Бизнесте ережелер көп. Адамдар табысқа жету үшін не істеу керек екенін айтқанды жақсы көреді. Бірақ бизнесті дұрыс жасау өте қиын болғанымен, табысқа кепілдік беретін екі ереже немесе екі философиялық идея бар, — деп белгілі кәсіпкер және маркетолог Дэн Вальдшмидт есептейді.
Сіздің не сататыныңыз, қандай қызмет жасайтыныңыз маңызды емес. Қай жерде, қай салада жұмыс істейтініңіз де маңызды емес.
Маңыздысы төмендегі екі ереже. Нағыз жетістік осы екі ережеге байланысты.
Эксклюзивті болудан гөрі қол жетіміді болу маңыздырақ. Сондай-ақ көмек қолын соза алу өзіне назар аудартудың және өзі туралы ойлатуға мәжбүр етудің жақсы әдісі.
Қолданбаларға (app) бағытталған бүгінгі сауда экономикасында әлеуетті тұтынушыны сүзгіден өткізу оңай. Тұтынушы ақпараттарды толтырып, веб-сайтқа 10-20 рет кіріп, мәлімет жүктеп, тағысын-тағы жасап жатқанда сіздің технологияңыз оны бағалап, тұтынушы жайлы сізге хабар жинайды.
Егер сіз осылай әрекет етіп жатқан болсаңыз, онда жаңа тұтынушылардың пайда болмағанына таң қалудың қажеті жоқ. Демек сіздің әрекеттеріңіз, қызметіңіз жеткілікті дәрежеде ыңғайлы, лайықты емес және адамдар көптеп мекен ететін жерлерінде оларды кездестіруге дайын емессіз.
Ешкім сізбен іс жасай отырып, өзін ақымақ сезінуін қаламайды. Ешкім сізге өз ақшасын беру үшін қандай да бір күш жұмсағысы келмейді.
Адамдар өздерін қолдап, көмек көрсетілгенін, сондай-ақ дұрыс жол нұсқап, бағыт берілгенін қалайды. Ал сізбен жұмыс істеу қиынға соғатын болса, бұл тек жағдайды ушықтырады. Бұл онсыз да қиын жағдайларын одан әрі күрделендіре түсері анық.
Сондықтан байланыс ақпаратын сайттың терең тұңғиығына жасыруды доғарыңыз. Адамдарға сіздің қызметіңіз немесе ұсынған өніміңіз ұнамаған жағдайда оңай бас тарта алатындай жағдай жасаңыз. Кез келген күрделі және шиеленіске толы келісімшарттардан бас тартыңыз.
Болашақ клиенттер сізді оңай таба алатындай барлық жерде болыңыз. Сонымен қатар сол жерлерде бола тұра, адамдарды коммерциялық ұсыныстар мен ыңғайсыз маркетингпен емес, жылы жүзбен қарсы алып, барлық сұрақтарына сапалы жауап беріп, тиімді көмек жасауға дайын болыңыз.
Тұтынушыларды қуанту және таң қалдыру сіздің ең басты мақсатыңызға айналу керек.
Ісіңіздегі өзіңізге жақпайтын нәрселер туралы, сондай-ақ оның ішінен нені түзете алатыныңызды ойланыңыз да түзетіңіз — тіпті ол ұсақ нәрсе болса да.
Мазаңыз болмай, шаршап тұрсаңыз да адамдарға жылы жүзбен қызмет көрсетіңіз. Сізде «барлық уәдені орындаймын» деген жоспар болу керек.
Өнімділікті арттыру үшін қарапайым софт, немесе жай ғана қойын дәптер — мұның бәрі кестеден қалып қоймауға және басқалардан жүйелі түрде жақсы жұмыс істеуге көмектеседі.
Сөзіңізбен ісіңіз үйлесімді болу керек, айтқан сөзіңізді орындауыңыз қажет. Тұтынушыларыңыз үшін бұл сіздің өзгелерден үлкен айырмашылығыңыз.
Кәсібіңіздің өсуіне осының үлкен әсері болатыны сөзсіз. Тұтынушыларда сізге деген сенім ояна бастайды. Тіпті олардың көңілінен шықпаған жағдайда, олар сізге тағы да бір мүмкіндік беруі мүмкін.
Қажет болғаны — талпыну, одан кейін тағы да қосымша талпыну. Бір нәрсе дұрыс болмаған жағдайда, міндетті түрде қатеңізді түсініп кешірім сұраңыз. Сосын барлығын қайта дұрыс жасауға тырысыңыз.
Сонымен, сіздің кәсібіңізді керемет ететін екі-ақ ереже бар.
Сауданы автоматтандыру мен түрлі маркетингтік қулықтардан келген әсермен бұл екі ережеге сүйеніп келген әсерді салыстыруға да келмейді.
Керемет өнім — кездейсоқтық емес. Оның артында үлкен еңбек жатыр. Әлемді кездейсоқтықпен өзгерту мүмкін емес.
Ол үшін әр түйінге, егжей-тегжейіне мән беру керек. Ерекше ережелер бойынша ойнау керек.
Енді бұл ережелерді сіз де білесіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі