ҚР Білім және ғылым министрлігі бірыңғай кешенді тестілеу ережесін бекітті. Ережеге аталған ведомствоның басшысы Күләш Шәмшидинова қол қойды.
Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Бұл ережеде оқуға түсуші қандай құжаттар тапсыру керектігі көрсетілген. Атап айтқанда, өтініш, білімі туралы құжат, 3x4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У формасындағы медициналық анықтама, тестілеуге қатысу үшін төлем жасалғаны туралы түбіртек ұсынылады.
Жеке куәлігінің көшірмесімен бірге салыстыру үшін құжаттың өзі де көрсетіледі.
Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтінім бергендерге құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат тапсырылады.
Белгілі болғандай, тестілеуге қатысу үшін өтінім қабылдау шаралары 3-25 шілде аралығында іске асырылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі