Талғар

Басты бет / Тарих / Талғар

Талғар — Тарих тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.

Алматыдан шығысқа қарай 25 км жерде, Іле Алатауының бөктерінде, Талғар өзенінің оң жақ жағалауында ежелгі Талғар қаласы орналасқан. X ғасырдан бастап Талғар «Талхир» деген атпен белгілі болған. Қаланың орталық бөлігі мұнаралы бекініс дуалымен қоршалған. Бекініс дуалының қазірде сақталған биіктігі — 5-6 м, қалыңдығы — 15-17 м. Қалаға солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс тараптан кірер екі қақпа бар. Құрылыс орындарының қалдыктары бекініс сыртында да көптеп сақталған. Қаланың жалпы аумағы — 28 гектар. Қаланың іргетасы б.з. IX ғасырында қаланып, XI-XII ғасырларда гүлденген. XIII-XIV ғасырларда қала күйрей бастаған.

Қала орнынан зергерлердің, көзешілердің шеберханалары табылды. Олардан кыш ыдыс күйдіретін пештер аршылып, зергерлер мен ұсталардың, көзешілердің, ершілердің құрал-саймандары шықты. Қалада теңге шығаратын орын болған.

Гүлденген кезеңінде Талғар Іле өңірінің әкімшілік-мәдени орталығы болған. Талғар қазбалары бүкіл Іле өңірінің отырықшылық өмірі жайында құнды мәліметтер береді.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Тарих бойынша басқа мақалалар Талхир бойынша мақалалар Талғар бойынша мақалалар