Өлең, жыр, ақындар

Чили

Чили, Чили Республикасы — Оңтүстік Американың оңтүстік-батысындағы мемлекет. Аумағы 756,9 мың км2.

Халқы 17 миллионнан астам, оның 92%-ы-чилиліктер, 6%-ын үндістер, қалған бөлігін немістер, испандықтар, аргентиналықтар, арабтар, еврейлер, т.б. құрайды. Чилиден тыс жерлерде 200 мыңнан аса чилиліктер тұрады. Ресми тілі — испан тілі. Дінге сенушілердің 90%-ы католиктер, 10%-ы протестанттар. Астанасы — Сантьяго қаласы. Әкімшілігі аумақтық жағынан 15 облысқа бөлінеді (оның ішінде астаналық облыс та бар). Конституция бойынша мемлекет пен үкімет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — қос палаталы (сенат пен депутаттар Палатасы) Ұлттық конгресс. Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік жарияланған күн, 18 қыркүйек (1810). Ақша бірлігі — чили песосы. Чили БҰҰ-ның (1945), Америка Мемлекеттері Ұйымының (1948) мүшесі.

Тарихы

Чили аумағын ежелгі заманнан арукана, аймар, чон, чанго, атакаменьо, т.б. үндіс тайпалары мекендеді. Олар балық аулаумен, аңшылықпен, мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысты. Бұл үндіс тайпалары 15 ғасырда инк мемлекетінің құрамына кірді.

1520 жылы Чили аумағын еуропалықтардан бірінші больт Ф. Магеллан экспедиция ашты. Көп ұзамай елді испандықтар жаулап алды. Қазіргі заманғы Чили аумағына испандықтардың баса-көктеп кіруіне аруқана үндістері қатты қарсылық көрсетті. 1541 жылы Педро де Вальдивия Сантьяго қаласының негізін салды. 1550 жылдан бастап Чили аумағы Перу вице-корольдігінін құрамына кірді. 1778 жылы испан королі Чилиді басқару үшін генерал-капитан тағайындады. 1810 жылы Наполеон Испанияны жаулап алды. 1945 жылы Германия мен Жапонияға соғыс жариялады. Соғыстан кейін Чили басқа да Латын Америкасы елдеріндей АҚШ-қа тәуелді болып, экономика жағынан артта қалды. 1970 жылы Халықтық бірліктің басшысы Сальвадор Алендье демократтық жолмен президент болып сайланып, кең көлемді әлеуметтік реформалар мен экономиканы қайта құруларды жүргізе бастады. 1973 жылы Алендье мемлекеттік төңкерістің нәтижесінде өлтірілді. Пиночет бастаған әскерилер билікке келді. 1989 жылы халықтық демократия жеңіске жетіп, республика басқару қайтадан орнады. 1990 жылдан ел экономикасы қарышты дамып, халықтың әл-ауқаты арта бастады.

Табиғаты

Чили аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай тар жолақ (ені 15 — 355 км) болып, Тынық мұхитты жағалай 4300-дей км-ге созылып жатыр. Көпшілік бөлігін Анд қыраттары (биіктігі 6880 м-ге дейін жетеді — Охос Дель Саладо шыңы) алып жатыр, олардың арасында көлденең жазық орналасқан жері таулы болғандықтан жанартаулар көп, жер жиі сілкінеді. Солтүстігіндегі климат тропиктік шөлдік (айлық орташа температурасы 12-ден 22°С-қа, жылдық жауын-шашын мөлшері 50 мм-ге тең), оңтүстігіндегі климат қоңыржай мұхиттық (айлық орташа температурасы 3 — 14°С-қа, жылдық жауын-шашын мөлшері 2500 — 7000 мм-ге тең). Солтүстігінде Атакама шөлі орналасқан. Орталық және оңтүстік бөліктеріндегі тау беткейлерінде қылқан жапырақты және шамшат ормандары өседі.

Экономикасы

Чили — индустриялы-аграрлы ел. Селитра өндіруден дүние жүзінде 1-орын, мыс өңдіруден 2-орын, молибден өндіруден 3-орын алады.

Сондай-ақ темір кентасы мен мұнай өндіріледі. Машина жасау, автомобиль, ұшақтар, тұрмыстық бұйымдар, теңіз кемелерін жасау, жеңіл, тамақ өнеркәсібі дамыған. Чилидің бүкіл аумағының 5%-ы егіншілік үшін жыртады. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдары: бидай, жүгері, сұлы, арпа, картоп, қант қызылшасы, күріш, қара бидай, бұршақ, күнбағыс, жүзім, цитрустық жемістер. Ірі қара мал, қой мен ешкі, шошқа өсіріледі. Чили балық аулаудың көлемі жағынан Латын Америкасында 2-орынды иеленеді. Экспортқа мыс, жемістер, ағаш өндеу өнеркәсібінің өнімдерін, балық, көкөніс, азық-түлік өнімдерін, сусындар шығарады. Импортының негізін ауыр машина жасау өнімдері, көліктік құрал-жабдықтар, бидай, химия өнеркәсібі өнімдері құрайды. Негізгі порттары: Вальпараисо, Атофагаста, Арика, Икике, Пунта-Аренас. Ұлттық табыстың жан басына шақкандағы жылдық мөлшері 12080 АҚШ долларына тең (1997). Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, Бразилия, Германия, Аргентина, Ұлыбритания.

Чилиликтер — ұлт, Чилидің негізгі халқы — Аргентина, АҚШ, Венесуэла, Канадамен Перу, Мексика, Бразилия, тағы басқа елдерде де тұрады. Жалпы саны 17 789 267 адам (2017 жыл). Антропология жағынан біркелкі емес. Чилидің басым бөлігі (65%) метистер, 30%-ы еуропа тектілер, 5%-ы үндістер (аруакан, аймара, т.б.). Испан тілінде сөйлейді. Діні — католик. Чили 18 ғасырдың соңында испандықтар мен жергілікті үндістердің (араукан, диагит, атакаменьо, т.б.) араласуынан қалыптасқан. Халықтың 70%-ға жуығы Орталық Чилиде, Копьянодан Консепсьонға дейінгі аймақтарда орналасқан. Чили үндістері ерте замандарда тиуанако мәдениетін қалыптастырған. 15 ғасырда Инк мемлекетінің құрамына енді. 16 — 19 ғасырларда Испанияның отары болды. Көпшілігі егіншілікпен айналысып, картоп, түрлі дәнді дақылдар екті, бірқатары лама, қой өсірумен шұғылданды. Чили жері кен көздеріне бай болғандықтан, Чилидің біразы кен орындарында жұмыс істеді. Ұлттық киім үлгілері мен тұрмыс-салты басқа Латын Америкасы халықтарына ұқсас. Чилидің шеберлері бағалы металдардан сан алуан бұйымдар, әшекей заттар жасайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Оңал

Алматыға ұқайды ма таулары бар қала?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар