Өлең, жыр, ақындар

Мейіргерлік зерттеуге қажетті дәлелді ақпарат көздері

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы
«Қызылорда медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ МҚК
Саим Ләйлә Нұрланқызы

Жоспар:

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі

Негізгі бөлім

1. Мейіргерлік зерттеу туралы жалпы шолу

2. Дәлелді медицинаның қолданудағы медицина саласындағы жетістіктері

3. Мейіргерлік зерттеуге қажетті шетелдік дәлелді ақпарат көздері

Қорытынды

 

Кіріспе

Аннотация: Мақалада мейіргерлік зерттеудің негізгі ережелері баяндалған дәлелді ақпараттың медицинадағы маңыздылығы қарастырылған. Мейіргерлік дәлелденген зерттеуге негізделген электрондық ақпарат көздерінің тізбесі мен сипаттамалары келтірілген.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:

"Білімнің екі түрі бар – біз осы тақырыпты өзіміз білеміз немесе біз ол туралы ақпаратты қайдан табуға болатынын білеміз»

С. Джонсон

Дәлелді мейіргерлік зерттеу басқа мамандардың ең үздік клиникалық дәлелді зерттеулеріне сүйене отырып, тәжірибе негізінде дәлелді шешім қабылдауды қарастырады. Яғни мейіргер зерттеу жүргізу үшін дәлелді зерттеуге негізделген ақпарат көздеріне сүйенуі керек.

Әрине, дәлелдемелерді іздеу ісіндегі тиімді көмекші электронды деректер базасы (ДБ) болып табылады. Алайда, қазіргі таңда биомедициналық журналдарда жарияланымдардың саны бүгінгі күні 15 млн болып отыр.

Fokin V.A 2002 ж. анықтамасы бойынша медициналық шаралардың барлығы тек 15 % жағдайында ғана ғылыми дәлелдерге сүйене отырып жасалған. 1/3 жағдайда біздің емдеу процедураларымыздың нәтижелігі дәлелденбеген, осыған қарамастан біз оларды қолданамыз.1/3 жағдайда нәтижелілігі дәлелденген, бірақ біз оларды клиникалық тәжірибеде қолданбайды делінген.

Әлемде медициналық мақалалардың 80% ағылшын тілінде жарияланады.

1996 ж. Ұлыбританияның жалпы тәжірибелік мейіргерлері арасында жүргізілген сұрастыру бойынша, олардың 80% клиникалық шешімді дәлелді медицина тәсілдеріне сүйене отырып қабылдайтыны анықталды.

Украина Харьков каласында жасалған әдістемелік нұсқамада жыл сайын әлемде медициналық-биологиялық бейіндегі 2 млн-ға жуық мақалалар жарияланып отыратындығы айтылады (жылына 2 есе көп). Бұл реттке жарияланған ақпараттардығ көп болып артуы, оларды дәлелді ақпарат көздері екендігіне күмән тудырады. Яғни, бүгінде әлемдегі баспасөзден шығатын материалдардың тек 5%-ы ғана дәлелді ақпарат болып табылады.

Сондықтан мейіргер зерттуге қажетті дәлелді ақпарат көздерін тиімді пайдалана білуі тиіс. Ол мейіргерлік тәжірибенің сапасының артуына әсер етеді.

Мейірбике ісіндегі ғылыми зерттеулер кез келген басқа ғылыми пән сияқты кәсіби қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нақты ғылыми дәлелді ақпараттарды алу әдісі болып табылады

Сондықтан осы тақырып өзекті болып табылады.

Зерттеу мақсаты: Мейіргерлік зерттеуге қажетті дәлелді ақпарат көздерін жинақтау. Зерттеу жүргізу нәтижесінде жинақталған дәлелді ақпарат көздерін бағалау.

Зерттеу міндеттері:

  • Еуропаның ғылыми-медициналық сайттарынан (Pubmed, Cyberleninka, Stat.fi) мақалалар оқу, соның әдістеріне сүйене отырып, зерттеу жұмысын жүргізу, статистикалық ақпараттарды жинақтау, талдау.
  • Мейіргерлік шетелдік дәлелді ақпарат көздеріне сипаттама жүргізу.
  • Қазақстандағы мейіргерлік зерттеуге қажетті дәлелді ақпарат көздерін табу

1.1 Дәлелді медицинадаға жалпы шолу

Мейірбикелік зерттеулер-бұл пациенттерге көмекті жақсарту және/немесе проблемалық жағдайларды шешу үшін жаңа ақпарат алуға тырысатын мейірбикелер жүргізетін клиникалық процесі. Кейбір авторлардың пікірінше (Р. Buard, Р. Morrison, 1990) зерттеулер мейірбикелердің қандай жұмыс атқаратынын түсіну, бағалау және талдау жолындарын білдіреді делінген.

Соңғы екі онжылдықта медицинада білімнің жаңа саласы – дәлелді медицина (ДМ – evidence – based medicine) қалыптасты. Сөзбе-сөз аударғанда - " фактілерге негізделген медицина "немесе" медициналық практикаға ғылыми негізделген "немесе"ғылыми – дәлелді медицина" терминінің мәнін нақты көрсетеді.

Дәлелді медицина (ДМ) - нақты науқасқа емдеу әдісін таңдау кезінде дәлелденген ең жақсы клиникалық зерттеулердің қорытындыларын пайдалану. «Доказательная медицина - новые подходы и проблемы» мақалада,авторы И.Масичанықтамасы бойынша – бұл диагностикаға, таралуға, шынайы ағымға, емге және ауруларды алдын алуға арналған зерттеу. Ол ен дәлелге негізделген тәжірибе" Evidence-Based Medicine". Ол бұрынғы емдеу, диагностикалау әдістерінен нақты айырмашылығымен  ерекшелінетінмедицина қызметкерлерден критикалық бағалауды талап ететін клиникалық медицинаның жаңа бағыты.

ДМ - ның даму тарихына тоқталатын болсақ медициналық зерттеулерде ғылыми принциптер маңыздылығының жоғарылауы 20-ғасырдың  80-90-шы жылдары дәлелге негізделген немесе  дәлелді медицина  деп аталатын  бағыттың пайда болуына әкелді. 1990 жылы Мак Мастер университетінің ( Торонто, Канада) Дэвид Сакетт және басқалар., ғалымдар (evidence-based-medicine) «Дәлелге негізделген медицина» -деген ұғым енгізді."Дәлелді медицина" термині алғаш рет 1992 жылы «Guyatt et al» мақаласында медициналық әдебиетте пайда болды.ДМ идеясы Канадада 1988 жылы Макмастер университетінде пайда болды,бірақ 1990-шы жылдары бүкіл әлемде танымал болды. Дегенмен, 19 ғасырда өмір сүрген және медицина ғылымындағы барлық жаңа жаңалықтарды мониторингілеудің мүмкін еместігін көрсеткен ағылшын эпидемиологы Арчи Кокрейн ДМ негізін қалаушы болып саналады. Соңғы он жыл ішінде әлемде ДМ қолдануға деген қызығушылық қарқынды өсуде.

2. Дәлелді медицинаның қолданудағы медицина саласындағы жетістіктері

ҚР дәрігерлері дәлелді медицинаны пайдалана және қолдана отырып созылмалы дерті бар науқастар диспансеризациясының жаңа ережесі бойынша негізін дайындады.Осы диспансеризацияны қалағаннан кейін созылмалы дерттер азая бастады.

15.06.2009. жылы Алматыда Орталық Азия аймағында алғашқы рет дәлелді медицина орталығы ашылды. Бұл орталық тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Азия елдеріндегі алғашқы орталық. Яғни осы дәлелді медицина орталығы дәрігерлердің өзінің жұмыс орнында отырып интернет арқылы осы инситутта білімін жетілдіруге мүмкіндік береді. Ол АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің көмегімен ашылды.Бұл орталықта дәрігерлер артериялық гипертензияны дәлелдейді. Болашақта орталықта өзге ауру түрлері бойынша да мамандар Алматыға келіп әуре болмай өздерінің аудан орталықтарында және ауылдарында білімін жетілдіруге мүмкіндік алады.

Қазіргі таңда медицина ғылымында дәлелді медицина көптеген мәселелердің шешілуіне жол тауып отыр. Соған байланысты дәрігерлер дәлелді медицинаның болашағы зор екенін айтуда. Көптеген мәліметтер осы сала арқылы үлкен жетістіктерге жетуде. Дм қағидаларын денсаулық сақтау жүйесіне енгізудің негізгі мақсаты: медициналық көмек сапасы қатерлігін төмендету,тиімділігін жоғарлату, құнын пайдалы ету және басқада маңызды қырларын бірыңғайлау. 

Түптеп келгенде, Қазақстан Республикасының 2005-2010 жж. «Денсаулық сақтау жүйесінің дамуы мен қайта өңделуі» туралы Мемлекеттік бағдарламада «халықаралық стандарттарға,жаңа технологияларға,қазіргі уақыт талабына сай емдеу тәсілдері мен медициналық қызмет түрлеріне жүйелі көшудің маңыздылығы көрсетілген, медициналық шараларды дәлелді медицина қағидаларына негізделген диагностикалық пен емдеу хаттамаларын енгізу арқылы бір тұтас ету жоспарланған».

3. Дәлелді зерттеулерге негізделген шетелдік ақпарат көздері

Қазіргі жағдайда клиникалық мейіргерлердің зерттеуге оңтайлы тәсілдерді іздеу үшін дәлелді медицина принциптеріне негізделу керек.

Дәлелді ақпаратты пайдаланбас бұрын оларды табу қажет. Және оны қалай табуға болады?деген сұрақ пайда болады.Қазіргі уақытта кез келген ғылыми ақпаратты интернеттен табуға болады. Дәлелдемелердің барлық көздері сыни бағалаудан өтті және олардың көпшілігі электрондық түрде қолжетімді. Тұрақтыжаңартылған компьютерлік деректер базасы қажетті ақпаратты жедел іздестіруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Кестеде мейіргерлік тәжірибе бойынша дәлелді ақпаратты қамтитын бүгінгі күні ең маңызды деректер базасы ұсынылған.

Мейіргерлік іс бойынша дәлелді ақпараттың негізгі электрондық көздері

Деректер базасы

Сипаттама

Интернеттегі адресс

CINAHL

1983 жылдан бастап 3 мыңнан астам журнал индекстелінген

www.cinahl.com

MEDLINE

pubmed

1966 жылдан бастап 12 млн мақала жарияланған

http://www.pubmed.com

Evidence-Based Nursing

Тәжірибелі мейіргерлердің мақалалары жараяланады

http://ebn.bmjjournas.com

Кокран кітапханасы

(The Cochrane Library

Жүйелі шолулар; емдік араласулар тиімділігі; бақыланатын клиникалық зерттеулер регистрі (ША);Бірнеше мәліметтер қоры бар:

http://www.theCochraneLibrary.com

Clinical Evidence

Клиникалық ұсыныстарды әзірлеуге арналған материалдар жинақталған

http://www.clinicalevidence.com

 

CINAHL (Cumulative  Index  of  Nursing  and  Allied  Health  Literature)

CINAHL(Cumulative  Index  of  Nursing  and  Allied  Health  Literature( қазақша - «Мейіргер ісі мен медицинаның аралас саласы бойынша ақпараттар»)) - мейіргерлерге арналғанпациенттерге күтім көрсету бойынша әдебиеттердің жиынтығы.1983 жылдан қазіргі уақытқа дейін мейіргерлік күтім бойынша

3 мыңнан астам журналдар шығарылған. Бұл - мейіргер ісі бойынша толық библиографиялық база. Рефераттардан басқа, мәліметтер базасына толық мәтінді мақалалар енгізілген..


MEDLINE: http://www.pubmed.com

Medline – (Medical Literature Online, Медлайн)- бұл бүкіл әлемнің 30 тіліндегі 4600-ден астам медициналық мерзімді басылымдардың библиографиялық сипаттамасынан (citation) тұратын медициналық ақпарат дерекқоры. Ол барлық әлемдік басылымдардың 75% - ын қамтиды. Бұл жүйе ең алдымен мақалалар туралы библиографиялық және реферативтік мәліметтерді іздеу үшін тағайындалған. Мұнда 1946 жылдан бері шығарылған 25 миллионға жуық басылымдар туралы ақпарат сақталған. Кейбір мақалалардың толық мәтіндерін PubMed Central (PMC) сайтынан табуға болады.Интернеттегі сайты http://www.pubmed.com.

Pubmed сайтынан  жарияланған қызықты мейіргерлік зерттеуге мысал ретінде,авторы Беата Поплонска,«Түнгі ауысымда жұмыс жасайтынмейіргерлер мен акушерлер арасында абдоминалды семіздікді анықтау» атты мақаланы қарастырайық.

20018 жылдар аралығында Польшада 40-60 жастағы 724 медбике мен акушер арасында зерттеу жүргізілді (354 ауысым түнгі уақытта және 370 күндізгі қызметкер). Мейіргерлерден мамандықтарына зиянды әдеттеріне,физикалық белсенділігіне қатысты сауалнама алынды. Дене салмағының, бойдың, белдің және жамбас шеңберінің антропометриялық өлшеулері жүргізілді және дене салмағының индексі, белдің  жамбас шеңберіне қатынасы және белдің бойға қатынасы есептелді. Зерттеудің қорытындысында абдоминальды семіздік көбіне түнгі ауысымға айына жиі шығатын мейіргерлерде анықталынды.

Evidence-BasedNursing

http://ebn.bmjjournals.com

Мейірбике ісі және BMJ Publishing Корольдік колледжі шығаратын тоқсан сайынғы журнал. Мейіргерлерге көмек көрсету үшін ол жоғары сапалы және клиникалық маңызды зерттеулерді тауып, бағалайды, медицинаның осы саласы шеңберінде жаңа зерттеу орнын анықтауға қабілетті тәжірибелі мейіргерлердің түсініктемесі бар осындай мақалалардың қысқаша ақпараттық сыни түйіндемелерін жариялайды.

Nursing негізінде медбикелерге зерттеу нәтижелерін нақты түсінуге; басқару нұсқаларының артықшылықтарын өлшеуге және нәтижелерді жақсарту үшін өзінің жеке пациенттеріне дәлелдер қолдануға мүмкіндік береді.

The Cochrane Library

Оның негізгі мақсаты - медициналық зерттеулердің соңғы нақты ақпараттарын жинақтау.

Ағылшын эпидемиологі А. Кокранның ДМ-ге сіңірген еңбегін ескеріп, Бірлестік сол ғалымның атымен аталады.

Бірлестікте 3000 астам  жұмыс істейді, әлемде 15 орталығы бар. Қазіргі кездің талабына сай бақыланатын рандомизирленген клиникалық зерттеулердің рефераттары сақталады. Бұл дәрігерлерге өте үлкен көмек болады. Сайтта мейіргерлер жұмысының 30% - ы зерттеулерге негізделген.

Кокран Бірлестігінің негізі- Кокран кітапханасы. Ол – сапалы зерттеулер нәтижесі туралы мәліметтердің электронды базасы.

Австралияда көптеген фармацевтикалық компаниялар өздерінің препараттарын ұлттық формулярға өткізу үшін басшыларды сендіру мақсатында Кокран шолуының қорытындыларын пайдаланады 

Ұлыбританияда денсаулық сақтаудың Ұлттық басқармасы қабылданған шешімді негіздеу үшін барлық шенеуніктерден Кокран кітапханасынан алынған мәліметтерді қолдануын талап етеді

Кытайда дәрігерлерді, денсаулық сақтау басшыларын және журнал редакторларын публикацияны критикалық бағалау дағдыларына, дәлелді медицинаның дәлелдемелерін іздеуге, оны тәжірибеге енгізуге үйрететін арнайы бағдарламалар құрылған

Бразилядағы Кокран орталығы дәлелді медицинаның саясатын халық арасында белсенді түрде таратады; оларға ұлттық телевидение үшін 550 телебағдарламалар жасалған

Cyberleninka

https://cyberleninka.ru/

Cyberleninka - ашық ғылым тұжырымдамасында құрылған ресейлік ғылыми Электронды кітапхана. Жоба ашық қол жеткізу моделі бойынша білімді таратуға бағытталған, ғылыми жарияланымдарға тегін толық мәтінді жедел қолжетімділікті қамтамасыз етеді.Әлемнің ашық мұрағаттарының бестігіне кіреді (Webometrics мәліметтері бойынша), Рунеттің ірі заңды ғылыми-білім беру ресурсы LiveInternet және rambler ' s Top100 мәліметтері бойынша.

"Киберленинканың" негізін қалаушы Дмитрий Семячкин, Михаил Сергеев және Евгений Кисляк болды. Электронды кітапхана ресейлік ғалымдардың ғылыми жарияланымдарының кең ауқымына қолжетімділіктің шектеулі проблемасын шешуге әрекет ретінде құрылды.Жоба 2012 жылдың қыркүйек айында 40 ғылыми журналдан 20 000 ғылыми мақала  жарияланып іске қосылды

Дәлелді мейіргерлік тәжірибе саласындағы ақпараттық іздестіру жүйелік тәсілді пайдалануды талап етеді. Мейіргерлік дәлелді тәжірибе мәселелері бойынша қажетті ақпаратты  іздеу үшін тиісті дерексөз қорын таңдаудың және іздестірудің оңтайлы әдіснамасын қолданудың маңызы зор (іздеудің белгілі бір құралдарын пайдалану)

Әлемдік кітапханалардың электронды мекен-жайлары

http://www.zbmed.de -орталықмедициналықкітапхана, Кельн қ., Германия. Мұндаөзектімақалалар мен рефераттарды, жарияланымдарғасілтемелердітабуға, ол 318 толықмәтіндімедициналықжурналдарғатегінкіруге болады.

http://link.springer.de / - Medicin Online Library Шпрингер баспасының медициналық электрондық кітапханасы медицина бөліміне кіретін электрондық журналдардың, сондай-ақ баспа журналдарының электрондық нұсқаларының барлық журналдарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Тек мақалаларды реферат түрінде тегін алуға болады. Ақпарат ағылшын және неміс тілдерінде ұсынылған.

http://www.chu-rouen.fr/documed/bib.html -Францияның медициналық кітапханалары. Мұнда мақалалардың рефераттарымен танысуға, АҚШ Ұлттық медициналық кітапханасынан және басқа да дереккөздерден толық мәтінді құжаттарға қол жеткізуге, пациенттерді емдеудің принциптері мен әдістері бойынша әдістемелік ұсынымдарды табуға болады. Француз тілінде және ағылшын тілінде барлық ақпарат берілген.

http://www.gbv.de/du - медициналық әдебиеттің жиынтық каталогында 44,7 млн. астам сілтемесі бар 22 млн. атау бар. Мұнда өзекті мақалалар мен рефераттарды, жарияланымдарға сілтемелерді табуға болады,ол толық мәтінді медициналық журналдарға, диссертацияларға, кітаптарға, мақалаларға тегін кіруге мүмкіндік береді. Ағылшын және неміс тілдеріндегі ақпарат.

http://www.med1.de/Home / Герман медициналық іздеу сервері - Мұнда ортопедия бойынша мамандар, клиникалар, қоғамдар туралы ақпаратты табуға, ортопедия саласындағы жаңалықтармен танысуға, ортопедиялық журналдардан толық мәтінді мақалаларға қол жеткізуге болады. Неміс тіліндегі ақпарат.

www.medscape.com - іздеу сервері. Бұл жүйенің басқалардың алдында артықшылығы-мақаланың толық мәтінін қосымша іздеу мүмкіндігі (шамамен 50 журнал) және автордың шығу мәліметтері (e-mail) лаынады. Мақаланың толық мәтіні осы сайтта.

Қазақстандағы дәлелді ақпарат көздері

 

Қазақстанда мейігер ісін жетілдіру мақсатында ақпараттар бойынша 2019 жылы мамыр айында арнайы база құрылады деп күтілуде.


Бұл база - Қазақстандағы Мейірбике ісін жетілдіру орталығы (МІЖО) деп аталмақ. Интернетте сайты (https://nursekz.com/ru/) берілген. Бірақ сайт қазіргі уақытта бұл сайт әзірлену сатысында.

Қазақстандағы Мейіргер ісін жетілдіру орталығы (МІЖО) мейіргерлергепациенттердің денсаулығын жақсарту үшін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік бере отырып, мейіргер ісінің тәжірибесін жақсартуға өз үлесін қосады деп күтілуде. МІЖО теорияны практикаға әкеледі және мейіргерлік істегі зерттеулердің дамуына ықпал етеді. МІЖО мейіргер ісіндегі тәжірибе, білім және ғылыми зерттеулер арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл үшін платформа болып табылады.

МІЖО ақпараттарды белсенді жинайды және бөледі:

  • дәлелдемелерге негізделген мейіргерлің іс бойынша клиникалық басшылық;
  • мейіргерлерге арналған оқу материалдары;
  • мейіргерлік істегі зерттеу деректері.

Қорытынды

Қорытындылай келе мейіргерлік істе зерттеу жүргізудің түпкі мақсаты-мейіргерлік тәжірибенің сапасын арттыру. Ал мейіргерлік тәжірибенің сапасын арттыру үшін мейіргерлер зерттеуге қажетті дәлелді ақпараттарды қолдана білуді, ақпаратты қалай дұрыс пайдалану, қандай жарияланымдар мен ұсыныстарға сенім білдіру керектігін білуі тиіс. Пациенттерге көмек көрсету барысында жасалатын іс-әрекеттердің барлығы дәлелденген медицинаға негізделген болуы маңызды. Осы зерттеу барысынды шетелдек дәлелді ақпарат көздері қарастырылды. Және де Қазақстандағы Мейірбике ісін жетілдіру орталығы (МІЖО) медбикелерге адамдардың денсаулығын жақсарту үшін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік бере отырып, мейірбике ісінің тәжірибесін жақсартуға өз үлесін қосады деп күтілуде.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. https://cyberleninka.ru/article/v/dokazatelnaya-meditsina-v-professionalnoy-podgotovke-vrachey-informatsionnye-i-ekonomicheskie-aspekty
2. ОСНОВЫ ПОИСКА, ОЦЕНКИ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ ДОКАЗАТЕЛЬНОЙИНФОРМАЦИИМетодические указания для студентовмедицинских факультетов, врачей-интернови слушателей курсов повышения квалификации врачейразных специальностейhttps://www.gnicpm.ru/UserFiles/
3. http://elibrary.kaznu.kz/sites/default/files/osnovy_poiska_dokazat_informacii_2015.pdf
4. Доказательная медицина в профессиональной подготовке врачей: информационные и экономические аспекты      Фокин В.А., Карась С.И., Калитвянская Т.А.
5. Доказательная медицина - новые подходы и проблемыИзет Масик , Милан Миокович и Белма Мухамедагичhttps://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC3789163/#ref9
6. ДОКАЗАТЕЛЬНАЯ МЕДИЦИНА (ДМ) КОНЦЕПЦИЯ И ПРАКТИКА О.Ю. РЕБРОВАfile:///C:/Users/Lenovo/Downloads/dokazatelnaya-meditsina-dm-kontseptsiya-i-praktika.pdf
7. ДОКАЗАТЕЛЬНАЯ СЕСТРИНСКАЯ ПРАКТИКАФормулированиевопросадля поиска доказательной информации.Типы исследований. Электронные базы данныхН.В.Торчинский,канд. мед. наук,А.Ю.Бражников, канд. мед. наукММА им. И.М. Сеченоваhttps://docplayer.ru/56380324-Dokazatelnaya-sestrinskaya-praktika.html
8. ОСНОВЫ ДОКАЗАТЕЛЬНОЙМЕДИЦИНЫС.К. Кукушкин, Ю.В. Родионоваhttps://www.gnicpm.ru/UserFiles
9. Rotating night shift work and nutrition of nurses and midwives.
Peplonska B1, Kaluzny P1, Trafalska E2.(Cumulative Index of Nursing and Allied Health Literature)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер