Міне, өз алдымызға дербес Тәуелсіз мемлекет болғанымызға жиырма жеті жылдың жүзі болды. Аллаға шүкір қазірде өз заңымыз, өз конститутциямыз, өз ата-дәстүріміз бар. Ойымыз бен пікіріміз еркін қалыптасып келе жатыр. Ең бастысы көзіміз ашық, көкірегіміз ояу, алдымызға мақсат қоя алатын, заман талабына саймыз деп айтуға болады. Бірақ біз осы күнге қалай жеттек, кімдердің арқасында жеттік? Әрине бұл сұрақтың жауабы тарихтың өткен парақ беттерінде.
Сонаудан бастап жауымыз болған жоңғарлармен соғысқан батырларымыздың, саясаты мықты хандардың, одан келе берді "Алаш" абзалдарының батыл қадамымен Ресей өкіметінің отаршыл саясатына ашық қарсы болып, табандылықпен күрескен ұлт зиялыларының ерен еңбегінің арқасында.1920-1940 жылдар аралығында болған Азамат соғысы, Қазан төңкерісі, КСРО-ның құрылуына қарсы болған толқулар қаншама ұлт зиялыларының құрбан болуы адамды ашындыратын жағдай. А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, С. Сәдуақасов, Т. Рысқұлов, І. Жансүгіров осы секілді зиялы қауымның Ресейдің отаршыл саясатына ашық көрсеткен қарсылықтары өз өмірлерін құрбан еткені. Босқа тағылған айып, еш себепсіз жаза мен өлім шыныменде ұлтты жоюдың белгісі болды. Қазақтарды күштеп қоныстандыру, тілін-дінін жою, отаршылыққа айналдыруды әу баста-ақ ойластырған Ресейшіліктер өз саясаттарымен халықты қатаң әрі заңсыз күшпен жазалады.
Жалпы зерттеулер бойынша Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының саны 3.5 млн-ға жеткен. Алайда бұл сан нақты емес, өйткені 20-40 жылдары тұтқындалған мыңдаған адамдардың тағдыры әлі күнге дейін белгісіз.
Ия, тарихқа терең үңілетін болсақ Кеңес үкіметінің қазақтарды ұлт түгілі тұрмақ адам ретінде де мойындамағанын көреміз. Тіпті қазақтарға жат, жиіркенішті, адам миына сыймайтын дүниелерді жасауды бұйрық еткен. Бұған дәлел қазақ-қырғыздардың мал-мүлкін тәркілеп қана қоймай, оларға "жылқының құйрығын, иттің терісін" тапсыруды талап еткен. Менің ойымша бұл осылайша ұлттың түбіне жету, түп-тамырымен жою болып есептеледі.
Қазірде біз қазақ халқы Тәуелсіз Демократиялы Зайырлы Қазақстан Мемлекетінде өмір сүреміз. Бақыттымыз. Болашағымызға жарқын көзқараспен қарай алатындай өркениетті елдең ұландарымыз. Әйтсе де "жаман ойламай жақсы жоқ" деген де бар. Сиырдың басына туған күн бұзауға да туады. Сондықтан да өткеннің зардабын тартпау үшін ел арасында берік бірлік, жұмыла жүріп жүгін жеңілдететін ауызбіршілік, татулық болуы тиіс.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Модератор
Егер авторы өзіңіз болсаңыз авторы деген жерін бос қалдыру керек.