Пробиотиктердің маңызы неде және оларды қандай өнімдерден аламыз?
Адам ағзасында миллиардтаған бактериялар бар, олардың бірі зиянды болса, енді бірі пайдалы бактериялар. Дәл осы пайдалы бактерияларды латын тілінен аудрғанда пробиотиктер (pro bio) «өмір үшін» деген мағынаны білдіреді екен.
Біздің ағзамыз үшін пробиотиктердің жұмысы өте маңызды: олар ас қорытуды жақсартады, дисбактериозды болдырмайды, патогенді микрофлораның көбеюіне және қауіпті аурулардың дамуына кедергі жасайды, салмақ тастауға көмектеседі, иммунитетті нығайтады, энергия деңгейін арттырады, токсиндер мен канцерогенді шығарады, қартаюды баяулатады және антибиотиктердің теріс әсерін бейтараптандырады.
Бүгінгі таңда құрамында пробиотиктері бар түрлі препараттарды сатып алуға болады. Бірақ дәріханаға баруға асықпаңыз: пайдалы бактерияларды қарапайым өнімдерден де оңай алуға болады, ол өнімдердің көпшілігі дәл қазір сіздің тоңазытқышыңызда болуы мүмкін. Толығырақ бүгінгі шолудан оқи отырыңыз.
Күнделікті жеп жүрген ашытылған қырыққабат тек дәмді ғана емес, сонымен қатар лейконосток, педиокус және лактобактериялар сияқты пайдалы микроорганизмдердің нағыз қайнар көзі. Сондай-ақ қырыққабаттағы пробиотиктер ішектің төменгі бөлігінде сіңеді, ал жасандылары асқазан сөлінен жойылып кетеді. Сонымен қатар қырыққабаттың құрамында талшықтар, С, В және К дәрумендері, натрий, темір және басқа маңызды микроэлементтер бар. Ең бастысы — өнімнің пастерленбеген болуы керек, себебі пастерленген өнім бактерияларды, соның ішінде пайдалы бактерияларды да жойып жібереді.
Ал егер сіз экзотикалық тағамды жөн тұтсаңыз, онда біздің тәтті қырыққабатымыздың туысы — корейлік кимчи салаты бар. Пекин қырыққабатынан жасалған бұл тағам өте дәмді әрі, құрамында қышқыл сүт бактериялары — пробиотиктер, сондай-ақ дәрумендер мен минералдардың тұтас жиынтығы бар.
Тұздалған қиярлар мен қызанақтар, сондай-ақ суланған алмалар — пробиотиктердің керемет қайнары. Тұз және су ерітіндісінде олар сүт қышқылды бактерияларын бөледі. Ескерте кететін жайт — тұздықта сірке суының болмау керек, өйткені ол микроорганизмдерді, оның ішінде пайдалы микроорганизмдерді жояды. Тұздалған өнімдерге консервіленген зәйтүн түрлерін де жатқызуға болады: олар да пробиотиктерге бай және микрофлораны қалпына келтіруге, денеден шлактар мен уыттарды шығаруға тамаша көмектеседі.
Жапон асханасы әлемдегі ең денсаулыққа пайдалы асханалардың бірі болып саналады. Жапон мәзірі бізге қажетті пробиотиктерден тұратын соя өнімдеріне бай. Сол сенбепті рационға тофуды, соя соусы мен мисо сорпасын қосқаныңыз жөн болар (мисо сорпасын күнделікті қолдағандықтан жапондықтардың денсаулықтары мықты әрі ұзақ өмір сүреді).
Бір стақан айран, йогурт, қатық немесе кілегей қосып ұйытылған айран, кішкене сүзбе немесе бір тілім ірімшік — бұл тек дәмді және құнарлы тағам ғана емес, сонымен қатар ағзаны пробиотиктермен қамтамасыз етудің жақсы тәсілі. Сонымен, айранның құрмында оннан астам пайдалы бактериялардың түрі, сондай-ақ антибактериалды және зеңге қарсы қасиеттері бар заттар бар. Одан өткен пайдалы өнімнің бірі — йогурт. Йогурттың сапасына 100% сенімді болу үшін оны үйде жасау керек. Ең бастысы — құрамында тірі бактериялар бар табиғи консерванттар, тәттілендіргіштер және дәм күшейткіштері жоқ өнімді таңдаған дұрыс.
Тағы бір керемет өнім — ацидофильді сүт. Оны өндіретін ашытқыны ацидофильді таяқшадан, сүт қышқылды стрептокококтан және айран саңырауынан (кефирный гриб) алады. Мұндай сүт ағзадағы шіріген процестерді тоқтатады және пайдалы бактериялардың дамуына ықпал етуіне мүмкіндік береді.
Шай саңырауқұлағы, немесе комбуча, кеңес заманынан бері бізге таныс, осы өнімнің банкасы әрбір тоңазытқышта дерлік тұратын. Ферменттелген бұл сусынның өте жағымды қышқыл-тәтті дәмі бар, әрі шөлді керемет басады, бірақ ең бастысы — сіздің денеңізді пайдалы бактериялармен қамтамасыз етеді.
kitchenmag.ru, bilim-all.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі