Өлең, жыр, ақындар

Автокөліктерден бас тартуға тырысып жүрген 5 қала

Дүние жүзі бойынша қалалардың атқамінерлері экологияны жақсартуға, көше кептелістерін азайтуға қалалардың орталығында тұратындардың тіршілігін тынышырақ қылуға талпынып жүр. Кей қалаларда орталықта көне автокөліктерді жүргізбейді, кейбіреулерінде көлік тұрағының бағасын көтереді, үшінші біреулерінде қоғамдық көліктен басқа кез келген көлікті кіргізбейді.

Париж

2018 жылғы зерттеулер Париждің (Мәскеу және Лондонмен қатар) ауасы ең ластанған қалалардың үштігіне енгенін көрсетті. Қала әкімі бұл рейтингке және басқа да экологиялық деректерге екі маңызды шешім шығару арқылы жауап қатты.  

Енді 1997 жылға дейін шыққан көліктер қала орталығына кіре алмайды, ал әр айдың бірінші жексенбісі күні көліктерсіз күн болып жариянып отыр — таңғы 10-нан бастап кешкі 6-ға дейін Франция астанасының орталығына автокөліктердің көпшілігіне кіруге тыйым салынған. Бұның орталық аудандардың тұрғындарының көліктеріне, такси мен қоғамдық көлікке қатысы жоқ — оларға орталыққа көлікпен кіруге болады, бірақ жүру жылдамдығы 20 км/сағаттан аспауы тиіс.

Мехико

Мексика астанасы ең ластанған қалалардың қатарынан саналады, бірақ қала билігі 2008 жылдан бері экологияны жақсартуға күш салып келеді. 2008 жылдан бастап автокөлік қозғалысын сенбі күндері анағұрлым шектеп тастады, бұл көліктерден шығатын зиянды газдарды 15% азайтуы тиіс болған. 2017 жылы жасалған зерттеулер жағдайдың айтарлықтай жақсара қоймағанын көрсетті.  

Тұрғындар жеке көліктен бас тартпаған және такси мен каршеринг қызметіне көптеп жүгінген. Бұл жағдайды талдап шыққан сарапшылар шынымен-ақ тұрғындардың жеке көліктерден бас тартып, қоғамдық көлікпен жүре бастауы қиын екенін айтады — бұлай етуді олар мексикалықтардың өзіндік ерекшелігі деп біледі.  

Копенгаген

Копенгаген — автокөліктердің адам басына шаққандағы саны Еуропадағы ең аз болатын қалалардың бірі. Бар гәп қалада веложолдарды ғана салып қоймай, машиналар жүруіне тыйым салынған веломагистральдарды салу арқылы велосипедшілерді қолдаудағы белсенділікте.  

Бұған қоса, қазірдің өзінде Дат елінің астанасын дамыту жоспары бар. Ол жоспарға сәйкес 2030 жылы бензинмен және дизельмен жүретін машиналарды, ал 2035 жылдан бастап гибрид машиналарды сатуға тыйым салынуы мүмкін.    

Брюссель

2030 жылға қарай бұл қалада дизельмен жүретін машиналарга тыйым салуды көздеп отыр, ал қазірше қала билігі ауаны ластаушы ескі көліктермен жүретін автокөліктелердің иелеріне шүйліге бастады.

Астанада жүздеген бақылау камераларын орнатты, енді солар арқылы бұндай машиналардың қай жерде жүретінін, сонымен қатар ол көліктердің иелері қайда тұратынын анықтауға тырысып бағуда. Бұндай көліктердің иелеріне қосымша салық төлетпекші.  

Богота

Колумбия астанасында автокөліктердің санын шектеуші бағдарлама 1974 жылдан бері қолданыста жүр.

45 жылға дерлік уақыттан бері әр жексенбі күні таңғы 7-ден күндізгі 2-ге дейін қала көшелерімен автокөліктердің жүруіне тыйым салынған. Осындай бағдарламаның жүзеге асуы арқасында әр апта сайын ұзындығы шамамен 120 км болатын қала көшелері жабылып, ол көшелермен астана халқының төрттен бірі жаяу жүреді — бұл шамамен 1,7 млн адам.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз