Өлең, жыр, ақындар

Жанұя күйреуде

Осы күні қоғамдағы ең үлкен күйзеліс, құлдырау жанұяда жүзеге асуда. Батыста отбасы деген түсінік күйреді, бітті. Енді сол індетпен арпалыс біздің де басымызға келуде. Жанұяны осындай жағдайға жеткізген дінсіздік пен арсыздық негізінде құрылған «Феминизм» және «Гуманизм» ағымдары болып табылады. Бұл микроб, бұл у — алтын ыдысқа салып шекермен жалатып ұсынылып жатқандықтан көбіміз бұдан хабарсызбыз. «Сөзде теңдік», «әділеттік», «ақыларын жегізбеу» деген ұрандардың астында әйелдерімізге ұсынылған қиялдар, негізінде астарлы арам пиғылмен құрылған тұзақ! Туралықты, жанұядағы тыныштықты іздегендердің бірі — Америкалық Лаура Дойл. «Бақыттың бұлағы жанұя» атты кітабында тәжірибелерімен бөлісіп, қателік жолымен қабырғасы қайысқан отбасын қалай құтқарғанын қысқаша былай түсіндіреді:

«...Жанұялық өміріміздің төртінші жылында қарым-қатынасымыздың суып, отбасылық жолымызда ақау барын байқадым. Жанұяны құтқару атты семинарлардан да еш нәтиже ала алмағандықтан, ең соңында «әжемнің тәсілін» қолдануға шешім қабылдадым. Осы қабылдаған шешімімнен бастап, ара-қатынасымыздағы барлық нәрсе басқаша кете бастады. Отбасылық қатынас психологтарының ылғи қайталайтын «Мәселелерді айтысып, сөз таластыру арқылы шешу керек» деген түсінігінің үлкен өтірік екендігіне, бастан жеңілетін соғыс екеніне көз жеткіздім. Басымнан өткізіп тапқан осы жаңа әдіспен алдымен өз жанұямды құлдыраудан сақтай алдым. Кейін басқа да бақытсыз әйелдерге ынтызарлық пен ғашықтыққа толы жанұялық өмірге қол жеткізудің ақыл-кеңестерін беруді өзіме міндет деп білдім. Мемлекеттің төрт бұрышына семинарлар өткізіп, феминисттердің бұрмалауларының бір түрі болған «ауылдық» деген түсініктің қателігін де айқындадым. Баспасөз құралдарының кері әсерден қорқып қабылдамаған, өз мүмкіндіктеріммен бастырып, қолдан қолға таратқан «Күйеуіне берілген (бағынған) жар: Еріңізбен жақындықты, құштарлықты және татулықты қамтамасыз етуге апаратын тәжірибелік жол» атты кітабым, мыңдаған америкалық әйелдер үшін «Отбасын сақтап қалудың» нұсқаулығына айналды...»

Қазір бұл кітап Еуропа жолында. Ұясын сақтап қалғандардың бірі болған Карол Фицджеральд ханым «Бұл семинарлардан кейін, негізінде отбасымдағы ең үлкен проблема мен өзім екеніме көзім жетті. Кез-келген жайтқа басқа көзқараспен қарауды үйрендім. Күйеуім қандай болса, солай қабылдап, оған барлық тұрғыдан сенім артып, арқа сүйеу керектігін түсіндім. Ғашық болған адамымды бір кездері өзгертуге тырысқанымның қаншалықты негізсіз, сандырақ екенін түсіндім. Және де тыныш, әрі бақытты жанұяға қол жеткіздім...» дейді.

Лаура кітабында: Мойынсұну, бағыну шексіз де емес. Есірткіге тәуелді, зорлық-зомбылыққа құштар, сенімділік сезімін ояндырмайтын опасыз еркектерге «бағыну» былай тұрсын, олардан аулақ болу керек!...» деп ескертеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз