Өлең, жыр, ақындар

Кактус

Кактус — қос жарнақты көп жылдық, шырын сабақты шөптесін өсімдік. Әдетте, жуан, етжеңді, шырынды сабақтары тікенекті, түкті, қылтанақты болып келеді. Кактустың бұта, ағаш, лиана тәріздес түрлері де кездеседі. Кактустердің Американың аймақтарында, Оңтүстік Американың ылғалды жерлерінде, тропиктік Африкада және Мадагаскар аралы мен Шри-Ланкада өсетін 220 туысы, 3000-дай түрі бар. Сондай-ақ Австралияда, Үндістанда, Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде жерсіндірілген. Қазақстанда сәндік өсімдік ретінде үйде, не оранжереяда өсіріледі. Кактус сабағы шар, жұмыртқа, цилиндр, діңгек, жапырақ сияқты жалпақ пішінді, бунақталған болады, түсі жасыл. Сабағының биіктігі 2-5 см-ден 10-15 м-ге дейін жетеді. Сабағының қабығы мен өзегінде су жиналады, мысалы, кейбір ірі кактустердің сабағында 2000 л-ге дейін су болады. Олардың бір ерекшелігі — суды үнемді пайдалануында. Көпшілігінің жапырақтары болмайды (нағыз жапырақ тек перескияда сақталған), кейбір түрлерінде біз сияқты (опунцияда) немесе қабыршақ тәрізді (рипсалисте) болып келеді. Гүлі дара орналасқан, алуан түске боялған. Аналығы 3, кейде көптеген жеміс жапырақтарынан тұрады. Аталығы өте көп (мысалы, карнегиде 3500-ге жетеді). Жемісі — етті, жидек тәрізді. Кактус — тағам (жемісі мен шырынды сабағы), діңі — отын және құрылыс материалы ретінде пайдаланылады. Кейбір түрлерінен (лофофора, селеницереус) дәрілік препараттар жасалады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (7)

Нұрай

Сіздер маған кактустың тамырлардың пайда болуы тауып берресіздерме

Асанова Акниет

Кактустын бейылымделуын тауып бересыздерме?

Myrza

керемет

Аягоз

Кактус неге тiкенектi болады?

Ұлжан

Кактустың қоршаған ортаға бейімделуі қатты қадет дәл қазір дереу түрде

Ұлжан

Кактустың қоршаған ортаға бейімделуі қатты қажет дәл қазір дереу

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер