Өлең, жыр, ақындар

Малайзияда жоғары білім алу: нені білу керек?

Малазиялық жоғары оқу орындары туралы ақпараттар посткеңестік территория аумағында соншалықты кең таралмаған. Бұл елдің ЖОО батыстық ЖОО салыстырғанда айтарлықтай басымдыққа ие, сонымен қатар білім алу үшін орта жағдайдағы бюджетке ие студенттер қауымына жоғары сапалы білім алуға мүмкіндік береді.

Малайзияның атақты жеке ЖОО Ұлыбританияның, Шотландия мен Австралияның үздік университеттерінің филиалдары болып табылады, бірақ Малайзиялық филиалдардағы оқу ақысы осы басты университеттерге қарағанда әлдеқайда төмен. Сонымен бірге, Малайзиялық студенттердің өмір салты туралы да айтуға болады.

Малайзияда жыл бойы жаздық ауа райы сақталғандықтан да мұнда оқу тартымды болмақ, яғни жағымды климат жаныңызға жайлылық сыйлайды. Бұл студенттерге қысқы қалың киім қажет болмауы мен қатар жергілікті жеміс-жидектің төмен бағада болуы үнем жасауға мүмкіндік береді.

Малайзия географиялық тұрғыдан өте сәтті орналасқан, аралдар мен көрші экзотикалық елдерге жиі ұшуға болады. Бұл қазақстандық студенттердің қызығушылығын арттыруы мүмкін.

Малайзиядағы ЖОО басым бөлігінде пәндер ағылшын тілінде жүргізіледі, яғни бұл елдің университеттері жыл сайын 50 мыңнан астам шетелдік студенттерді қабылдайтынын айтып өткіміз келеді.

Бұл елдің кез келген университетін бітірген студент келесідей атақтардың бірін алады:

• Бакалавр таңдалған курсқа байланысты 3-4 жыл оқыған соң берілетін атақ.

• Магистр студент бакалаврды аяқтаған және ТМД елдерінде маман дәрежесін алған соң берілетін атақ.

• Ғылым докторы бұл атақты алу үшін студент магистр дәрежесін алған болуы керек. Сонымен бірге, ЖОО көбісі үміткердің кәсіби ғылыми жұмысы, жұмыс тәжірибесі және кәсіптік салада зерттеу жұмысын жүргізу машығының болуын талап етеді.

Мемлекеттік оқу мекемелері малазиялық студенттерден курс жинауға ұмтылады, алайда жыл сайын бұл үрдіс жойыла түсіп, шетелдік студенттер Малайзияның мемлекеттік ЖОО білім алуын жалғастырып жатқанын атап өту керек.

Шетелдік талапкерлерге европалық және австралиялық университеттердің филиалдары болып табылатын, мемлекеттің немесе қоғамдық ұйымдардың демеушілігімен қаржыландырылатын жеке университеттер көп жағдайда танымалдыққа ие болып отыр.

Оқуға кеңес береміз:

Гонконгтағы оқуы мен өмірі, ондағы қиындықтары жайлы қазақ жігітінің әңгімесі

Шетелде білім алу: University of Strathclyde

Гарвард туралы шындық: құрылу тарихы, танымал түлектері мен билік орындары

Чехия университетіне қалай түсуге болады: қадамдық нұсқаулық

Австрияда білім алудың артықшылықтары мен болашағы

Гарвард туралы біле бермейтін 7 қызықты дерек

Аустралияда білім алудың артықшылықтары

Емтиханға дайындық: қалайша көп нәрсені оп-оңай есте сақтауға болады

Алмасып шетелде оқудың артықшылықтары

«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетел жоғарғы оқу орнына қалай түсуге болады

Германия білім жүйесі туралы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Мұнарбек

SDU, Назарбаев университет, Кбту, кимеп -те оқымасаң міндетті түрде шетелге оқуға кету керек. Қазақстанда басқа университетте білім жоқ! Басқа университетке түсіп 4-5 жыл өміріңді жоғалту ақымақтық!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар