Өлең, жыр, ақындар

Бизнеске арналған ашық диалог цифрлық платформаның арқасында дами түседі

Ismet.kz цифрлық платформасының аясында шағын және орта кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай жасалмақ. Атап айтар болсақ, кәсіпкерлер мен тұтынушылар бір-бірімен байланыса алады әрі бизнес өкілдерінің жұмысын жеңілдетіледі. Баршамыз білетіндей, бизнеске арналған орталықтандырылған алаң елімізде жоқтың қасы. Ал бұл платформада қызметтердің бәрі бір ресурста орналастырылған. Яғни, кәсіпкерлер уақыттарын үнемдеп, сапалы қызметпен қамтылады. Тауарларын жарнамалап, серіктес тауып, өз істерін жүргізе алады.  

«Қазақтелеком» АҚ бизнес-шешімдер және инфокоммуникация департаментінің директоры Қуат Сандаловтың сөзінше, цифрлық платформаның басты тапсырмасы — бұл экожүйелерді құру. Бұдан соң шағын және орта кәсіпкерлік үшін ашық цифрлық диалог орнайды.

Ismet.kz-тің негізгі ерекшелігі — бизнес қауымдастық үшін үлкен диалог орната алуы. Нәтижесінде, жаңа нарық көздері ашылып, сауда аясы кеңи түсетін болады. Ал қызметтеріне келер болсақ, электрондық сауда, заң қызметтері, онлайн құжат айналымы, кеден процедуралары, кадрлық сауалдар, субсидиялау, несиелеу, аудит, бұлтты бухгальтерлік есеп пен аппараттық кассалық есеп және т.б.

Ашық цифрлы платформа бизнесті толықтай жоспарлауға, оны талдап зерттеуге көмек береді. Бір сөзбен айтар болсақ, кәсіпкер үшін таптырмас бизнес-кеңесші әрі мықты сарапшы. Сол талдаудың арқасында кез келген кәсіпкер проблемаларды алдын ала біліп, онымен күресе алады. Бұл дегеніміз, шығындарды болдырмайды, өсімді арттырады. Тағы бір артықшылығына келетін болсақ, елдегі электрондық қызмет пен электронды сауданың дамуына ықпал етеді. Электронды мемлекеттік қызмет дамиды. Бастысы — шағын және орта кәсіпкерлердің саны артып, олардың ісі өркендейді. Бұның нәтижесі — экономикалық және әлеуметтік өсім арқылы көрініс табады.
Ismet.kz жаңадан кәсіп бастаушылар үшін өз ісін қалай ашуға болатындығы, бизнестің қандай түрімен айналысуға болатыны және нарықтағы шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлердің сұранысы мен ұсынысы қандай екені туралы ақпарат бере алады. Платформаның басты ерекшеліктеріне мемлекеттік

Қазіргі таңда аталған платформаға 1700-ден астам компания тіркелген. Олар еліміздің түкпір-түрпірінен жиналған кәсіпорындар. Солардың ең ірілеріне тоқталар болсақ, алғашқы орында 44,5 пайызбен Алматы облысы тұр. Одан кейін 13,4 пайызбен Ақмола облысы аталған платформада бой көрсетуде. Ал 11,5 пайызды Түркістан облысының бизнесмендері алып отыр. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Айгерім

осындай жаңалықтар көбейе берсін!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар