Бас табақ — бас, жамбас салынады. Басты мал арнайы сойылған қонақтың ең жасы үлкені немесе оның ұсынуы бойынша басқа бір белдікісі ұстайды.
Сый табақ — сый табаққа да бас, жамбас салынады, сыйлы қонақтың алдына қойылады.
Орта табақ — асық жілік, кейде жамбас та түседі.
Аяқ табақ — еттің басқа мүшелерінен жасалып, ауыл адамдарына қойылады.
Күйеу табақ — күйеу табаққа бір сан жілік пен төс салынады.
Келін табақ (беташар табағы) — келін табаққа ұлтабар және жүрек салынады.
Қыздар табағы — қыздар табағына жүрек, бүйрек, жағы мен тіл салынады.
Құдағайлар табағы — құдағайлар табағында жамбас немесе асық жілік пен сүбе болады.
Жерік асының табағы — екі қабат әйелдерге арнап мал сойып, тамақ жасап жерік асын апарған. Жерік асының табағына кексе әйел болса жамбас, жас әйел болса асық жілік, төс, ұлтабар салынып үстіне жаңа соғылған болат кездік(пышақ)салып апару салты болған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
12.09.2024 14:40
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Гүлім
Қазақ қыздары көшеде арабша (әйелдері)киініп алып жүреді соны қойдыратын заң (запрет)шығару керек.не екенін білмеймін қымтанып алып(машаллаҺ)дейді де жүреді. Алла бар бірақ неге біздің әйелдер сыпайылық сақтап ундемеу керек.сосын қыздарымызды қалай жөнге саламыз. Арабияда күн ыстық, жел соғып, аңызақ болып тұрады, осындайдан олардың әйелдері қымтанып күн өтіп кетпесін киініп жүреді. Ал біздікілер олардың киімдерін (бизнес) бизге әкеліп сатады.Шариғатқа сай киініңдер, әйелдер осылайша киіну керек деп.Жеті атаға жетпей қыз алмайтын,қыздары атқа мініп жауға шапқан қазаққа.
Ания
Ешкім ешкімге запрет жасамауы керек! Запрет ең сорақы нәрсе, сауатсыз және әлсіз адамдардың тірлігі. Барлық нәрсенің пайдасы мен зиянын түсіндіру керек болды, қалғанын әр адам өзі шешеді. Запрет қоя берсек әр нәрсеге запрет қоюға болады.