Үкімет отырыстарында «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы бойынша мұғалімнің кәсіби жұмысына негізсіз араласу жағдайынан қорғану құқығы берілетіні бірнеше рет айтылған болатын.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасында педагогты кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмысқа тартуға тыйым салатын арнайы бап қарастырылған.
«Педагог өзінің кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартылатын болса, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне сәйкес айыппұл салынады. Бірінші рет мұғалімнің құқығы бұзылған жағдайда - ескерту, екінші рет қайталанса - айыппұл салынады. Айыппұлдың көлемі әлі қарастырылуда», - делінген мнистрліктің ресми жауабында.
Ведомство мамандарының айтуынша, аталмыш заң жобасы қазіргі уақытта мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың келісуінде жатыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Шолпан
Əлі қарастырылатын бос сөзді жүктеп қажеті жоқ
AYAGOZ
Кеше сайлауда жүгіріп жүргендеріне қарағанда өздеріне де сол ұнайтын сияқты
Ареден Жанаргүл
Мұғалімдерге боқ ауызайтып боқтаған
басшыға айып бұл салып он төрт күнге қамаса