Қарағанды қаласына жұмыс сапарымен барған ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев педагогтармен кездесіп, Президент Жолдауындағы басымдықтар туралы айтты.
Білім саласы балабақшалардан бастап жаңғыртылатын болады. Келесі жылдан бастап-ақ тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға ерекше назар аударылады. Олар үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылып, оның соңында ұлттық тестілеу өтеді. Тәрбиешілер үшін жаңа жалақы жүйесі құрылады. Жалақы еңбек өтілі мен санатқа байланысты болады.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Ерлан Сағадиев мектептердегі қауіпсіздік және жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алуға ерекше назар аударды. Оның пікірінше, бұл бағыттағы жұмысты білім ордаларындағы психологтардың санын көбейтуден және олардың біліктілігін арттырудан бастау керек.
«Мектеп психологтарында екі проблема бар: төмен жалақы және ескірген білім. Бұл проблемаларды біліктілікті арттыру курстары және емтихандар арқылы шешуді көздеп отырмыз. Мектеп психологтары үшін, сондай-ақ бөлек жалақы жүйесі құрылатын болады. Бұған қоса, мектеп психологтарының саны мектептегі оқушылар санына байланысты есептеледі. Осылайша, мамандар саны ұлғаяды», - деді министр.
Жолдауда атап өтілген реформалар жоғары оқу орындарындағы білім беруге де әсер ететін болады.
Ерлан Сағадиевтің айтуынша, алған мамандығы бойынша жұмыс істеп жатқан түлектерге негізделген университеттердің рейтінгісі құрылады.
«Егер рейтинг жоғары болса, әрі қарай білім бере берсін. Егер жұмысқа тұрғандар аз болса, біз ЖОО-ны осы мамандық бойынша лицензиясынан айырамыз. Ол бейіндеуге алып келеді. Университеттер неден бастады, соған қайтып келеді: инженерлік мамандықтар, гуманитарлық, тілдер және тағы басқалары. Әдетте, ондай салалық пәндер жақсы оқытылады да, қалған мамандықтарды ақша табу үшін жинап алған», - деп түсіндірді ол.
Кездесу соңында педагогтар министрге жалақыны көтеру және жаңартылған білім беру жүйесіне қатысты бірқатар сұрақтар қойды.
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 15 қазан күні Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Ол алдымен «Колобок» шағын орталығында және техникалық-құрылыс колледжінде болып, педагогтармен инклюзивті білім мәселелерін талқылады.
ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі