Корейская косметика премиум класса

Қозы Көрпеш – Баян сұлу мазары

Қазақ даласында ғасырлар бойы айтылып келе жатқан ең ескі аңыз-жырлардың бірі — Қозы Көрпеш – Баян сұлу. Олардың мазары Семей облысындағы Аягөз өзенінің оң жағасында Таңсық ауылында орналасқан. Бұл — X-XI ғасырлардағы көне түрік заманынан қалған ескерткіш. Мазар шошақ күмбезді, қалақ тастан төрт қырлы етіп салынған. Биіктігі — 12 метр. Ертеде оның жанында қолдарына қасиетті құты (ыдыс) ұстаған 3 әйел адамның (Баян сұлу, апалары Ай мен Таңсық) және бір ер адамның (Қозы Көрпеш) тас мүсіндері болған деседі.

Жырда Баян сұлу мен Қозы Көрпештің махаббаты, бір-біріне деген шын сүйіспеншілігі, аз уақыт қызық көріп, дүниеден ерте кеткендігі жайында және ғашықтардың бақытты өмірлеріне кедергі болған опасыз Қодар туралы жырланады. Аңыз бойынша, мазардың ішіне екі гүл өсіп, ортасына тікенек шығады екен. Екі гүл — екі ғашық — Қозы мен Баян, ал тікенек — Қодар.

Оқуға кеңес береміз:

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×