Бір апталық жұмыс күнінен қажыған адам жексенбінің таңында қолына газет алып шаршағанын басып, күні бойы үйде отыруды ұйғарады. Дәл осыны ойлап отырғанында баласы жүгіріп келіп паркке қашан баратынын сұрайды. Әкесі оған демалыс күні паркке алып баратына уәде берген болатын. Бірақ мүлдем сыртқа шығуға зауқы болмай бір сылтау іздейді. Кейін газет бетіндегі дүние жүзілік карта көзіне түседі. Картаны майдалап жыртып баласына «егер картаны құрасаң сені паркке алып барамын» деді де өзі іштей «жақсы құтылдым-ау, ең мықты география профессоры да кешке дейін құрай алмас» деп ойлады. Арада он минут уақыт өтісімен-ақ баласы жүгіріп келіп:
- «Әке картаны түзедім, енді барсақ болады»-деді.
Әкесі алдымен сенбей барып көреді. Көргенінде таң қалып қалай түзегенін сұрайды. Сонда бала былай деп жауап береді:
- Маған берген картаның артында бір адамның суреті бер еді. Адамды түзеткен кезімде, бүкіл дүние жүзі түзеліп шыға келді.
- !...
Қарап көріңіздер:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
12.09.2024 14:40
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Мөлдір
Талай өмір өтті жылдарменнен
Өмірің тайталаспен өткенменнен
Жанталасып тағдырыңа жетсеңде,
Тағдырыңды бөліспессің ешкімменен
Тағдырың сынар, сынбас, кім шыдар?
Өмірің, өмір емес, кім ұғар?
Көз алдымда өтіп барад, шымшыдырық,
Тағдырына көнген адамдар
Талайды толықтырар, өмір бәлкім!
Өмірді жолықтырар, тағдыр мүмкін!
Тағдыр мен өмірді қосқанменен,
Тағдырма бәлкім, өмірме білмейт екем..
Азамат
Мөлдір, мағыналы екен өлең, мақала да мағыналы