Қарлығаштар жылы жақтағы Африкадан қайтып келіп, ауылда ұя сала бастайды. Ал ақтамақ қарлығаш мойны салбырап, жүні үрпиіп, үй іргесінде құнысып отыр екен.
— Сен неге бүйтіп отырсың? — деп сұрайды бір көршісі.
— Алыстан ұшып келе жатқан жолымда, бұршақ жауған күні суық тисе керек, бойым делсал, сүйегім сырқырайды, — деп, ақтамақ қарлығаш көзіне жас алады.
— Сен мұңайма, біз барда панасыз, ұясыз қалмайсың...
Әлгі көршісі шиқылдап, дыбыс беріп, айналадағы қарлығаштарды жинап алады да, ақтамақтың ауырып қалғанын айтады. Бәрі қауымдасып, бір жаққа ұшып кетеді.
Ақтамақ жатқан үйдің құмдағына біреуі жүн-жұрқа, бірі саз балшық, енді біреуі жіптіктей жіңішке шөпшек әкеледі. Нақ біреу бұйрық бергендей, бәрі тізіле шұбап, дамыл таппай, қайта-қайта қатынайды. Ә дегенше, ақтамақтың ұясы әзір болады.
— Сыз ұяға жатып қалсаң, тағы да суық тиер, — деп, бір-екеуі түлеп түскен мамықтарын әкеп төсейді.
Достарының көмегіне риза болған ақтамақ:
— «Көп түкірсе — көл» деген осы екен ғой, — деп, жылы оранып, ұясына жата кетеді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі