Өлең, жыр, ақындар

Жанды макияж

Кірпік

Таңертең ұйқыдан тұрғанда көзіңізді ашу қиынға соғады ма? Көзіңізде былшық байқадыңыз ба?

Ендеше таныс болыңыз: 

Demodex folliculorum. Шаш фолликуласын мекендейтін көздің шаршауын, қышуын және көз бен қабақтың ісінуін тудыратын кененің түрі. Оның дене тұрқы ұзын және көлемі 0,27—048х0,048—0,064 мм.

Бұл кішкентай достарыңыз бірнеше аптаға ғана созылатын қысқа, бірақ белсенді өмір сүреді. Осы қысқа мерзім ішінде ұрғашысы әр салғанда он шақты жұмыртқадан бірнеше рет жұмыртқалайды. Арада 3 күн өткеннен кейін кенелердің жаңа партиясы жұмыртқадан шығады. Белсенді түрде қоректенетін олар, бір аптадан кейін-ақ көбейе бастайды. Сізді олардың бары аса алаңдата қоймайды. Тек кейде көзіңізді уқалап немесе қасып оларға жаңа аумақтарға қоныстануына жәрдемдесіп тұратыныңыз болмаса. Олардың белсенді өмірлерінен соң қалған өлі   денелері мен қалдықтары фолликулдың ішінде баяу ыдырай отырып, көзде тітіркену тудырады.

Кене ғаламшар халқының 90%-ында анықталған, бірақ мәселе иммунитеті әлсіреген адамдарда немесе кенелердің уытты іздеріне ерекше аллергиялық реакциялары бар адамдарға ғана пайда болады. Кірпіктен басқа кене иекті, қас пен бет терісін жақсы көреді. Кененің көптеген тері ауруларына жанама байланысы да бар.

Мұрын, маңдай және бет терісіндегі ұсақ тесіктер 

Терідегі ұсақ тесіктерде май бездері бар. Бұл бездерді Demodex brevis кенесі ұнатады. Ол өз туысы Demodex folliculorum-нан 2 есе кішкентай (0,16-0,176х0,048 мм) кене.

Аталған екі кене иммунитет әлсіз болған кезде үлкен қызғылт және алқызыл безеулермен сипатталатын ауру — Розацеяны тудыруы мүмкін. Ал егер ол асқынса Ринофимаға ауысады, түйіндер пайда болып, бет әлпетінің көркін бұзады. Соңғы жылдары көптеген зерттеулер нәтижелері кенелердің бұл түрінің Птириаз ауруымен байланысы бар екенін көрсетті.

Ауыз бен ерін

Адам аузында бактериялардың мыңдаған түрі бар, және олар өз басына жеке бір экожүйені құрайды. Бұл жерде өркениеттің өсуі мен дамуына қажетті тамақ пен орын үшін нағыз талас-тартыс орын алады. Мұндағы ең қызықты бактерияның түрі — Streptoccus mutans. Олар сахарозаны (глюкоза, фруктоза және лактозаны) тіс эмалін бұзатын сүт қышқылына айналдырады. Бұл бәсекелестікте грам оң бактериялар  тістерге бекудің жеке механизмін ойлап тапқан. Сілекейдің өзі ағзаны қорғау және реттеу құралы болып табылады. Оның құрамында бактериялардың санын реттейтін бактерияға қарсы зат — лизосомалар, тістегі микро жарықшаларды түзететін фосфат және кальций иондары, және көптеген ақуыздар болады. Кейбірі бактериялардың азығына айналса, енді бірі оралған био-қабықша күйінде сілекеймен ішке жұтылып, асқазан қышқылына қарай жөнелтіледі.

Тісжегісін жұқтырып алу мүмкін бе? Жұғуы мүмкін, дәл кене сияқты. Иммунитет әлсіз кезінде басқа микроорганизмдердің балансы бар сілекеймен тұрақты байланысу және алмасу сіздің ауыз қуысындағы баланстың өзгеруіне әкеп соғады, және эмальды бұзатын Streptoccus mutans бактериясының көбеюіне себепші болады.

Құлақ

Құлақта Sarcoptes scabiei тудыратын қышыма қотыр пайда болуы мүмкін. Бұл кене қолдың сыртқы жағын, саусақтардың арасы мен қолтықты мекен еткенді ұнатады. Бірақ кейде құлақты да қасығыңыз келеді, солай ма?

Өз құрылысы бойынша, бұл сорғыш-кеміргіш трактор сияқты. Қабыршақтары мен өткір қылдарының кесірінен ол артқа қарай қозғала алмайды, сондықтан үнемі тері астынан тек алға қарай өзіне жол жасауға мәжбүр болады. Санаулы күндерде мазаңызды кетірердей қышуды тудыра алады. Кененің түсі ақ немесе сарғыш-ақ, еркегінің ұзындығы 0,23 мм-ге дейін және ені 0,19 мм-ге дейін, ұрғашысы ұзындығы 0,45 мм-ге дейін және ені 0,35 мм-ге дейін жетеді.

Мұрын

Сіздің мұрыныңыз күніне 1 литрге дейін емдік және пайдалы шырыш бөліп шығарады. Және оның біраз бөлігі сіздегі асқазан-ішек жолына түседі. Шырыштың құрамында лизоцизмдерден, иммуноглобулиндерден, гликопротеиндерден басқа да көптеген заттар бар. Олардың бәрінің мақсаты бір — вирустардың, саңырауқұлақтардың және бактериялардың жоғарғы тыныс жолдарына енуіне тосқауыл жасау. Қалыпты жағдайда шырыш жұқа және түсі мөлдір болады. Бірақ мегаполистегі өмірде, үнемі күресу немесе белсенді тарату жағдайында жүргендіктен, бәрі қалыпты бола бермейді.

Инфекция түскен жағдайда шырыштың түсі сары немесе жасыл болып, өз құрамын өзгертеді. Сонымен қатар, айналаңызда инфекцияланған аэрозольдің бұлтын тудыра отырып үнемі буланып отырады. Осы тұрғыда 40 000 тамшыдан және бүркіннен тұратын, мысалы тұмаудың вирусымен толтырылған қарапайым түшкіріктің өзі нағыз атомдық жарылыс тәрізді әсер қалдырады.

Сондықтан сіздің мұрыныңыздың шырышты қабығы-өлген немесе көбейіп жатқан вирустар мен бактерияларға толы антисептикалық агент.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз