Орта жүздегі Әз Тәйтеке бидің үрім–бұтағы, аулының игі жақсыларымен оннан аса кісі өрдегі Қуандыққа жолаушылап барыпты.
Ыстық шілде күнінде шаңқай түсте бір ақ үйдің сыртына тұра қалып, сөйлес қылса, адам шықпаған соң өздері кіріп келіп отырысыпты.
Бәйбіше жөн сұраған жоқ. Бұлардың шаңырқап келгенін көріп, орнынан әрең тұрып, зорға қозғалып барып, сабаны пісіруге мұршасы келе алмағандықтан аяғымен толқып, «балалар біреуің келіп шараны аузына тоса беріңдер», — депті. Сонда бұлар мырс–мырс күліп жіберіпті, - дейді.
Бұлар қымыз ішіп кенеліп, маңдайлары терлесіп, өздеріне өздері келіп болған соң, бәйбіше баяулап, қоңырлап сөйледі дейді:
— «Жылағанды сұрама, күлгенді сұра», деп еді, балалар! Мына мен қымыз құйып жатқанда күлдіңдер-ау, сонда неменеге күлдіңдер? — дейді.
Онда олар айтады:
— Сіздің сабаны аяғыңызбен толқығаныңызға күлдік.
— Оның несіне күлдіңдер?
— Біздің жақтың қариялары асты аяғымен тепкен ырымға жаман деп ұрсып тастаушы еді. Мына кісі ырым-жырымды білмейді екен-ау деп, өзіміздің жақта көрмеген нәрсеміз болған соң, бізге ерсі көрініп, соған күлдік, — дейді.
— Балалар, бұрынғының мақалын естіген жоқ екенсіңдер, «барында батып іш, жоғында сатып іш, тәңір беріп тұрғанда, шалқаңнан құлап жатып іш». «Дүние деген шіркін кетер болса, өпкеніңмен келмейді, бері беттеп келер болса, тепкеніңмен кетпейді». «Кедейлер ырым етер, ырымы қырым кетер» деген екен, ырымшыл болсаңдар елдерің кедей екен ғой, кедей елдің кісісі кекірт келеді деген бекер емес қой» дегенде бұлар дәнеме айта алмай ұялып қалыпты.
1918
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі