Әбілхан Қастеев (1904-1973) — қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, халық суретшісі, Қазақстанға еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол Талдықорған облысы Жаркент ауданында дүниеге келген. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы.
1929-1936 жылдары Алматыда және Мәскеудің көркемсурет студиясында оқиды. Бейнелеу өнері бойынша көшпелі көрмелерге қатысады. Қастеевтің қаламынан туындаған «Жайлауда», «Медеу» атты шығармалары туған жерге деген махаббатты, қазақ ауылының өмірін және әсем табиғатты бейнелейді. Оның Азамат соғысына арнаған көркем туындылары көпшілікке танымал. Суретші қамтыған басқа да тақырыптар, мәдениет қайраткерлерінің портреттері өнер сүйер қауымның көңілінен шықты. Көптеген акварельдік топтамалардың авторы Әбілхан Қастеевтің мыңдаған еңбектері қазіргі кезде де бейнелеу өнерінің озық үлгісі болып табылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Алмагүл
Күшті