Өлең, жыр, ақындар

Ыстықкөл

Ыстықкөл (қырғызша Ысык-Көл) — Солтүстік Тянь-Шаньдағы Күнгей Алатау мен Теріскей Алатау тау жоталарының аралығында, 1608 м биіктікте (Ыстықкөл қазаншұңқырында) орналасқан тұйық көл, Қырғызстан жерінде. Дүние жүзіндегі ірі тау көлдерінің бірі. Аумағы 6236 км², ұзындығы 178 км, ендірек бөлігі — 60 км, ең терең жері — 668 м, орташа тереңдігі — 278 м, көлемі — 1738 км³. Жағалық сызығының ұзындығы — 597 км. Көлге 50-ден астам шағын өзен құяды (олардың жылдық ағыны 3 км³). Ірілері — Жырғалаң, Түп. Ыстықкөл алабының аумағы 21,9 мың км². Жағалары нашар тілімделген, терең шығанақтар шығыс және оңтүстік-шығыс жағалауында ғана кездеседі. Климаты қоңыржай континенттік. Жағалауындағы ауаның температурасы шілдеде 16 – 17°С, қаңтарда –2° – 7°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 110 – 470 мм. Көл бетінен булану мөлшері — 700 мм. Күшті желдер (жылдығы 30 – 40 м/с) әсерінен көлде биіктігі 3 – 4 метрлік толқындар болады. Деңгейінің ауытқу амплитудасы 10 – 50 см. Суының беткі температурасы қаңтарда 2 – 3°С, шілде–тамызда 19 – 20°С. Қыста суы қатпайды, аязды жылдары шығанақтары ғана қатады. Мөлдірлігі — 12 м, тұздығы — 5,8 ‰. Балықтың 20-дан астам түрі (шабақ, сазан, көкбас, т.б.) бар. Кеме жүзеді. Көл өңірінде 1958 жылы Ыстықкөл қорығы ұйымдастырылды. Басты порты — Балықшы. Ыстықкөл жағалауы Орталық Азиядағы маңызды рекреациондық аудан: Шолпаната, Жырғалаң, Жетіөгіз, Тамға курорттары, демалыс үйлері, турбазалары ұйымдастырылған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер