. Қария сонан соң Томарға қайта тіл қатты:
— Ұлым, міне, бәрі дайын болды. Енді оны жібітіп, ішін толтырып сабан тығып, кептір, жөнде жаса. Көн қатқан соң түйенің өзі болады да қалады. Сонан соң үлкен елді мекенді тауып ал да, соның базарына осы түйенің кенін көтеріп бар. Бәлкім, саған бақтың кезі түсіп қалар. Онда таппасаң екіншісіне барарсың. Егер сәті түсіп бақты көре қалсаң сәлемімізді айта бар. Біз бір ауыл мына жырадан шығатын бір құлақ суды егіске тартып, аяғына егін салып күн көретін едік. Сол суымыз үш жылдан бері егіске шықпай әуре қылып жүр. Аяғын қанша еңістетіп, тереңдетіп, ылдилатып-құлдилатып қазсақ та су жүрмейді. Баққа бізден сәлем айта бар, бұл суды егіс алқабына шығару үшін не істеуіміз керек екен.
— Е, жарайды, айтайын,— деп Томар лыпың ете түсті. Түйенін көнін арқалаған ол беті ауған жаққа жөнеле берді. Бұл бір шермендеге миығынан күліп ауыл адамдары қалды.
Бір күні кешке қарай бір үлкен шаһарға келгенін байқады Томар. Ол қалаға кірмей даладағы ескі қырманның орнына қонды. Ертемен тұрып, қырманның орнынан құрғақ сабанды толтыра көннің ішіне тықты. Сөйтіп бір мезеттен кейін қаупиған атан түйе жанында тұрды. Аздан кейін түйе көнінен жасалған жөнде-абақыны мойнына салып қалаға қарай Томар аяндап бара жатты. Томардың өзі де ешкімайт адам емес-ті. Ол Томар десе томардай жуан, бойы да зіңгіттей дүңкиген жігіт болатын. Құдайекең басына торғайдың миындай ми бермегенмен, оны дөңкитіп молынан соғыпты. Ол асықпай, маң-маң басып қалаға кірді.
Жұрт түйені жаяу көтеріп келе жатқан түйе палуанды тамашалап көрді. Мұндайда балалар қандай, айғайлап-шулап түйе арқалап келе жатқанға таңырқап, біріне-бірі жүгіріп айтып, базарға дейін еріп келді. Қан базардағы ел терінің іші қауқиған сабан екенін қайдан білсін, түйе көтерген палуанға таңырқасып, тамашаласып жатты. Түс ауа базар тарқағанша Томар жүрді де, түннің бір уағына дейін қаңғып тағы кете барды. Бір кезде ұйқысы келіп жолдан шығып, әлдебір жерге келіп, кенді жамылып қисая кетті.
Таңертең Томар көзін ашқанда, келіп қисайған жері бір үлкен қара жартастың асты екен. Жолдың қайда екенін де білмейді. Түйе кенінен шығып жан-жағына көз салса, үлкен бір бәйтерек өсіп тұр. Оның түбінде жылап қана аққан бұлақ бар екен. Томар бұлақтан етпеттеп жата қалып бет-аузын кеме бір сіміріп біраз отырды да, манаурап, қара жартастың түбінде жатқан көннің үстіне қайта қисайды. Әлде бір мезетте бір дауыс шыққандай болған соң бақырдай басын көтеріп алды.
— Ей, адам!— деген дауыс құлағына анық келді. Түрегеліп қарады. Төңіректе ешкім көрінбейді. Әрі-бері көз салса, қара жартастың үстінде кішкентай тектұр бар екен. Одан арғы жері қайта таумен жалғасқан жалаң қия, жартас, жаңағы тектұрдан қалақтай бір жыланның басы көрінеді. Дауыс беріп сөйлеп тұрған жыланның басы.
— Ей, адам. Бұл жерге тірі жан келмеуші еді, нағып қаңғып жүрсің? Қайдан ғана болдың мұнда?
— Бақ іздеп жүрмін!
— Бақ деймісің?
— Иә, бақ!
— Оны қалай табасың?
— Оның көзіне түсетін түйем бар.
— Түйең не?
— Міне,— дейді Томар, түйенің көнін көрсетіп жыланның басына. — Мынаның ішіне толтырып сабан тығамын. Сонан соң көтеріп аламын. Сонан соң бақ маған қарамай көрсін. Маған бағың түгіл, құдай да қарайды емес пе!?
Жыланның қалақтай басы сықылықтап тұрып адамша күлді.
— Ой, байқұс, шерменде болған мұндар!
— Ей, жылан, сен тастың үстінде тұрып алып маған күлгеніңді қой. Әйтпесе таспен бір ұрып мыж-мыжыңды шығарамын. Күніңді көп қылармын. Одан да бері кел, жөніңді айт, сылайыңды білдір.
— Сал болып жатырмын, жүре алмаймын.
— Онда неге аштан өлмейсің?
— Жылан аштан өлуші ме еді,— деді жылан күлген • болып.— Америка деген жерде біздің анаконда деген туысқанымыз бар, ол бір жеген тамағымен екі жыл нәр татып алмай күн көре алады.
— Онда сен де топыраққа тойып ал да жата бер.
— Ей адам, мен саған ақыл айтайын.
— Сал болып жатқан, тұруға мажал жоқ сорлы, әддіңнен асып қайтесің. Ақылыңды басыңа шайнап жақ.
— Ей, адам, жыланда жоқ болса құлақ жоқ, ол естімейді. Әйтпесе басы, миы саған алғау ішкізгендей.
— Жарайды, айтшы, айтарыңды.
— Айтсам, сен түйе көнін арқалағаныңды қой. Өз көніңді көтеріп алсаң да жаман болмайды. Сен бақты табатыныңды білесің бе? Бактың оң бармағының сүйегі жоқ, буыны бос болады. Амандасқан адамның оң бармағын ұста. Сонда ол сүйегі жоқ былқылдып тұрса, бак болғаны.
— Жарайды!
— Ей, адам, тұра тұр. Мен мына қара жартастың үстіне келіп жатып, тұра алмай сал болып қалғаныма жеті жыл болды. Бақты көрсең сәлем айт, мен қайтсем мына дертте жазылар екенмін.
— Е, жарайды!
Тағы бір күні Томар адамы құмырсқа илеуіндей қыбырлаған, тынышы жоқ бір үлкен қалаға тап болды. Іздеп базарына барды. Ығы-жығы жүк, біреу өгізін, біреу атын, біреу түйесін саудалап жатыр. Қызыл кеңірдек болып әлденеге таласып жатқандар, саудалы екі кісінің арасына түскен қызылқұлак делдалдар. «Дарбызым дарбазадай, қиярым сарбаздай»,— деп өзінікін пұлдаған неше түрлі мүдәйі саудагер жан. Қаранған мың сан адам, бық-бық шөккен түйе, мөңіреген сиыр, кісінеген жылқы. Бөккен палау, ошақта алау, көкала түтін. Біреу ішіп, біреу жеп, томпаңдаған ауыз, сылпылдаған, Отырғаны, тұрғаны, жүргені сол мың сан адамның бәрінің оң бармағын ұстап амандасып Томар жүр. Сөйтіп жүргенде түс те ауып, көлеңке ұзарды. Кіші бесін болып қалғанда әлдеқандай жасауылдар. келіп Томарды ұстап алып, тырылдатып сүйрей жөнелді. Сөйтсе сол елдің ханына мынадай сөз жетеді: Базарда киімді, сақаны бөлек, арқасында көнек, кигені кебенек бір адам жүр. Жұрттың бәрінің оң бармағын ұстап амандасады..
— Ол бақ іздеген адам екен, маған тез жеткізіңдер!— деп хан бұйрық берген.
Қысы-жазы бірдей шептің түбін мекен еткен жұмыссыз, қарекетсіз байдың бұла, боркемік баласы хан сарайын біліп пе?! Қисайта құрық ұстап, қиқулап жылқы айдағаннан басқа не көріпті дала баласы. Ханың түгіл құдайыңды біліп пе, ол? Томар хан сарайын көріп есі кетті. Аяқ басқан жердің бәрі көздің жауын алатын кілем, әйтеуір қайда қараса да жайнап жарқырап тұр. Аяғыңды шалыс бассаң шауып жіберетіндей қылышын қайқайта ұстап бұрыш-бұрыштың бәрінде сәрудей тізіліп, сыптиып жасауыл тұр. Жұлма тон, кен табан, күсті қол, кекіл шашы есіп көзін жапқан, желке шашы арқасын қапқан байқұс ханға несіне керек болды екен, күлбар асынған бұл емес, көл төгетін бұл емес дегендей сұқ кездің бәрі осыған қадалды. Хан алдын бұрын көрмеген Томар, аман да, сәлем де жоқ, сүйретіліп келіп, сүмірейіп тұра берді. Ханның сөзі қысқа болды.
— Неғып жүрген жансың?
— Бақ іздеп жүрмін.
— Бақты көрсең менен сәлем айта бар, күндіз ойыма ештеме келмейді, түнде ұйқым келмейді. Ғамкүн боламын. Мұның себебі не екен?
— Е, жарайды!— Сонымен Томар жайына кетті. Қаңғып тағы басы ауған жаққа жөнелді. Тағы бір базарға Томар келді. Кездескен адамның оң бармағын ұстап жүрген Томарға түс ауа біреу кездесе кетті. Оң бармағы былқ етіп қолына жансыз бірдемедей тиді. Томар бақты түп етектен ұстай алып, езіміздің қаба сақал Қарабекке қалай ұқсайды деп ойлады:
— Түстің бе, бәлем, қолыма!— деді. Бақ та дәу, алысса алып ұратын, жұлқысса жұлып түсіретін кісі екен, ол жұлқынып шығып кетпек болып, жұла тартты. Томар да томар атты бекер алды деймісіз, томардай қолды белбеуге салды. Сөйтіп бақ байғұсты бір қол түп етекте, екінші қол келте белдікте тырп дегізбеді.
— Сіз бақсыз ғой?
— Иә, қалай бер!
— Көктөбенің баурайында бір ауыл егісіне су шығара алмай жатыр екен. Бұрын сол бұлақтың суымен егін салып, астығын алып күн көреді екен. Үш жылдан бері темен қарай арықты қалай тереңдетіп, еңістетіп тартса да су жүрмей қойыпты. Бақты көрсең осыны біле кел деп еді,— деді Томар.
— Бұлақтың кезінде ат басындай алтын жатыр. Соны қазып алып тастаса су жүріп кетеді, су алтынға тартып тұр,— деді бақ.
Кетуге ұмтыла беріп еді бақ, Томар түп етектен айрылмады.
— Тағы біреу сәлем айтып еді. Бір хан айтады: Күндіз ойыма ештеме келмейді, түнде ұйқым келмейді дейді.
— Хан еркек емес, қыз. Күндіз бау кешеді, дау шешеді, қарекетпен уақыттың қалай өткенін білмейді, түнде жалғызсырайды. Ғамкүн болады, күлпет дүниені тарылтады. Еңсіткен біреуге еңсесін берсе, діліндегісі тіліне келмейді, ханмын деген қаһар мұрша-мажал бермейді. Зайыры күйеуге тисе, бәрі де орнына келеді.— Бақ кетуге тағы ұмтылды. Томар тістей қатып айрылмады.
— Тағы да нең бар еді?
— Қаратаудың бауырында қара жартастың үстінде бір жылан жеті жылдан бері сал болып жатыр екен. Қайтсем жазыламын деп сұрады.
— Ақымақтың миын жесе жазылады.— Бақ бұл жолы кетуге асықпады. Енді Томар етекті жіберді де, жөніне кетпек болды. Бұл жолы Бақ өзі сөйледі:
— Ал жүдеп-жадап бақты кегі жыл іздеген екенсің, ұлым. Не арыз-арманың бар, талап-тілегің бар, ділінде діттегенің бар ма?— деді.
— Жоқ, әншейін іздеп едім,— деді Томар. Бақ бұрылып кете барды, көзін қолымен көтерген қабақ еті жауып кетті.
Сонымен қаңғып жүріп бір күні Томар баяғы егіні судан қалып, аштан қатып жүрген елге келсе, олар әлі де сол жыраның аяғын қазумен айналысып жатыр екен. Баяғы қария мұны көріп тани кетті. Амандықтан соң ол:
— Иә, бақты таптың ба? Біздің сәлемімізді жеткіздің бе, ұлым?— деп сұрады.
— Судың көзінде ат басыңдай алтын жатыр. Соны қазып алып тастаса су жүреді деді бақ,— деді Томар. Қария дереу арық қазғандардың ішінен не палуандарын жиып бәрін су көзіне жапты. Тіпті демнің арасында-ақ, шынымен жақын жерден ат басындай алтынды жігіттер суырып алды. Су бұрқылдап, ылдиға қарай құлдилап жөнелді. Жұрт та, ақсақал да:
— Ат басындай алтынды сен ал. Бізге судың егістігімізге барғаны болады,— десті.
— Жоқ, жоқ, алмаймын,— деп Томар жөнеле берді.
Томар қаңғып жүріп бір күні баяғы ханға да келді. Хан бұл келгенде ерекше мінез көрсетті де, өзінің уәзірлерін, жасауылдарын тегіс ордадан бейдама қылды, қуып шықты. Екеуі оңаша қалған соң:
— Ал сөйле, үмітім — деді хан.
— Сөйлесем сен қыз екенсің. Күндіз жұмыспен ойыңа ештеме келмейді екен де, түнде жалғызсырайды екенсің. Сен байға тисең барлығы жөніне келеді, деді бақ,— деді Томар.
— Ендеше сен мені ал. Қыз екенім рас. Менің орныма хан бол!
— Жоқ, жоқ, атай, керме, алмаймын,— деп Томар шығып кетті. Екі көзі бұлаудай болып хан қыз жылап қала берді.
Қаңғыбас мимырттай басып енді бір күні қара жартасқа да жетті.
— Әңгімені бастан айт!— деді басы қалақтай жылан. Қара жартастың түбінде қалғып-мүлгіп отырып, Томар болған жайдың бәрін түгендеп тізіп шықты.
— Жылан ақымақтың миын жесе жазылады деді бақ,— деп бітірді сөзін Томар. Нақ сол бір әңгіме біткен кезде жеті жыл қозғала алмай сал болып жатқан жылан бойындағы бар күшін жинап, табақтай тасты Томардың басына домалатып тастап жіберді. Томардың басы әбден піскен қарала қарбызша қақ айрылды, миы шашылып жатты. Қалған күшін жиып жылан Томар елігінің жанына құлап түсті де, ақымақ миына тойған соң, терлеп-терлеп, жазылып жөніне кете берді.
Не шолып қарап қойыңызшы, сіздің төңірегіңізде осындай мақсатсыз адам жоқ па?!
1985
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі