Өлең, жыр, ақындар

Еріккен тышқан (ертегі )

Еріккен тышқан .( ертегі ) 

Терезеден түскен  күн  сәулесі  үйдің ішін  ысытып-ақ тұр .Күнде қарны тойып , қалаған тамағын ұрлап ішкен тышқанның да қарны тоқ .Еріккен тышқан тесіктен сығалап бір қарап алды .Қонжиып төсек үстінде  мысық жатыр .Пырылдап қоятын емес .Тышқан  мысық  досына шиқ -шиқ етіп  дыбыс берді.Бір көзін ашып , екінші көзін жұмып , керіліп , жымың- жымың  етіп мысық келді.Тышқан : "Ау , үй  күзетшісі  қарапайым досым- ау , жейтін не бар , қарным ашты " - деді .Мысық : "Әй  ақымақ ! Барына қанағат , жоғына сабыр ет " деп , қайтып барып төсегіне жатты . Ашуы келген тышқан тамақ іздеп үй ішін шарлап кетті.Бірақ , жейтін ас таппады .Сыртқа шықты , тауық алдындағы әртүрлі ас қалдықтарын  шұқып  жеп жатыр екен.Ол тышқанды көріп , дереу тауысып қойды .Мұнан соң еріккен тышқан  итке келді. " Алдыңдағы тамағыңнан асатшы -деді ".Ит арсылдап жолатпады .Арпаны асап жатқан атқа келді .Ол да кісінеп, тепкілеп , асын қызғанып , мал қорадан қуып шықты .Өзі жалқау , ұры тышқан  көрші үйдің табалдырығындағы тесігінен кіріп кетті.Астықты көріп , көзі жайнап, тойғанынша жеді .Онысымен тұрмай , түнді пайдаланып , ініне тасыды .Өзінің қамба толы астығын көрсетіп , өзге тышқандарға мақтанды .Кешегі тойған жеріне тағы келді.Мұны сезген , түрі суық , күжірейген бөтен мысық тап беріп ұстап алды .Шиқылдап көмек сұрағанымен  оған араша түсер ешкім болмады ."Мысыққа ойын керек , тышқанға өлім керек " деген осы.Ештеңеге қанағат етпеген  тышқан  өзге мысыққа жем болды .


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар