Күн бүгін күңіреніп

Бұл бетте «Күн бүгін күңіреніп» атты Мұқағали Мақатаев жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 18.04.2015
  • 1
  • 2
  • 34568
Күн бүгін тұрып алды күреңітіп,
Шіркіннің ашылмайды реңі түк.
...Күреңіткен ауылдың сырт жағында,
Мені де отыр ма екен біреу күтіп.
Күн сияқты ол-дағы күреңітіп.
Кім күтсін, кім жоқтасын онда мені,
Күтетін бір махаббат болған еді,
Күте-күте күдерін үзген шығар,
Күреңіткен мына күн сол ма тегі?!
Бұл күнде жоқ - әжелер, аталарым,
Кім күтсін, кімнен барып бата аламын.
Кім сейілтсін көңілді қападағы,
Кімге керек «дәрежем», атақ-арым?!
Мансап, атақ, дәреже?!
Қайдан болсын.
Әлдеқашан жығылған сайран-қосым,
Арсалаңып алдымнан шығатұғын,
Қырда жатыр қимасым, қайран досым.
...Күн бүгін күреңітіп тұрып алды.
Көңілім күнге қарап құбылады.
Аямасаң аяма! Енді менде
Алынбаған не әкеңнің құны қалды!?


Пікірлер (2)

Руслан

Өте жақсы өлеңдер маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн бүгін күңіреніп өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Күн бүгін күңіреніп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн бүгін күңіреніп өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күн бүгін күңіреніп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері