Өлең, жыр, ақындар

Алар асуы көп "Алтын сапа"

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі жиырма жылдан астам тарихы бар «Алтын Сапа» Интеллектуалды пікірсайыс клубы осы жылды сәтті қадамдармен бастады. Қыркүйек айының 12-13-14 күндері өткізілген іріктеуге жалпы саны 250 ден астам студент қатысты. Соның ішінде талапқа сай болған 80 студент құрамға қабылданып, қыркүйек айының он сегізінші жұлдызында «Жас буындарды» қабылдау кеші ресми түрде болып өтті. 

Осы жылдың Маусымашар турнирі Халықаралық бизнес университетінің ұйымдастыруымен болған «Жүрек жылуы» атты республикалық қайырымдылық турнирінде «Алтын Сапа» интелектуалды пікірсайыс клубы құр алақан қайтпады. «Алтын Сапа» Интеллектуалды пікірсайыс клубының атынан қатысқан 5 фракция да іріктеуден өтіп, плей офф кезеңінде ойнады. «Зиялылар» деген атпен шыққан Алтын Сапалық Узбекалиев Кенбай мен Құлахмет Нұрдәулет финалда ойнап, 2- орынды иеленді.

Араға бір жұма салып «Алтын Сапа» Интеллектуалды пікірсайыс клубы дәстүрлі «әл-Фараби шәкірттері IV» қалалық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды. Алматы қаласы бойынша жалпы саны 40 фракция қатысқан бұл турнир жоғары дәрежеде болды. Турнир нәтижесінде АПФ форматы бойынша бірінші орынды Тұран университетінің студенті Дастан Аққожа мен Халықаралық бизнес университетінің студенті Аңдашев Асылхан еншіледі. Екінші орынды Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың студенттері Мұхаммед Диас пен Сеймолдаев Арман алды. Ал үшінші орынды Нархоз университетінің студенттері Рзабаев Даулет пен Дүйсенов Қуанышбек қанжығалады. ЛД форматы бойынша, "Турнирдің ең үздік спикері" болып, Инкаров Ерғали жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарға мадақтамалар мен бағалы сыйлықтар табысталды. «Алтын Сапаның» осы оқу жылындағы алғашқы турнирі жоғарғы дəрежеде өтті.

Филология және әлем тілдері факультеті «Қазақ филологиясы» мамандығының 2-курс студенті Ахан Ұлжалғас Олжасқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Бірімжар Гүлжанат

Жарайсыздар! Осы жолдан таймаңыздар!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер