«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетел жоғарғы оқу орнына қалай түсуге болады
«Болашақ» халықаралық стипендиясы – азаматтардың магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуы үшін жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде білім алуы, резидентурада оқуы немесе Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия санаттарын айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия.
1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен құрылған. «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектердің табысты мансаптық өсуі мен кәсіби өзін-өзі қалыптастыруының өзіндік кепіліне айналды.
«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері кім бола алады?
Бағдарламаға:
- магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға;
- резидентурада оқуға;
- тағылымдамадан өтуге үміттенетін Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы тағылымдамадан өту, әрбір дәрежені (магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) алу, резидентурада оқу үшін бір рет тағайындалатынын ескерген маңызды.
Бұрын тағайындалған стипендияны пайдаланбаған және оқуға немесе тағылымдамаға кіріспеген адамдарға Әкімші алдында берешегі болмаған жағдайда «Болашақ» стипендиясын беру үшін конкурсқа қатысуға қайтадан бір реттік мүмкіндік беріледі.
2022 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға барлығы 1055 стипендия бөлінді. Оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура, тағылымдама бағдарламалары бойынша 7 санат бойынша бөлінген. "Ғалымдар"тағылымдамалар санатына 500 стипендия бөлінді.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша түсу тәртібі
I кезең. Түсу үшін санаттарды анықтау
«Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында ҚР азаматтары магистратура, резидентура, докторантура немесе тағылымдамадан өту бағдарламалары бойынша түсе алады.
Аталған білім бағдарламаларына:
- тағылымдамадан өтуге мемлекеттік қызметші;
- тағылымдамадан өтуге инженерлік-техникалық қызметкерлер;
- академиялық оқуға өз бетімен түскен үміткер;
- ауылдық елді мекендерден үміткер;
- орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері тағылымдамадан өтуге;
- агроөнеркәсіптік кешен саласының қызметкерлері тағылымдамадан өтуге;
- мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері тағылымдамадан өтуге;
- бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері тағылымдамадан өтуге;
- тағылымдамадан өтуге медицина қызметкерлері;
- ғалымдар тағылымдамадан өтуге.
Әр санаттың белгілі бір талаптармен сипатталатынын атап өту керек.
Магистр дәрежесін алуға үміткерлер:
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- ұсынылған ЖОО тізіміне енгізілген шетелдік ЖОО–дан шартсыз шақыртуы болу (қаржылық шарттарды қоспағанда);
- мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы сертификаты болу (нәтижесі В1 деңгейден кем емес);
- бакалавр немесе маман дипломының орташа балы есептелмейді.
Ауылдық елдімекеннен шыққан үміткерлер:
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- соңғы 3 (үш) жылда ауылдық елдімекенде тұру және соңғы 2 (екі) жылда ауылдық елдімекенде еңбек қызметін жүзеге асыру;
- бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балы кемінде GPA 2,67 (4.33/4.00) не 5.00-тен 4.00;
- кемінде В1 деңгейлі нәтижесі бар мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы сертификаты болу;
- белгіленген ең төменгі талапқа сәйкес келетін нәтижесі бар шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы сертификаты болу;
- бакалавр/маман дипломы бойынша мамандығының мәндес мамандықтар тізбесіне сәйкес таңдаған мамандығына сай келуі
Доктор дәрежесін алуға және резидентурада оқуға үміткерлер:
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- ұсынылған ЖОО тізіміне енгізілген шетелдік ЖОО–нан шартсыз шақыртуы болу (қаржылық шарттарды қоспағанда);
- мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы сертификаты болу (нәтижесі В1 деңгейден кем емес);
- бакалавр немесе маман дипломы бойынша орташа балы есептелмейді.
Тағылымдамадан өтуге үміткерлер:
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның атынан шартсыз шақыртуы болу (қаржылық шарттарды қоспағанда);
- жалпы еңбек өтілі кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде соңғы 12 (он екі) айы таңдаған маманданым саласында;
- кемінде В1 деңгейлі нәтижесі бар мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы сертификаты болу;
- бакалавр немесе маман дипломы бойынша орташа балы есептелмейді.
II-кезең. Қажетті құжаттарды дайындау
Құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін Жұмыс органы жыл сайын бекітеді және құжаттарды қабылдау мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Оқуға түсетін үміткерлер төменде көрсетілген құжаттар пакетін дайындауы қажет:
Магистр дәрежесін алуға үміткерлер:
- нысан бойынша толтырылған сауалнама;
- жеке куәлік және төлқұжат;
- қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы, сонымен қоса шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда – білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік не Заңның 39-бабы 8-тармағында бекітілген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы басқа құжат;
- мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;
- шетелге шығатын тұлғалар үшін 082у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы бар академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын, бағдарламасы, мамандығы, оқу кезеңі көрсетілген құжаттардың көшірмесі (қаржылық шарттарды қоспағанда);
- Шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерім туралы ресми құжат/мамандығын, курсын (оқу жылын), осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ бар болған жағдайда мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармалары бар осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімнің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтама (Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында академиялық оқуда оқитын адамдар үшін);
Магистр дәрежесін алуға ауылдық елдімекеннен шыққан үміткерлер
- нысан бойынша толтырылған сауалнама;
- жеке куәлік және төлқұжат;
- қосымшасымен бірге бакалавр немесе маман дипломы, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса – білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік не Заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжатты;
- еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ ауылдық елдімекендерде еңбек қызметін жүзеге асырудың соңғы 2 (екі) жылдағы аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірме;
- В1-ден кем емес нәтижесімен мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;
- Белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;
- шетелге шығатын тұлғалар үшін 072/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- тұрғылықты жері туралы Әкімші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және дерекқорлардан алған мәліметтер.
Доктор дәрежесін алуға және резидентурада оқуға үміткерлер:
- нысан бойынша толтырылған сауалнама;
- жеке куәлік және төлқұжат;
- қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы, сонымен қоса шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда – білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік не Заңның 39-бабы 8-тармағында бекітілген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы басқа құжат;
- мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;
- * шетелге шығатын тұлғалар үшін 072/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы бар академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын және бағдарламасы, мамандығы, оқу кезеңі көрсетілген құжаттардың көшірмесі (қаржылық шарттарды қоспағанда);
- Шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерім туралы ресми құжат/мамандығын, курсын (оқу жылын), осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ бар болған жағдайда мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармалары бар осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімнің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтама (Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында академиялық оқуда оқитын адамдар үшін);
- Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орнымен келісілген және мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы бар, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін осы жетекші шетелдік жоғары оқу орны белгілеген мерзімнен аспайтын жеке оқу жоспары;
Тағылымдамадан өтуге үміткерлер:
- жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға жұмыс берушінің өтінімі;
- жеке куәлік және төлқұжат;
- қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы, сонымен қоса шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда – білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік не Заңның 39-бабы 8-тармағында бекітілген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы басқа құжат;
- еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес еңбек қызметінің талап етілетін кезеңіне сәйкес аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірме;
- тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымның тағылымдамадан өту үшін тиісті нәтижесі бар талабы болған жағдайда, сондай-ақ визаны ресімдеу қажет болған кезде шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;
- мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;
- * шетелге шығатын тұлғалар үшін 072/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымның атынан тағылымдама өту мерзімі, құны көрсетілген (есеп-айырысулар толық жазылған), мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шартсыз шақыртуын растайтын құжат (қаржылық шарттарды қоспағанда);
- Жұмыс органы бекіткен талаптарға сәйкес құрылған және тағылымдамаға жіберуші әрі қабылдаушы ұйым бекіткен тағылымдамадан өту бағдарламасы.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түскісі келетіндер қажетті құжаттарды «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» «электрондық үкімет» порталы арқылы жібере алады.
1-қадам.
Талаптарға сәйкес келу
2-қадам.
Қажетті құжаттарды жинақтау
3-қадам.
Көрсетілген мерзімде Электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды тапсыру
4-қадам.
3 турдан тұратын конкурстық іріктеуден өту:
1-тур – Кешенді тестілеу;
2-тур – ТСК мүшелерімен дербес әңгімелесу;
3-тур – Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы
5-қадам.
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешімді қабылдағаннан кейін, стипендиат не оған сенімді тұлға стипендия тағайындалған күннен бастап күнтізбелік 90 күн ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Орталық) Заң қызметі департаментіне жүгініп, Орталықпен оқуды ұйымдастыру туралы шарт, сондай-ақ кепіл шартын жасасуы қажет. Шарттарды мерзімінде жасаспаған жағдайда, стипендиат «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері мәртебесінен айырылады.
Дереккөзі: egov.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Гулбану
КЕРЕМЕТ МЕН ЕНДІ ОСЫЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАЙМЫН
Омар Ж
Пайдалану керек