Өлең, жыр, ақындар

Халық өнері арқылы баланы музыка өнеріне баулу

Алматы қаласы Алатау ауданы
№179 жалпы білім беретін мектептің
музыка пәні мұғалімі: Сагымбаева Балжан Чекетайқызы

Музыка әлемі-адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыка-адамның асқан, асыл ойлары, арман-мақсаты, ізгі тілектері, қуанышы, қайғы-қәсіреті мен әртүрлі сезім тізімдері бейнеледі. Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.

Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына ұшы-жиыны жоқ, аса мол мұра.

Өнер-халық тарихының шежіресі. Өнер де өмір, тіршілік құбылыстары, адамның күйініш-сүйініші, қуанышты мен қайсысы бейнеленеді. Сөз музыка, қолөнер де адам өмірініңсан ғасырлық тарихынан алуан түрлі сыр шертеді. Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры салт-дәстүрі, өмір сүрген ортасы мен әдет-ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, тарих арнасына айналды. Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше.

Қазақ музыка өнерінің халық пен бірге жасалып, тарихи әлеуметтік өмірімен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы ән мен оқиғаларды, алуан түрлі ән – әуенімен жеткізе білген. Сондай-ақ тірліктің бүкіл тауқыметін, ауыртпалығы көтере жүріп, бесік бірлескен аналар да өздеріне алдымен әнді менің еткен. Қыз ұзарту, уйлену тойлары, халықтың ойын-сауықтар - барлығы да ән-күй аясында өтеді.

Өлімге қарсы күреске, мәңгілік өмірді көксеген Қорқыт, ұлы ғұлама ғалым Әль-фараби бейбіт, тыныш өмірді аңсап, желмаясан желдіртіп, дүниені кезген Асанқайғы бабаларымыз үміт-армандарын музыка тілімен  жеткізді. Одан бергі Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Қазанғап, Дина, Сүгір және тағы басқа дарын иелері халқының бастан кешкен тауқымет-тағдырларын музыкамен суреттеп өтті.

Сөйтіп, халқымыздың музыкалық рухани мол мұрасы сан ғасыр бойы басынан кешкен тұрмыс-тіршілігін жұптаса жалғасып келеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз